Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.15 Mб
Скачать
    1. Жинақтарды жіктеу.

Жинақтар мөлшерленген (Species divisae) және мөлшерленбеген (Species indivisae) болып жіктеледі. Мөлшерленген жинақтарды кәдімгі, пресстелген және ерігіш шайларға бөлуге болады.

Құрамы бойынша жинақтар қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Қарапайым жинақтар емдік өсімдік шикізатының бір түрінен, күрделі жинақтар – бірнеше өсімдіктерден және басқа емдік құралдардан тұрады.

Онымен қатар, жинақтарды қолдану тәсіліне қарай ішкі, сыртқы қолдануға арналған жинақтарға және тартатын (ингаляциялық) жинақтарға жіктейді. Ішкі қолдануға арналған жинақтарды тұтқырландыратын, запыран шығаратын, тер шығаратын, ащы (тәбет келтіретін), кеуделік, тыныштандыратын, әлсіздендіретін, жел шығаратын, витаминді және т.с. деп бөледі. Сыртқы пайдалануға арналған жинақтарға мыналарды жатқызады: ауыз шаюға арналған, буландыруға арналған немесе жұмсартатын, су қабылдауға арналған және т.с. жинақтар. Тартатын жинақтар құрамында ұшпалы әсер ететін заттары бар буды өкпеге тікелей енгізу үшін пайдаланылады.

    1. Жинақтардың технологиялық үлгісі.

Жинақтарды дайындау келесі сатылардан тұрады:

  1. Ұсақтау.

  2. Електен өткізу.

  3. Араластыру.

  4. Ыдысқа салу, орау және безендіру.

Ұсақтау. Әсер ететін заттарды жақсырақ алып шығу үшін жинақтар құрамына кіретін өсімдік шикізатын әрқашан дерлік ұсақтайды. Шикізатты құрылымына және түріне байланысты жеке-жеке ұсақтайды. Жапырақтарын, шөбін, қабығын, тамырларын және сабақтарын шөп және тамырқиғыштарда кеседі. Тамырларын және тамырсабақтарын кейін үйіндіге арналған немесе өзге диірмендерде ұсақтайды. Жемістерін, дәндерін және (толокнянканың, итбүлдіргеннің немесе эвкалиптің) терілі жапырақтарын алуан түрлі диірмендердің көмегімен ұсақтайды. Жөке, сиырқарақат және дәріханалық түймедақ гүлін қоспағанда, гүлдерді тұтас күйінде пайдаланады.

Өсімдік шикізатының ұсақталу дәрежесі жинақтың пайдаланатын мақсатымен анықталады. Ішке қабылдауға арналған тұнбалар мен қайнатынды жасауға арналған жинақтар (Species ad infusum et decoctum) – шай, шаю және дәріленген дәке – бөліктерінің мөлшері келесідей болуы керек: жапырақтары мен шөптері – 4-6 мм, сабақтары, қабығы және тамырлары – 3 мм, жемістері мен дәндері – 0,5 мм, тартатын жинақтар (Species fumales) – 3 мм, су қабылдауға арналған жинақтар (Species pro balneo) – 2 мм.

Електен өткізу. Ұсақталғаннан кейін жинақтар тесіктерінің мөлшері 0,2 мм № 32 електен өткізу арқылы шаңнан тазартылуға тиіс.

Араластыру. Жинақтың құрамдас бөліктерін тұрқы (корпусы) айналатын араластырғыштарда араластырады. Жинақтың жекелеген бөліктерінің мөлшерлері, пішіні, салмағы әртүрлі болғандықтан және осыған байланысты қабаттарға бөлінуі мүмкін болғандықтан, құрамы бойынша біртекті қоспа алу белгілі қиындықтар әкелуі мүмкін.

