Сыртқы есту жолының фурункулы
Анықтамасы:
Сыртқы есту жолының фурункулы- сыртқы есту жолында инфекцияның түсуінен қоршаған дәнекер тіннің және шашты фолликуланың жіті іріңді-некротикалық қабыну ауруы.
Есту жолының сүйекті бөлігінде шаштар және май бездерінің болмауына байланысты, мұнда фурункулдар шықпайды.
Әсер ететін факторлар:
әр түрлі манипуляциялар, шимен, саусақпен құлақты тазалағанда;
құлағынан ірің ағып ауыратын адамдарда дамиды.
Бейімдеуші факторлар:
зат алмасу бұзылысы, әсіресе көмірсу алмасу;
дұрыс тамақтанбау;
авитаминоз;
жалпы фурункулездың бір көрінісі болуы да мүмкін.
Клиникасы:
тіске, мойынға, басқа жайылатын құлақтағы жіті ауырсыну.Ауырсыну сөйлеу, шайнау кезінде күшейеді. Отоскопияны мұқият тар астаушамен жүргізу керек. Фурункул сыртқы есту жолының қабырғасының кез келген жерінде орналасуы мүмкін. Отоскопия кезінде сыртқы есту жолын тарылтып тұратын, домалақ, томпайған, гиперемияланған, қабынған тері көрінеді (93-сурет). Дабыл жарғағы өзгермеген.
тері инфильтрациясының жұмсақ тіндерге, қоршаған құлақ қалқанына, емізік тәрізді өсіндіге жайылуы;
регионарлы құлақ маңы лимфа түйіндерінің үлкеюі, тығыздалуы және пальпация кезінде ауырсынуы;
фурункулдың санториний саңылаулары маңында орналасқан жағдайда инфекцияның құлақ маңы сілекей бездеріне жайылып, қабынуды тудыруы.
дене температурасы интоксикация деңгейіне байланысты; кейде күрт дене қызуының көтерілуін және қалтырау байқауға болады.
сыртқы құлақ фурункулы инфильтрация фазасында ем әсерінен тарап кетуі мүмкін, көбінесе 5-7 күні терінің ұшында іріңді ыдырауы және сыртқы есту жолына іріңнің ағуы болады.Бұл уақытта науқастың жағдайы жақсарып, ауырсынудың қайтуы байқалады.
Диагностика
диагноз шағымдары
анамнез мәліметттері
отоскопия т.б. зерттеу нәтижелеріне негізделіп қойылады.
Қарау: егер фурункул сыртқы есту жолының кіреберісінде орналасса, оны ешқандай құралдар көмегінсіз көруге болады, ал басқа жағдайларда тар құлақтық астауша көмегімен қарайды.
Отоскопияда: сыртқы есту жолын тарылтып тұратын, домалақ, томпайған, гиперемияланған, қабынған тері көрінеді.Дабыл жарғағы өзгермеген(93-сурет).
Ажырату диагнозы
жіті отиттың асқынуы мастоидиттен ажырату
ісіну және ауырсыну ең бірінші айқын құлақ қалқанында, мастоидит кезінде емізік тәрізді өсінді маңындакөрінеді;
рентгенограммада самай сүйегінің қараюы көрінеді;
дабыл жарғағы қалыпты және есту қабілеті төмендемейді.
Емі:
қабыну процессінің абортивті ағымына қол жеткізу үшін антибиотиктер қолданылады. Антистафилококкты әсері бар оксациллин, ампициллинді –тәулігіне 4 рет тамаққа дейін 1 сағат бұрын 0,5 г-н ішке қабылдайды. Ауру ағымы ауыр болған жағдайда аугментин 0,375 г күніне 3 рет немесе цефалоспориндер тобының препараттары-цефалексин, цефазолин тағайындалады.
жергілікті қабынуға қарсы терапия. Сыртқы есту жолына 3% бор қышқылы және глицериннің спиртті ерітіндісіне батырылған турунданы енгізеді.
дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы препараттар-панадол, эфералган тағайындалады.
рецидивирлеуші фурункулдарда аутогемотерапия қолданылады.
кейбір жағдайларда стафилококкты анатоксин тағайындалады.
медикаментозды терапиямен физиоемді: УФО, УВЧ, СВЧ қатар жүргізіледі.
Фурункулды ашуға көрсеткіштер:
фурункулдың пісіп (көбінесе 4-і күні), жетілуі;
ауырсынудың күшеюі;
қоршаған тіндердің инфильтрациясы;
регионарлы лимфадениттің күшею кезі.
Фурункуезді тілу тактикасы:
кесуді жергілікті инфильтрационды анестезиямен фурункулдың үлкейіп тұрған жерінен бастайды;
іріңді алып тастап,дренаж мақсатымен сыртқы есту жолына гипертониялық ерітіндімен турунданы енгізеді;
Оны әр 3-4 сағат сайын ауыстырады.
93-сурет. Сыртқы есту жолының фурункулы
Тілмелік қабыну
Анықтамасы:
Тілмелік қабыну-сыртқы құлақ және жақын жатқан мүшелердің беткей лимфа жүйесінің терісін зақымдайтын,терінің және тері асты май қабатының жіті инфекционды-аллергиялық ауруы (94-сурет).
