Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҰҢҒЫЛАРДЫ ЦЕМЕНТТЕУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.79 Mб
Скачать

2.2 Екі сатылы цементтеу әдісі

Шегендеу тізбектерін екі сатылы цементтеу төмендегі жағдайларда іске асырылады:

а) цементтеу аралығындағы тау жыныстарының айырылу қауіпі болса; б) цементтеу аралығындағы цемент ерітіндісінің қату мерзімі кезінде қабаттан мұнайгаз атқылау қауіпі болса;

в) жоғарғы аралықтарды цементтеуде, жоғары температураға шыдамайтын ерітінділер қолданса.

Екі сатылы цементтеу үшін цементтелетін аралық екі бөлікке бөлініп, ортасына арнайы цементтеу муфтасы (4-сурет) орналастырылады. Муфта тұрақты тау жыныстары тұсына қойылып, муфтадан төмен жəне жоғары үш-төрт құбырға тіктеуіш қойылады. Алдымен ұңғының төменгі бөлігі цементтелінеді. Ол үшін буферлік сұйық көлемі айдалғаннан кейін тізбек ішіне төменгі тығын (4) түсіріліп, оның үстіне цемент ерітіндісі (3) айдалады (5-а, сурет). Содан кейін екінші тығынды (10) босатып, оның үстінен басып айдау сұйығының (11) қажетті көлемі айдалады. Басып айдау сұйығын айдау соңында тізбек ішіне пластмасса шар тасталады. Ол жоғарғы төлке (3) арқылы өтіп, төменгі төлке (7) ершігіне отыруы тиіс. Жоғарғы тығын төменгі тығынға отырған кезде, ұңғы сағасындағы қысым көтеріледі, бұл кезде сұйық айдауды уақытша тоқтатады. Шар (12) тізбек ішімен түсіп (5-б, сурет), цементтеу муфтасының төменгі төлкесіне (7) отырады. Содан кейін басып айдау сұйығын қайта айдайды. Шардың үстінде пайда болатын артық қысым əсерінен төменгі төлке (7) штифті қиып, шектеуішке (9) тірелгенше жылжып, тұрықтағы тесікті (8) ашады. Осы тесік арқылы ұңғыны төменгі бөліктегі цемент ерітіндісі қатқанша жуады (5-в, сурет). Содан кейін тізбекке келесі цемент ерітіндісінің (14) көлемін айдап, жоғарғы бөлу тығыны (13) босатылып, екінші басып айдау сұйығының көлемі (15) айдалады (5-г, сурет).

1-тұрық; 2-тығыздау сақинасы; 3-жоғарғы төлке; 4-қиылмалы штифттар; 5-бітеу төлкесі; 6- цемент ерітіндісі шығатын тесік; 7-төменгі төлке; 8-төменгі төлке шектеуіші

4-сурет. Цементтеу муфтасы

Басып айдау сұйығымен айдалатын тығын (13) тізбек ішімен төмен жылжып, цементтеу муфтасының жоғарғы төлкесіне (6) жеткенде тоқтайды, төлке муфта тұрқына ұстатылған штифті қиып, төменгі төлке (7) шетіне тірелгенше жылжып, тұрықтағы тесікті (8) жабады. Осы кезде тізбек ішіндегі қысым кұрт өседі, бұл цементтеу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Екінші цементтеу ерітіндісі қатқаннан кейін шар, төлке (6,7), кері клапан, тізбек ішіндегі артық цемент бұрғыланылады.

5-сурет. Екі сатылы цементтеу схемасы: а-бірінші цемент ерітіндісінің көлемін айдау; б-төменгі сатыны цементтеу соңы; в- жоғарғы сатыны цементтеу алдында ұңғы жуу; г-жоғарғы сатыны цементтеу; д-жоғарғы сатыны цементтеу соңы

2.3 Кері цементтеу әдісі

Ұңғыға шегендеу тізбегі кері клапансыз түсіріледі. Цементтеу алдында тізбектің жоғарғы ұшы жоғары қысымдық цементтеу басы жəне ұңғыдан шығатын жуу сұйығын тазарту жүйесіне бағыттайтын құбыр желісімен жабдықталады. Ұңғы сағасы превентормен бекітіліп, превентордың бүйір бұрмасына цементтеу сораптары жалғанады. Ұңғыны кері жуып болғаннан кейін сақиналы кеңістікке буферлік сұйық көлемі айдалады. Одан кейін тізбек ішінің көлеміне тең жуу сұйығы, екінші буферлік сұйық көлемі, оның соңынан қажетті цемент ерітіндісінің көлемі айдалады.

Бірінші буферлік сұйық ұңғы сағасына шығып байқалған кезде цемент ерітіндісі тізбек башмагына жетеді. Екі буферлік сұйық арасындағы жуу сұйығының көлемі белгілі болғандықтан, сораптармен сақиналы кеңістікке айдалатын сұйық көлемі арқылы, бірінші буферлік сұйық ұңғы сағасына шығып байқалғаннан кейін, тізбек ішіне цемент ерітіндісі 100-150 м аралыққа кіретін кезеңді анықтауға болады. Осы кезеңде ұңғы ішіне сұйық айдауды тоқтатып, цементтеу басындағы крандар жабылып, ұңғы цемент ерітіндісі қатқанша қысымда қалдырылады. Екі буферлік сұйық, цементқолданылады. Кері цементтеу тəсілінде бөлу тығындар қолданылмайды. Бұл тəсіл цементтеу техникасы жетіспеген жағдайларда қолданылады. Негізгі кемшіліктері: тізбек ішіне түсетін цемент ерітіндісін қадағалау күрделілігі; тізбек ішінде цемент ерітіндісі көп қалдырылады;