Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сыртқы есту жолының фурункул12.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Аурудың дамуы (патогенезі):

  • мұрын және оның қосалқы қойнауларының, мұрын-жұтқыншақ қуысының қабыну процестері (мысалы ринит, синусит, аденоидит) есту түтігіне таралып, қабыну тудырады.

  • есту түтігі кабынғанда, түтіктің саңылауы бітеледі де, дабыл қуысына ауа өтпейді, яғни дабыл қуысында ауа алмасу қызметі бұзылады.

  • қалған ауа біртіндеп капиллярға сорылу (оттегі) әсерінен азаяды, дабыл қуысының ауа қысымы біртіндеп сиреп, төмендейді.

  • дабыл жарғағы ішке тартылады.

  • дабыл куысындағы және сырқы есту жолындағы дабыл жарғағына түсетін ауа қысымдарының айырмашылықтары пайда болады.

  • дабыл қуысындағы кысым азаяды, дабыл қуысындағы ауа кысымының бәсеңдеуі әсерінен сілемейлі қабықтың қан тамырларының қанға толуы, қанның іркілуі (стаз) пайда болады.

  • тамырлардың ішіндегі қанның сұйық бөліктерінің дабыл қуысына шығып, транссудат пайда болады.

  • жіті талаураған ортаңғы құлақтың қабынуы пайда болады. Дабыл куысының сілемейлі қабығының қабынуының салдарынан транссудат экссудатқа айналады.

Клиникасы:

Біріншіден:

  • науқас кұлағының ішінде бөгде зат тұрғандай,

  • құлақтың бітелуі,

  • есту қаблетінің төмендеуі.

Екіншіден:

  • құлағының ішінде ызың пайда болуы,

  • басын қимылдатқанда құлақтың ішінде сұйық заттектің қозғалысын сезінуі.

  • қатты сіңбіргенде және түшкіргенде есту қаблетінің кенеттен жақсаруы (Евстихий түтігі арқылы ауаның ортаңғы құлаққа баруының салдарынан).

  • суық және ылғалды ауада болған уақытта есту қаблетінің төмендеуі.

  • аутофония, науқас өз даусының ауырған құлаққа дүңгірлеп, қатты естілетінін айтады (ауырған құлағы бірге сөйлейді немесе жаңғырады).

Отоскопия кезінде:

  • дабыл жарғағының ішке қарай тартылуы;

  • балғашаның қысқа өсіндісі сыртқы есту жолына қарай шығып түруы (109-сурет);

  • балғашаның үлкен сабы горизонтальды қалыпта орналасып, отоскопиялық қысқаруы;

  • дабыл жарғағының алдыңғы және артқы балғаша қатпарларының айқын көрінуі;

  • конус тәрізді сәуле кейде көрінбей, өте қатты қысқарып кетуі;

Егер дабыл куысында транссудат көп мөлшерде жиналса, ол дабыл жарғағының сыртқа қарай томпаюына әкеледі. Дабыл қуысының төменгі бөлігінде жасыл-сарғыш түсті сұйықтық дабыл жарғағы арқылы айқын көрініп тұрады, кейде басын әртүрлі бағытта қозғап – ауыстырғанда сұйықтық козғалып, естуінің жақсарғаны байқалады. Дабыл жарғагының түсі көбінесе көрініп тұрған транссудаттың түр- сипатына байланысты.

Отоскопияда транссудаттың жиналуына байланысты дабыл жарғағының түсі:

  • сарғыштау,

  • ақшыл сұр,

  • коңыр,

  • көкшіл.

Көп жағдайда мысалы, транссудат букіл дабыл куысын толтырмаған жағдайда сұйықтықтың денгейін аңғаруға болады және бұл сұйықтықтың деңгейі науқас басын козғалтқанда ауысатындығын аңғаруға болады.

109-сурет. Отоскопия

Диагностикасы:

  • Аудиометриялық тексеру: есту қаблетінің нашарлауы көбінесе дыбыс өткізгіш аппаратының зақымдалғандығын көрсетеді, әсіресе ауа арқылы өткізудің төменгі жиілігінде.

  • Аурудың толық белгілерін анықтау:

  • анамнезді мұқият жинау

  • жоғарғы тыныс жолдарын карау(риноскопия)

  • отоскопиялык қарау

  • есту қабілетін зерттеу әдістері. Барлық жағдайда да, мысалы құлақтың есту қабілеті кенет төмендегенде, бұл кезде құлағы қақсап ауырмаса, онда жіті талаураған ортанғы отит деп ойлауға болады (кұлақ құлыгының жоқтығына көз жеткізгеннен соң).

Емі:

  1. негізгі мақсат есту түтігінің өткізгіштік қабілетін қалпына келтіру

  2. дабыл қуысындағы транссудатты алу. Ол үшін: мұрын қуысына тамыртарылтқыш тамшыларды тамызамыз: галозалиннің 0,05-1% ерітіндісін, нафтизин ертінділерін т.б бұл кезде есту түтігінің қуысы кеңейеді. Полптцер әдісі бойынша мұрын арқылы құлақты үрлейміз, бұл кезде есту түтігі ашылады да дабыл куысының ішіндегі сұйық заттек мұрын қуысына келуі мүмкін.