Этиологиясы:
А тобының β гемолитикалық стрептоккогы.
Бейімдеуші факторлар:
қорғаныштық иммунобиологиялық механизмдерінің бұзылуы;
құлақ қалқанының және сыртқы есту жолының шашты тарау кезінде т.б жұғуы.
Клиникасы:
құлақ маңындағы ауырсыну және күйдіру сезімі;
құлақ қалқанының терісінің гиперемиясы және инфильтрациясы;
Зақымдалған бөліктің сау бөліктен түсімен, ісініп тұруымен ерекшеленуі;
қабынудың емізік тәрізді өсіндіге жайылуы;
серозды бөліністері бар көпіршіктердің түзілуі;
дене температурасының 39-40°С дейін көтерілуі;
қалтырау;
бастың ауыруы;
ауыр жағдайларда ауру ағымының ұзақ, асқынулармен жүруі.
жеңіл түрлерінде 3-5 күн болуы (94-сурет)
Дифференциалды диагностикасы
құлақ қалқанының перихондритінен;
мастоидиттен;
ортаңғы құлақтың отитінен.
Емі:
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін науқасты изоляциялау.
антибиотикотерапия. Олететрин, эритромицин, линкомицин, пенициллин, цефалоспориндер қатарының антибиотктері тағайындалады. Ағымы ұзақ немесе рецидивирлеуші формасында ем курсын қайталап, антибиотикті ауыстырады;
гипосенсибилизациялаушы заттар;
дәрумендер;
биостимулдаушылар;
жергілікті УКК;
қабынуға қарсы заттар.
94-сурет. Тілмелік қабыну
Құлақ қалқанының перихондриті
Анықтамасы:
Құлақ қалқанының перихондриті-шеміршек қабығының және сыртқы есту жолының терісінің диффузды немесе шектелген қабынуы.
Этиологиясы:
тері жарақаты
көк іріңді таяқша
перихондрит сыртқы есту жолының фурункулы
сыртқы отиттың диффузды асқынуы.
Перихондриттің 2 түрі ажыратылады.
Серозды
Іріңді
Клиникасы:
құлақ қалқаны маңындағы немесе сыртқы есту жолындағы ауырсынуы;
сыртқы құлақтың терісінің ісінуі, одан әрі құлақ қалқанына дейін жайылуына әкеледі. Тері ісінуі бастапқыда тегіс емес, кедір – бұдыр сипатта болады (95-сурет).
Патогенезі:
шеміршекаралық және шеміршек арасында іріңді экссудат түзіледі;
флюктуацияның пайда болуы. Құлақ қалқанының пальпациясында ауырсынады.
науқасқа уақытында көмек көрсетілмесе, шеміршектің іріңді ыдырауы пайда болып, некроздалған тіндер бөлінуі мүмкін.
нәтижесінде зақымдалған бөліктің тыртықтануы болады.
Диагностика:
Перихондрит диагнозын қою оңай, алайда аурудың бастапқы сатысында процессті тілмелік қабынудан және гематомадан ажырату диагностикасын жүргізу керек.
Емі
Қабынуға қарсы ем.
Кең спектрлі антибиотиктер тағайындау. Көбінесе аугментин 0,375-0,625 г күніне 2 рет немесе аксетил 500 мг күніне 2 рет қолданылады. Макролидтер тобынан спирамицин немесе рулид қолданылады.
Жергілікті емінде: полимиксин М 1% майы немесе эмульсиясы, зақымдалған құлақ қалқанының бөлігін 5% йодтың спиртті ерітіндісімен, 10% күміс нитраты ерітіндісімен сүртеді.
УФК, УЖЖ немесе ӨЖЖ қолданылады.
Хирургиялық шаралар.
Флюктуация пайда болғанда құлақ қалқанының контурына параллель тінді кесіп, некроздалған тінді алып тастау. Қуысқа антибиотикпен немесе гипертониялық ерітіндімен батырылған тампон салынады. Оны әр 3- 4 сағат сайын ауыстыру керек. Құлаққа асептикалық таңғыш салынады. Орап таңуды күнде, ауыр ағымды болса тәулігіне 2 рет жүргізу керек. Бөліністер ағып біткеннен кейін құлақ қалқанына қатты таңғыш таңылады (95-сурет).
95-сурет. Құлақ қалқанының перихондриті
Диффузды сыртқы отит (otitis externa diffusa)
Анықтамасы:
Сыртқы дыбыс жолы терісінің іріңді жайылған қабынуы, сүйекті бөлігіне, теріасты қабатына және көп жағдайда дабыл жарғағына таралады (96-сурет).
96-сурет. Сыртқы отит
Этиологиясы:
механикалық жарақат
жылулық жарақат
химиялық жарақат
іріңді ортаңғы отит кезінде инфекцияның түсуі
қоздырғыштар :грам оң Pseudomonas aerugenosa , S. Pyogenes
саңырауқұлақтар
организмдегі көмірсу алмасуының бұзылысы
организмнің тұрақтылығы төмендегенде, аллергиялық жағдайлардың әсер етуі.
