Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.15 Mб
Скачать

Дәріс тезистері Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

  3. Дільбарханов Р.Д., Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы.– 1998.–128 б.

  4. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002.–172 б.

Орыс тілінде

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

  2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А.Ивановой/ – М.,Медицина, 1991 г. – 2-й том. – 544 с.

  3. Чуешов В.И., Зайцев А.И., Шебанова С.Г. Промышленная технология лекарств. – Харьков, 2002. - В 2-х томах: 1-й том. – 716 с., 2-й том .– 557 с.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

  5. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. – (Под ред. Тенцовой А.И.). – М., 1986. – 271 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы, 2005.– 123 б.

  7. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  8. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

Кері байланыс (сұрақтар)

  1. Жаңа дәрілік түрлерді жасауда фармацевтік технологияның жетістіктері.

  2. Жасына байланысты қолданылатын дәрілік түрлер.

26 ТАҚЫРЫП: ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ТЕРАПЕВТІК АДЕКВАТСЫЗДЫҒЫ. ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ ДӘРІЛЕРДІҢ ТЕРАПЕВТІК ЭФФЕКТИВТІЛІГІНЕ ӘСЕРІ (ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ КҮЙІ).

Мақсаты: Тақырып бойынша берілген процесстерді, онда негізігі терминдер мен түсініктерді меңгеру.

Дәріс тезистері

Дәрілік затты бағыттап жеткізу жүйелері.

Дәрілік затты (С-1) мүшелерге, тіндерге немесе торшаларға бағыттап жеткізу амалдарын бүгінде дәрілермен емдеу тәжірбиесінде болашағы бар деп есептелінеді.

Бұл жүйелер арасында белгілі мүше немесе тін маңайындағы ішкі тамырларға ендірілетін микрокапсулалардағы дәрілік құралдар (микрокапсула, микросфера, нанокапсула), өздерін жақсы көрсетеді.

Микрокапсулданған дәрілік құралдар, ферменттік жетіспеушілікті емдеуге қолданылуы, мүше-мишеньге дәрілік затты бағыттап жеткізу, радиоиммунды талдау келешегі бар бағыт ретінде қаралады.

Дәрілік заттарды микрокапсульдеу гормондар, антигендер, пептидтер, ферменттер және т.б. әсерлерін ұзартады. Дәрілік заттардың микрокапсулалардан босап шығуы полимер қапшықтың қуысынан диффузия арқылы және қапшықтың еруі немесе күйреуі арқылы жүреді. Дәрілік заттың босап шығуы ноль дәрежелі кинетика теңдеуіне сәйкес жүреді және диффузия принципі бойынша әсер етеді.

Офтальмология тәжірибесінде дәрілік затты бақылаулы босататын терапевтік жүйелер бағалы. Мысалы, ״Ocusett״ КТС ״Alza״ фирмасы (АҚШ) шығаратын жүйе (сурет 5), оның кейбір артықшылықтары:

дозалау дәлдігі, уақыт аралығында ±20 %;

көз тамшылары құрамына кіретін көмекші заттар, бұл жүйені қолданғанда көзге кірмейді;

көз жасы рН көрсеткішінің тұрақтылығы;

терапевтік әсердің ұзақ уақыт болуын қамтамасыздауы;

бұрынғы 4 рет инстилляция орнына аптасына 1 рет қолдану;

заттардың шығынын азайту;

Бұл жүйеде дәрілік зат босап шығуы мембрана арқылы жүреді және босап шығу жылдамдығы мембрананың бет аумағы мен қалыңдығына байланысты. Пилокарпин орналасқан орын альгин қышқылынан істелінген сопақ пластинка, ал мембрана – этилен мен винилацетат сополимері.

ДЗ босап шығуына керкеті энергияны резервуар ішіндегі қысым мен көз жасы қысымының айырмашылығы береді. Бірақ бұл жүйе қалыптасқан дәрілерге (жақпа май, тамшылар) қарағанда қымбат және оны ендіргенде дискомфорт сезіледі.

Пилокарпиннің босап шығу жылдамдығы Р20=20 мкг/сағ, Р40=40мкг/сағ. Дәрілер босап шығуы 7 күнге тұрақты. КТЖ әсерін пилокарпиннің 2% ерітіндісінің күніне 4 рет пайдалануымен бірдей (28 мг).

Мембранды ТЖ стоматологиялық тәжірибиеде стоматологиялық дискілер дайндауға қолданыс тапты. Бұл жүйелерде оксиэтилмеакрилат және метилметакрилат сополимері 30:70 немесе 50:50 қапшық ретінде қолданылады. Жүйе натрий фторидін күніне 0,021 мг 30-180 шейін босатып шығарады.