3.физиоем (УВЧ, соллюкс). Дабыл қуысында жабыспалар мсн тыртықтардың пайда болуын болдырмау үшін дабыл жарғағына ауамен массаж жасау керек (вибро және пневмо-массаж).

4. жасалған емдеу әдістері көмектеспесе, мұрын және мұрын-жұтқыншақ қуысындағы әртүрлі патологиялық өзгерістерді операция жасау арқылы қалпына келтіреміз (мұрын далдасының қисаюы, мұрын полиптері, мұрын-жұтқыншақ бадамша безінің ұлғаюы т.б). Кей жағдайда дабыл қуысындағы сұйықтық кетпейтін болса, дабыл жарғағын қолдан тесіп, дабыл қуысын ашуға тура келеді (парацентез).

- арнайы парацентез инесі арқылы дабыл жарғағының артқы төменгі ширегіне жасайды.

- парацентез дабыл қуысындағы транссуддатты қайтарып қана қоймайды, сонымен бірге дабыл қуысында жабыспалар мен тыртықтырдың пайда болуынан сақтандырады,

- жарғақтың өзінше жарылуынан, тесілуінен сақтайды, өйткені парацентез жасаған жердің тегіс шеттері өте тез бітіп кетеді. Мұндай операциядан кейін науқастың есту қабілеті жақсарады.

5. аллергияға карсы дәрілерді, мұрын қуысының сілемейлі қабықтары да аллергиялық өзгерістерге ұшыраған жағдайда қолданамыз (супрастин, тавигиль, кальций хлориді т.б.).

Ортаңғы құлақтың ірінді жіті қабынуы.

Анықтамасы:

Дабыл қуысының шырышты қабығының іріңді жіті қабынуы, қабыну процессіне ортаңғы құлақтың барлық бөлімдері қатысады(синонимы – жіті ортаңғы іріңді отит) – жиі кездесетін, кең таралған және катты көңіл аударатын отиатриялық аурулар қатарына жатады.

Ортаңғы құлақтың барлық аурулары:

  • қабынудан кейінгі дабыл жарғағындағы тыртық,

  • дабыл қуысының жабысып қалуы,

  • әртүрлі дистрофиялық кұбылыстар (есту сүйекшелері құрылымының өзгеруі),

  • аурудың созылмалы түрге ауысуы

Америка авторларының мәліметтеріне қарағанда, Америка халқының 60 % жағдайдағы кұлақ мүкістігі, бала кезіндегі ауырған жіті іріңді отитпен байланыстырылады.

Жіті ортаңғы іріңді отит – жалпы аурулар қатарына жатады, инфекциялық қабыну процесі ортаңғы құлақтың барлық ауа тасығыш қуыстарының сілемейлі қабығын қамтиды.

Талаураған ортаңғы отитпен салыстырғанда, жіті ортаңғы іріңді отитке мынандай ерекше белгілер тән:

1.Басталуы кенет, дамуы қарқынды, құлағы қатты қақсап ауы- рады, есту қабілеті шұғыл төмендейді, дабыл жарғағында өзгерістер пайда болады.

2.Ірінді экссудат-бұл ортаңғы құлақтың сілемейлі қабығындағы қабыну процестерінің ақырғы өнімдерінің пайда болуы.

3.Ағзада жалпы өзгеріс реакциялары байқалады.

Этиологиясы:

Жиі монофлора- әртүрлі патогенді микроорганизмдермен шақырылады (стрептококк, стафилококк, пневмококк, күл таяқшасы, протей т.б).

Ең жиі қоздырғышы – гемолитикалық стрептококк және пневмококк.

Патогенезі:

Ортаңғы құлаққа инфекцияның ену жолдары:

  1. Ең жиі жол – ринотубарлық жол (есту түтігі арқылы).

  2. Тым сирек жол – гемотогенді (қан арқылы әртүрлі жұқпалы ауруларда –қызылша, қызамық, күл, сүзек, туберкулез)

  3. Ең сирек жол – жарақаттық (травмалық).

Жіті отитте және оның асқынулар патагенезінде келесі жағдайлардың маңызы (ролі) зор:

1. Микробтың түрі мен оның биологиялық қасиеті

2. Ағзаның иммунобиологиялық жағдайы (ағзаның реактивтілігінің ерекшелігі)

3. Науқастың жас шамалары (жаңа туған және емшек жасындағы балалардың дабыл қуысында, антрумында миксоидты (эмбрионалды) тіндер болады

4. Емізік тәрізді өсіндінің кұрылысы

5. Бұрынғы ауырған аурулардың әсерінен, құлақта пайда болған морфологиялық өзгерістерге байланысты.

6. Мұрынмен және мұрын-жұтқыншақтың жағдайы.

7. Жалпы аурулармен және әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлар. Емізік тәрізді өсіндінің құрылысы ортаңғы құлақтың жіті қабыну барысына өз әсерін тигізеді және мастоидиттің, субпериосталдық іріңдіктің даму және инфекцияның бассүйек куысына таралу мүмкіншілігін анықтайды.