Клиникасы:
Ағымы бойынша:
жіті
созылмалы
Жіті сатысында:
тері қышуы
емізікшені басқанда ауырсынуы
құлақтан іріңді бөліністердің бөлінуі
Отоскопияда жіті сатысында сыртқы дыбыс жолының жарғақты –шеміршекті бөлігінде:
айқын көрінетін тері гиперемиясы мен инфильтрациясы анықталады (96-сурет).
ісінген тері дыбыс жолының тесігін әртүрлі дәрежеде тарылтады.
десквамацияға ұшыраған эпидермис және жағымсыз иісі бар іріңнен тұратын ботқа тәрізді масса көруге болады.
дабыл жарғағы біраз гиперемияланған және ыдыраған эпидермиспен қапталады.
Аурудың созылмалы ағымында белгілері:
айқын көрінбейді
бірінші орында дыбыс жолы терісінің және дабыл жарғағының қабыну инфильтрациясы нәтижесінде қалыңдауы
Дифференциальды диагноз:
ортаңғы құлақ аурулары;
саңырауқұлақты отит;
вирусты отитпен;
Сыртқы отит кезінде ортаңғы отитке қарағанда есту төмендейді. Саңырауқұлақты қабыну жоқ екенін көз жеткізу үшін саңырауқұлаққа тексеру жүргізеді. Сондай-ақ, вирусты инфекция кезінде өзіне тән герпестік бөртпе және артқы құлақ кеуілжірі беткейінде,сырғалықта және дыбыс жолының артқы қабырғасында көпіршіктер, ал тұмау кезінде –өзіне тән буллалар болады. (97-сурет)
Емі :
Диетотерапия: ащы және бұрышталған тағамдары жоқ, көмірсуды шектейтін, витаминдерге бай емдәм тағайыналады.
Қабынуға қарсы терапия. Гипосенсибилиздеуші (димедрол супрастин, товегил кларитин , кальций препараттары ) және флораға себу
.
97-сурет Отоскопия
нәтижесін ескере отырып және оның түрлі антибактериальды заттарға сезімталдығын анықтап өткізеді.
Процесс өршіген кезде және құлақтан бөліністер болғанда 1:5000 фурацилин ерітіндісімен дұрыстап жуады және құрғатады. Құлаққа тамшылар, ал қышыну кезінде 2-5 % ақ сынаптық май, 1% шабдалы майындағы ментол, 2-3 % салицилді спирт тағайындалады.
Жергілікті гликокортикостеройдтармен емдеу. Құрамында глюкортикоиды бар майларды қолдану жақсы нәтиже береді, ол майларға: белогент, белодерм, белосалик, целестодерм және т.б.
Физиоем. УФО, УВЧ, гелий –неонды лазермен сыртқы дыбыс жолының қабырғасын сәулелендіреді. Үнемі рецидивирлеуші ағымда стафилококқа қарсы анатоксин,аутогемотерапия қолдану көрсетілген.
Дабыл жарғағының зақымдалуы.
Эпидемиологиясы:
Ортаңғы құлақ жарақатындағы дабыл жарғағының жарылуы науқастардың 90% - да кездеседі.
Этиологиясы:
- құлақтан соққы алған кезде;
- есту жолындағы қысымның кенеттен жоғарлағанда немесе төмендегенде;
- суға секіргенде;
- механикалық зақымдалулар кезінде: дабыл жарғағының тура зақымдалуы құлаққа манипуляция жасағанда, әртүрлі заттармен құлақты шұқығанда, яғни шимен, түйреуішпен тазалағанда байқамай жарып алуында;
Дабыл жарғағының жарылуы жиі ортаңғы құлақтың отитіне әкеледі.
Отоскопия:
дабыл жарғағында қан құйылу
гематома
Дабыл жарғағыныңтолық зақымдалуы:
ыстық сұйықтық немесе химиялық заттар құйылып кеткенде болады.
самай сүйегінің пирамидасының көлденең сынығында болуы мүмкін, яғни сыну сызығы дабыл сақинасы арқылы өткенде пайда болады.
дабыл жарғағының жарылуында құлақта ауырсыну, шуылдар мен естудің бұзылуы болады (98-сурет).
98-сурет.
Дабыл жарғағының зақымдалуы
Емі:
Біріншілік көмек: есту жолына стерильді турунда немесе бор спиртіне малынған мақталы шарикті енгізумен шектелу керек.
Ортаңғы құлаққа қабыну тарамас үшін антибиотиктер тағайындалады.
Ал тесікті жабу үшін әртүрлі көлемдегі пластикалық материалдар қолданылады: меатотимпанальды лоскут, самай бұлшықетінің фасциясы және т.б.
Құлақ жарақаттары.
Жарақат кезінде құлақтың бір бөлімінің изолирленген жарақаттануы мүмкін немесе бірнеше бөлімінің бір уақытта жарақаттануы мүмкін.
Құлақ жарақаттарының жіктелуі:
Сыртқы құлақ жарақаты
Ортаңғы құлақ жарақаты
Ішкі құлақ жарақаты
Комбинирленген жарақат (бір уақытта бірнеше бөлімінің жарақаттануы).
