Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.15 Mб
Скачать

2.10 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

  3. Дільбарханов Р.Д., Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы.– 1998.–128 б.

  4. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002.–172 б.

орыс тілінде

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

  2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А.Ивановой/ – М.,Медицина, 1991 г. – 2-й том. – 544 с.

  3. Чуешов В.И., Зайцев А.И., Шебанова С.Г. Промышленная технология лекарств. – Харьков, 2002. - В 2-х томах: 1-й том. – 716 с., 2-й том .– 557 с.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

  5. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. – (Под ред. Тенцовой А.И.). – М., 1986. – 271 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы, 2005.– 123 б.

  7. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  8. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

  9. Муляр А.Г. Общая рецептура: учеб.пос. – М., 2009.– 80 с.

  10. Торланова Б.О. Машины и автоматы для фасовки и упаковки лекарственных форм. – Шымкент, 2003. – 166 с.

  11. Сагиндыкова Б.А., Торланова Б.О., Анарбаева Р.М., Кыдыралиев Б.С. Биофармация и элементы фармакокинетики. – Шымкент, 2008. – 68 с.

  12. Маркевич М.П. Руководство к лабораторным занятиям по биофармации. – Шымкент, 2008. – 50 с.

ДӘРІСКЕ

Арналған әдістемелік нұсқаулар

Курс 5

Пән: Дәрілер технологиясы

Құрастырушылар:

доц. Сакипова З.Б.

аға оқытушы Кожанова К.К.

Алматы, 2014 ж.

1 ТАҚЫРЫП: ДӘРІЛЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. ДӘРІЛЕР ӨНДІРІСІН МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАЛАУ. ДӘРІЛІК ҚАЛЫПТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.

Мақсаты: дәрілік препараттар технологиясында қолданылатын негізігі терминдер мен түсініктерді меңгеру.

Дәріс тезистері

Дәрілік препараттардың технологиясы – дәрілік препараттарды дайындаудың теориялық негіздері мен практикалық әдістерін зерттейтін ғылым.

Фармакологиялық құрал – фармакологиялық белсенділігі анықталған және клиникалық сынақтардың объектісі болып саналатын зат немесе заттар қоспасы.

Дәрілік құрал – тиісті елдің өкілетті органы бекіткен тәртіппен адамдағы немесе жануардағы дерттердің алдын-алу, диагностикалау және емдеу мақсатымен қолдануға рұксат еткен фармакологиялық құрал.

Дәрілік зат – жеке химиялық қосылыс немесе биологиялық зат болып келетін дәрілік құрал.

Көмекші заттар – дәрілік заттардан дәрілік қалып дайындауға қажетті қосымша заттар.

Дәрілік өсімдік шикізат - өкілетті орган бекіткен тәртіп боынша медицинада қолдануға рұқсат етілген өсімдік шикізаты.

Дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік қалыптағы құрал.

Дәрілік қалып – дәрілік құралға немесе дәрілік өсімдік шикізатына берілетін қолдануға қолайлы күй.

Мемлекеттік Фармакопея (МФ) – тиісті елдің Денсаулық сақтау мүшесі бекіткен фармакрпеялық мақалалардың, талдау әдістерінің және басқа нормативтік талаптардың жиынтығы.

Фармакопеялық мақала (ФМ) дәрілік құралдар мен дәрілік өсімдік шикізатының сапасына қойылатын талаптар бекітілген және Мемплекеттік стандарт сипатындағы нормативтік құжат.