Егер жинақтың құрамына эфир майлары немесе тұздары кіретін болса, оларды алдын ала ерітіп алады: эфир майларын этанолда, тұздарды – суда; алынған ерітінділермен жинақтың бір құрамдас бөлігін немесе жинақты түгелдей бүркіп шығады. Сулы ерітінділер қолданған жағдайларда ылғалданған жинақты мұқият араластырып, 40-600С температурада кептіргіш шкафтарда кептіреді. Ылғалды өсімдік материалы ферменттік және микробтық зақымдануға өте оңай көнеді. Өсімдік шикізатының құрамдас бөліктерінің денатурациясын болдырмау үшін кептіру температурасы 600С –ден аспауы керек. Спирт ерітінділерін қолданған жағдайларда жинақты жиі-жиі араластырып, спирт кеткенге дейін ашық ауада кептіреді. Кептірілгеннен кейінгі жинақтың салмағы өсімдік шикізатының және жинаққа кіретін басқа ингредиенттердің қосынды салмағына тең болуға тиіс.

Жинақтарды орау. Жинақтарды ішіне пергаментті қағаз төселген картон қораптарда немесе 50, 100, 150 және 200 грамдық қосарланған қағаз пакеттерде жібереді. Этикеткасында жинақтың құрамы және міндетті түрде қолдану тәсілі көрсетіледі.

Жинақтарды шығарудың болашағы зор түрі – пресстелген, мөлшерленген дәрілік шикізатқа ұқсас брикеттер болып табылады.

2. Ұнтақтар

Ұнтақтар (Pulveres) – бір немесе бірнеше ұсақталған затардан тұратын, сусымалы қасиетке ие, ішкі және сыртқы қолдануға арналған қатты дәрілік форма.

Құрамына байланысты ұнтақтарды бір ингредиенттен тұратын қарапайым (Pulveres simplises) және бірнеше ингредиенттерден тұратын күрделі (Pulveres composite) түрлерге бөледі. Мөлшерлеу сипатына байланысты ұнтақтарды жекелеген мөлшерлерге бөлінген (Pulveres divisi) және жекелеген мөлшерлерге бөлінбеген (Pulveres indivisi) түрлерге бөледі. Қолдану тәсіліне байланысты ұнтақтар ішкі және сыртқы қолдануға арналған болып бөлінеді. Сонымен қатар, ұнтақтарды електің ұнтақ толығымен өте алатын тесіктерінің мөлшерімен анықталатын ұсақталуы бойынша жіктейді (2 кесте).

Дәрілік форма ретінде ұнтақтар бірқатар оңды қасиеттерге ие: технологиясының қарапайымдылығы; дисперсиялану деңгейін реттеп отыру мүмкіндігі; кейбір жағдайларда заттардың кристалды құрылымының биологиялық қол жетерлікке оң әсерін тигізуі; мөлшерлеу дәлдігі; ауру балалар мен егде тартқан ауралар үшін ерекше маңызды болып табылатын қолдану ыңғайлылығы; құрамының әмбебаптығы; сақтау және тасымалдау ыңғайлылығы – осылардың бәрі дәрілік заттардың терапиялық белсенділігін барынша қолдануға мүмкіндік береді.

Ұнтақтарға кемшіліктер де тән – ұсақ дисперсиялы заттар үлестік бетінің күрт артуының нәтижесінде сәуленің, ылғалдың және ауаның оттегінің қолайсыз әсерлеріне оп-оңай ұшырайды. Гигроскопиялық заттар оп-оңай дымқылданады, ал құрамында кристалданған су немесе ұшпалы құрамдас бөліктері бар заттар жетілдірілмеген орамда оларды оп-оңай жоғалтып алады («ауамен ұшып кетеді»). Ұнтақтар иісті заттардың буларын адсорбциялай отырып, бөгде иіс ала алады. Онымен қоймай, осы дәрілік түрдің кемшіліктеріне мыналарды жатқызады: сұйық дәрілік түрлермен салыстырғанда баяуырақ терапиялық әсер беруі; асқазан-ішек жолының кілегейлі қабығына қоздырғыш әсері.

2 кесте

Ұнтақтарға қойылатын негізгі талаптар: сусымалылығы, заттардың күрделі ұнтақтың бүкіл бөлігіне бірқалыпты бөлінуі, араластырылу біртектілігі, мөлшерлеу дәлдігі, тұрақтылығы. Медициналық қолданылуына және қолдану тәсіліне байланысты ұнтақтардың бөліктерінің белгілі өлшемі болуға тиіс.