Пайда болу себебіне байланысты:
Механикалық жарақат
Термиялық жарақат
Химиялық жарақат.
Зақымдану факторы бойынша:
Акутравма ( акустикалық жарақат)
Вибротравма
Атмосфералық қысымнан болатын жарақаттану.
Жарақаттану түріне байланысты жіктелуі:
Беткей жарақаттану – құлақ сүйегінің жарақаттануынсыз, тек қана терісі мен жұмсақ тіндерінің зақымдалуы немесе жаралануы.
Терең жарақаттану – пирамидаларының жарықшалануы мен сынуынан және бастың басқа бөлімдерінің ауыр неврологиялық зақымдануымен болатын жарақаттану.
Сыртқы құлақтың жарақаты.
Түрлері:
құлақ қалқанының бөлектенген жарақаттануы (99-сурет).
ортаңғы құлақ немесе бастың басқа бөлімдерінің периаурикулярлы тіндерімен бірге болатын зақымдануы.
Әсер ететін ықпалдар:
құлақ қалқанының беткей жарақаты соққы алғанда;
жәндіктер шаққанда және т.б. әсерінен, құлақ қалқаны жеке және толық зақымдалуы мүмкін.
инфицирленген құлақ жарасында жарақаттану болса немесе өз уақытында алғашқы көмек көрсетілмеген жағдайда хондроперихондритке және құлақ қалқанының деформациясына әкеледі.
99-сурет. Құлақтың механикалық жарақаты
Емі
Беткей жарақаттануда тері айналасына 5% йод тұндырмасын жағады.
Ауыр жарақаттануда жергілікті анестезия жасалады. Анестезия жасалған жерге біріншілік тігіс салынады. Тігіс салу екі тәуліктен кеш болмау керек.
Тері астына сіреспеге қарсы анатоксин енгізіледі.
Кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады.
Күнара жараға таңу жасалады және физиоем тағайындалады. Тігісті бір аптадан кейін алады.
Жара іріңдегенде іріңді хирургия ережесі бойынша емделеді. Фурацилинмен, левамекольмен немесе натрий хлоридінің гипертоникалық ерітіндісімен таңу жасалады. Ал терең жарақаттануда алғашқы хирургиялық тазарту жүргізіледі, бөгде денелер мен өлі тіндерді алып тастайды. Терең енген жараларда, яғни кесілген, тесілген, шабылған, атылған жараларда бас сүйегінің, дабыл жарғағының жарақаттануларымен болады. Сондықтан рентгендік бақылау мен отоскопия жүргізіледі. Естуді зерттеумен қатар спонтанды нистагмды және неврологиялық симптомдарды зерттейді.
Отогематома – құлақ қалқанының шеміршек аралығына және шеміршек арасына қанның құйылуы мен гематоманың пайда болуы.
Әсер етуші ықпал: құлақтан соққы алғанда немесе құлақ қалқаны ұзақ жаншылғанда пайда болады.
Типтік локализациясы – құлақ қалқанының алдыңғы бетінің үстіңгі үштен бір бөлігі.
Отгематома кезінде:
теріде жұмсақ көгерген ісіктер
жиі флюктуация
кейде терінің түсі қалыпты
науқасты кейде ауырсыну мазалайды
жайсыз күйде сезінеді. (99-сурет)
Болжамы:
өзінен өзі жазылуы мүмкін
ұзаққа созылса іріңдеуі мүмкін
хориперихондритке, одан кейін құлақ қалқанының әжімденуіне ұшырауы мүмкін.
Құлақтың термиялық және химиялық жарақаттары.
Анықтамасы:
Құлақтың термиялық және химиялық жарақаттары- жоғарғы және төменгі температураның, қышқылдың (63-сурет), сілтінің және т.б. әсерінен болады. Сыртқы құлақтың термиялық жарақаты беттің, бастың және мойынның бірге күюімен жүреді. Күюдің үсу кезіндегі сияқты төрт кезеңін ажыратады.
Күйіктің кезеңдері: (100-сурет)
I – эритема
II – ісіну мен күлдіреуіктің пайда болуы
III – терінің беткей некрозы
IV – терең некроз
100-сурет.
Құлақ қалқанының күйігі
Үсудің кезеңдері:
I – тері цианозы
II – күлдіреуіктің пайда болуы
III – тері және тері астының некрозы
IV – шеміршек некрозы.
Емі:
Алғашқы көмек көрсетіледі.
Жансыздандыратын дәрілер тағайныдалады (морфин мен пантопан).
Жергілікті ем тағайындалады: ауырсынуды басу, өлі тіндерді алып тастау, жарақаттанған аймақты тазалап, өңдеу керек.
Өлі тіндерді алғаннан кейін физиологиялық ерітіндімен сүртіп, кептіріп, спиртпен өңдейді. Алғашқы өңдеуден кейін бірден таңу жасалмайды, жараланған аймақты ерітінділермен, яғни 5% танин ерітіндісімен, калий перменганатының әлсіз ерітіндісімен қайтадан сүртеді немесе арнайы жарықты каркасты шаммен кептіреді.
Құлақ қалқанының I-II дәрежелі күйігінде емдеу кезінде міндетті түрде асептиканы сақтау керек.
Ал III-IV дәрежелі күюде өлі тіндерді алып тастап, бірінші күні терілік ауа трансплантациясы жасалады да, сіреспеге қарсы анатоксин салынады. Некротикалық тіндерді алып тастаумен қатар антисептикалық жақпа майлар (левомеколь) мен кортикостероидты препараттар (гидрокортизон суспензиясы) қолданылады.
Құлақ қалқанының үсуінде алғашқы көмек:
құлақты қызарғанша жылы (37°С) сумен жуу.
абайлап спиртпен өңдеп, асептика қатаң сақтайды.
I дәрежесінде құлақ қалқанын қолмен тазалайды, содан кейін барып антибиотик қосылған жақпа майлары бар таңғыш салынады. .
некроз кезінде өлі тіндерді алып тастайды. Вишневский, левомеколь майы жағылған салфетка салынады.
науқасқа антибиотиктер мен физиоем тағайындалады.
Құлақтың акустикалық жарақаты.
Әсер етуші ықпал:
Есту жолына қысқа және ұзақ уақыт қатты дыбыстың әсер етуінен пайда болады (120 ДБ жоғары).
Ағымына байланысты:
жіті
созылмалы
Жіті акустикалық жарақат – құлаққа қатты және жоғарғы дыбыстың қысқа уақытта әсер етуінен болады (мысалы, қатты ысқырық, т.б.).
Созылмалы акустикалық шулы жарақат өмірде жиі кездесетіні. Бұл кезде есту жолына ұзақ интенсивті дыбыс әсер етеді. Естудің ауыр зақымдалуы бірмезгілде және ұзақ уақыт шуылдар мен дірілдер әсер еткенде жіті дамиды.
Құлақтың дірілдік жарақаты (вибротравма) – дірілдік теңселістер мен шайқалулар әсерінен пайда болады. Бұл өзгерістердің сипаттамасы дірілдің күшіне және әсер ету ұзақтығына байланысты.
Баротравма атмосфералық қысымның жіті өзгеруінен болады.
Сезімтал құлақ бөлімдері:
ортаңғы құлақ
шкі құлақ
Баротравманың екі түрі бар.
Біріншілік түрі – қысымның тек сыртқы есту жолындағы қысымның өзгеруінен дамиды, мысалы, қолмен құлақты ұрғанда, Зигляның пневматикалық астаушасын пайдаланғанда пайда болады.
Екіншілік түрі – қоршаған орта мен дабыл жарғағындағы қысымның өзгеруінен болады. Мысалы, ұшақпен ұшқан кезде және т.б.
Баротравма мен акустикалық жарақаттардың дамуына ықпал ететін фокторлар:
жақын жердегі жарылыстар мен атылулар;
атмосфералық қысым жоғарылауы;
кенеттен жоғары интенсивті дыбыс шыққанда, әртүрлі дәрежедегі құлақ пен бас миының шайқалуы.
Баротравма кезіндегі отоскопиялық суреті:
дабыл жарғағының гиперемиясы
қан құйылудың қалыңдауы
кейде дабыл жарғағының жарылуы немесе толық бұзылуы болады (101-сурет, б).
101-сурет.
Баротравма-б
Патанатомиясы:
екі күн өткеннен кейін қабынудың айқын көрінуі;
сақталған жарғақта қою көк түсті көгерудің болуы;
ішкі құлақтың функциялық бұзылысы мен орталық жүйке жүйесінің бұзылысы.
Клиникасында:
науқастың құлағында шуыл мен үндер пайда болады,
естудің төмендеуі,
бас айналу,
жүрек айну,
науқас кейде есін жоғалтады.
Емі:
қабынуға қарсы терапия, акустикалық, дірілдік және қысымдық жарақаттар кезінде анализатор түрінің зақымдалуына байланысты;
жалпы иммунитет көтеретін препараттар;
дәрумендік терапия (В тобының дәрумендері, С, А және Е дәрумендері) .
Ортаңғы жарақаттық отит және мастоидит.
Анықтамасы:
Ортаңғы жарақаттық отит –бұл жарақаттың әсерінен пайда болатын дабыл жарғағының әрбір бөлімінің және емізікті өсіндінің жіті қабынуы.
Ортаңғы жарақатты отитте қабыну белгілерімен қоса, диагностика мен емінде ескеретін өзінің ерекшеліктері бар.
Ықпал ететін факторлар:
Бассүйектің, мидың, омыртқаның зақымдануы.
Патогенезі:
дабыл жарғағы зақымданбағанда инфекция ортаңғы құлақ қуысына есту түтігі арқылы енеді;
дабыл жарғағының үзілуімен қоса жүреді;
дабыл қуысының екіншілік инфицирленуі және жіті ортаңғы отиттің дамуы;
есту сүйекшелерінің зақымдануы, балғашықтың, төстіктің сынығы шығуы мүмкін.
жарақаттан кейін тін реактивтілігінің төмендеуі, мастоидиттің дамуы;
Диагностикасы:
отоскопия
отомикроскопияның
импедансометрия
тимпанометрия және тимпанопластика
невропотолог пен нейрохирург кеңесі
Емі
ашық жарада біріншілік хирургиялық өңдеу, есту жолына бор спиртіне малынған турунда салынады;
антибактериальды терапия;
тампонопластика, есту сүйекшелерінің және дабыл жарғағының жарақаттарында қабынудан кейін дабыл жарғағының трансформациялық механизімін қалпына келтіру мақсатында қолданады.
Ішкі құлақтың зақымдалуы
Этиологиясы:
өткір заттардың (түйреуіш, шпилька) дабыл жарғағы мен лабиринт терезесі арқылы өтіп кетуі әсерінен;
көлденең жарты шеңберлі түтіктің жарасының немесе ортаңғы құлаққа ота жасау кезінде кіреберіс терезесіндегі үзеңгі шығуының әсерінен;
бас сүйегі негізінің сынығында, самай сүйегінің пирамидасының сынықтары;
Патогенезі:
жарақаттар нәтижесінде зақымдалған жақта есту және вестибулалық қызметтер жойылады;
айқын вестибулалық реакцияның (бас айналуы, тепе-теңдік бұзылысы, жүрек айну және т.б.) көрінуі;
инфекцияның ішкі құлақтан артқы бас сүйекішіне тарап асқынуы.
Самай сүйегінің пирамидаларының сынуы маңдайдан немесе шүйдеден соққы тигенде бас сүйек негізінің сынуының көрінісі, бірқатар жағдайларда– иекпен құлағанда пайда болады.
сүйек сынықшаларының таюы болмайды
пирамидада сынық сызығының орналасуына байланысты сынықтар ұзыннан және көлденеңінен болып бөлінеді
ұзынынан сынғанда дабыл қуысының шатырының құрылымы және дыбыс жолының жоғарғы қабырғасы зақымдалады
көлденең шытынауында пирамида массивінен көлденең өтеді
Пирамиданың ұзынынан сынуы – әдетте бас сүйегі негізінің көлденең сынығымен бірге кездеседі.
дабыл жарғағы жыртылып, сол арқылы қан кету байқалады.
жұлын-ми сұйықтығының ағуы көрінеді.
есту және вестибулалық қызметі бұзылған болады.
периневральді ісіну, гематома нәтижесінде нерв компрессиясынан бет нервісі парезі болуы мүмкін (102-суерт, 1).
102-сурет. 1-пирамиданың ұзынынан сынуы, 2-көлденең сынық
Көлденең сынық – бас сүйектің ұзынынан сынуының көрінісі.
дабыл жарғағы зақымдалмайды
қан кету мен жұлын-ми сұйықтығының ағуы болмайды.
шытынау ішкі құлақ массивінен өтеді, сондықтан ішкі есту жолынан өтетін нерв бағаны зақымдалады
есту және вестибулалық қызметі мүлде жойылады
бет нервісі салданады (102-сурет, 2).
Самай сүйегінің сынуы ауыр бас миы шайқалуымен, бассүйекішілік асқынуларының дамуымен қауіпті (отогенді менингит, энцефалит және т.б.), ол инфекцияның ортаңғы және ішкі құлақтан бас сүйек қуысына өтуінен болады.
Клиникасы:
жарақаттан кейін науқастың жағдайы ауыр;
спонтанды вестибулалық реакция (бас айналуы, спонтанды нистагм, қолдың әкетілуі, статикалық және динамикалық тепе-теңдік бұзылысы, жүрек айну, құсу және т.б.) байқалады;
құлақтан отоликвореямен қан кету кезінде «екі еселік дақ» симптомы анықталады;
таңғыш матаның ортасында қызыл қанның дағы және шетінде қоршай орналасқан ашық-сары түсті ободок байқалады;
бет нервісінің парезі және салдануы;
менингеальды және ошақты ми симптомы анықталады;
зақымдалу жағында дыбыс қабылдаудың бұзылуы;
естудің төмендеуі немесе кереңдік болады.
Дыбыс лабиринтінің зақымдалуында Вебер тәжіриебесінде дыбыс сау құлаққа беріледі, бірақ лабиринт зақымдалуы жоқ, гематотимпанум кезінде дыбыс ауру құлаққа беріледі. Бас – сүйек негізінің сынығында науқасқа люмбальді пункция жасағанда ликворда қан табылады.
Диагностикасы:
рентгенография, егер неврологиялық симптоматикасы дұрыс болса, сыну түрін анықтау үшін өткізеді. Самай сүйегінің рентгенографиясы басты шеттерге қарай бұру арқылы жасалады, ол бассүйек ми жарақаты кезінде қауіпті болып табылады.
КТ және МРТ – ең ақпаратты тәсілдер, ол сыну сызығының орнын анықтап, бас сүйекішілік гематомасының жоқ екеніне көз жеткізеді.
Құлық (cerumen)
Анықтамасы:
Құлық – дыбыс жолының жарғақты-шеміршектік бөлігінде орналасқан бездермен бөлінетін құлықтың жиналуы және ыдыраған эпидермис.
Қалыптыда бездердің құлықты секреті түйін немесе қабыршақ болып қатып, шайнау және сөйлеу кезінде төменгі жақ буыны және дыбыс жолының алдыңғы қабырғасы қозғалысының нәтижесінде сыртқа шығады.
Этиологиясы:
сыртқы дыбыс жолының тарлығы мен иректелуі (103-сурет);
құлық бөлетін бездердің гиперфункциясы;
құлық тұтқырлығының жоғарылығы.
Кедергінің пайда болуы қабыну процесінен, жиналған құлықты және эпидермальды массаны алу үшін сіріңке, шпилька және түрлі басқа да заттар қолданады. Бұл кезде құлық массалары әдетте дыбыс жолының жарғақты – шеміршекті бөлігінде жиналып, ары қарай сүйекті бөлікке ығысады, ол жерден массаларды алу қиынға соғады.
Патанатомиясы:
құлық сыртқы дыбыс жолының бір бөлігін немесе толығымен бітеуі мүмкін.
құлық түсі сарғыштан қою-қоңыр түске дейін болуы мүмкін.
консистенциясы бойынша жұмсақ, тығыз немесе тасты болады.
103-сурет.
Құлық.
Құлық ұзақ уақыт сыртқы дыбыс жолында тұрып кеуіп тығыздалады және қабырғаларға берік жабысады.
Клиникалық көрінісі:
кейде ұзақ уақыт ешқандай көрініс бермеуі ;
құлақтың бітелуі;
шу;
аутофония;
рефлекторлы жөтел;
естудің төмендеуі, дыбыс жолының толық бітелуі кезінде байқалады;
құлаққа судың түсуі, құлықтың ісінуі.
Егер кедергі сүйекті бөлікте орналасып дабыл жарғағына қысым түсірсе:
бас айналу,
жүрек айну,
бас ауруы ,
естудің төмендеуі.
Диагностикасы:
анамнез;
қарау – бұл кезде сыртқы дыбыс жолының тесігін жауып тұрған құлық массаларын көреміз.
отоскопия мәліметтеріне сүйенеді;
104-сурет.
Сыртқы есту түтігін жуу
Емі
инструменттер көмегімен, ілмекті зондпен сыртқы дыбыс жолын жуу (104-сурет).
Құлақты жууды бастамас бұрын:
науқастан бұрын сонды дабыл жарғағының тұрақты құрғақ перфорациясын дамытатын құлақ аурулары болған, болмағанын анықтаймыз. Жуу бұл жағдайда қауіпті, себебі су перфорацияланған тесік арқылы дабыл жарғағына түсіп, үрдістің өршуіне және ірің ағуының қайта басталуына әкелуі мүмкін (105-сурет).
бұл кезде кедергіні құрғақ жолмен жою керек.
105-сурет.
Сыртқы есту түтігін жуу
Сыртқы есту түтігін жуу тактикасы:
дене температурасына сай жылы суды 37°С пайдаланады. Ол түтіктің калориялық тітіркенуін болдырмайды ( бас айналу, құсу,т. Б ) .
егер кедергі қатып қалса, алдын- ала 2-3 күн, күніне 3 реттен құлаққа 37°С –қа дейін жылытылған 3% сутек тотығы тамшылары немесе содаглицеринді тамшылар ( 0,5 гр бикарбонат натрия, 5 мл глицерин және дист. Су ) тамызып, жұмсартып алады.
құлықты кедергіні жұмсартатын тамшылар тағайындағанда, науқасқа тамшылар әсерінен құлық кедергісі ісініп, есту төмендеуі мүмкін екенін ескерткен жөн.
жууды көлемі 100-150 мл және шприці көмегімен жүргізеді.
оң қолмен шприцті ұстап,сол қолмен құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып, кішкене балаларды төмен артқа тартып, дыбыс жолын түзеп алады; бұл кезде сол қолдың ортаңғы саусағымен шприц ұшының дыбыс жолына терең кірмеуін қадағалап,оның қабырғаларының жарақаттануының алдын- алады.
Су ағыны дыбыс жолының үстіңгі артқы қабырғасымен бағытталады. Құлық кей кезде бір бөлігі немесе толығымен шығады. Жуу арқылы құлықты жою дыбыс жолының тек толық емес бітелуі болғанда ғана өткізіледі. Егер дыбыс жолы толық бітелетін болса,құлақ зондымен жіберіп оны шайып шығуға болады. Қазіргі кездегі оториноларингологиялық комбайндерге жылытылған су пайдаланып дыбыс жолдарын арнайы жуатын арнайы насадкалар кіреді. Жуылғаннан кейін құлақтағы су қалдықтарын құлақ зондына оралған мақта көмегімен құрғатады,дабыл жарғағын қарайды. Дыбыс жолына 3% бор спиртіне малынған турунда енгізіп,бірнеше сағатқа құлақты мақтамен жабады. Кедергіні жуу арқылы жоюды - жалпы тәжірибе дәрігер, ол құрғақ жолмен - оториноларинголог маманы орындайды. Тығыз эпидермальды кедергіні кейде құлақ қысқыштарымен,қасықпен немесе аттикті зондпен жояды.
Сыртқы есту жолындағы бөгде заттар.
Анықтамасы:
Бөгде заттар –организмге жат заттар және оның бөліктері, сондай-ақ табиғи сыртқы дыбыс жолының тесігі арқылы түсіп,оның қуысында қалып қойған шіркейлер (106-сурет).
Клиникасы:
ұзақ уақыт бойы еш көрініс бермейді
тек сол жерге құлық және эпидермальды массалар жиналып, дыбыс жолын бітеп, жағымсыз сезімдер шақырады(құлақ бітелуі, шу т.б )
ауырсыну сезімі сыртқы дыбыс жолына тірі бөгде заттар түскенде (таракан, шіркей)туындайды. Бірақ құлаққа глицерин, кез-келген жылы майы немесе спиртті тамшыларды тамызғанда, шіркей өледі де науқастың мазалайтын жағымсыз сезімдер жойылады.
106-сурет.
Сыртқы есту жолындағы бөгде зат
Диагностика:
Диагнозды науқастың құлағына бөгде зат түскені туралы,жағымсыз сезімге, шағымына және отоскопия мәліметтеріне сүйене отырып қояды. Ол кезде құлағынан түрлі заттарды: түймелер, бұршақтар,ағаш бөліктері, шекілдеуік, жаңғақ қабықтары, мақта және т.б . заттарды табады.
Емі:
Анамнез;
Шағымдар;
Бөгде заттарды пинцетпен алу;
Құлақты жуу
Хирургиялық шара.
Құлақта бөгде зат болуы науқасқа аса үлкен қауіп төндіріп, шұғыл көмекті қажет етеді деп айтуға келмейді. Көптеген бақылау нәтижелері көрсеткендей қауіп төндірмеуі де мүмкін және жиі субьективті көрініс бермеуі де мүмкін. Бөгде затты пинцет, зонд, қысқыш т.б. заттармен алып тастау әрекеті науқасқа ауыр салдарын тигізеді (107-сурет). Мұндай әрекеттер нәтижесінде дыбыс жолының қабырғасы зақымдалады және бөгде заттың физиологиялық тарылудан өтіп кетеді, оны алу қиынға соғады.
107-сурет.
Бөгде затты пинцет көмегімен алу
Құлақты жуу – бөгде затты алып тастау үшін және шприцпен жылы суды пайдаланып жүргізеді, ол кезде суды абайлап , бірыңғай күшпен өткізеді (70-сурет, а,б). Егер бөгде зат толық бітеп тастаса жуу өткізілмейді, себебі бұл жағдайда су оның артына өтіп кері ағыс тудырмайды. Арнайы құралдармен бөгде затты алуды маман- оториноларингологтар жүргізеді. Маман көзімен ілмекті алып бөгде заттың артына жіберіп алады. Мүмкін болмаған жағдайда хирургиялық ем, құлақ артын кесу арқылы алады.
Жіті талаураған ортаңгы отит
Анықтамасы:
Талаураған ортаңғы отит – ортаңғы құлақтың іріңсіз қабынуы.
Бұрын бұл ауру әртүрлі атаулармен аталғандығы белгілі:
Евстахий түтігінің талаураған кабынуы;
ортаңгы құлақтың сірнелі талаураған кабынуы;
секрегорлы отит;
тубоотит;
талаураған сальпингоотит;
туботимпаналды қатар;
Евстахий түтігінің жабылуы және т.б.
Осылардың біреулері этиологиясын (ауру тудыратын себепті), ал кейбіреулері оргаңғы құлақтағы және есту тутігіндегі морфологиялық өзгеріс ерекшеліктерін анықтайды.
«Талаураған ортаңғы отит» термині бұл процестің маңызын әбден толықтырып, яғни есту түтігі жабылғаннан кейінгі ортаңғы құлақтағы өзгерістерді сілемейлі қабықтағы талаураған өзгерісті және жиналған сірнелі транссудатты көрсетеді (108-сурет).
Аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар:
Мұрын қуысы мен мұрын-жұтқыншақ қуысындағы қабыну процестерінің есту түтігі мен дабыл қуысының сілемейлі қабықтарына таралуы; Әдетте бұл ауру кезінде жалпы организмде катты езгерістер байқалмайды.
есту түтігінің өткізгіштік қызметінің жіті бұзылуы.
Евстахий түтігінің қызмпеттері:
ауа алмастыру (вентиляциялык) қызметі: қалыпты жағдайда есту түтігі шеміршекті-жарғақты бөлігінде бір-біріне тиіп жатады, сондықтан жабық күйде болады және есту түтігінің саңылауы жұтыну қимылында, есінегенде ашылады да ауа ортаңғы құлаққа енеді. Бұл жағдайда ортаңғы құлақтағы сыртқы және ішкі ауа қысымы теңеседі.
дренаждық қызметі: ортаңғы құлақта жиналған сұйықтықты немесе іріңді мұрын куысына қарай жіберу.
108-сурет.
Жіті талаураған ортаңгы отит
