Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУДВС.дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.43 Mб
Скачать

Лекция 9 – Датчиктер және орындаушы механизмдер

Электронды отын жүйесінде көптеген құрамдастар болады. Бұл құрамдастар датчиктер және орындаушы құрылымдар түрінде болады. Датчиктер берілгендерді ЭББ- на береді де, ол форсунканы белгілі уақыт аралығында іске қосады. Отынды электронды бүрку жүйесінің келесі компоненттері болады.

Барлық датчиктерде температура немесе күштеуден өзгеретін кедергі болады. Егер тем­пература немесе күштеу өзгеретін болса, онда датчик кедергісі де өзгереді. Кедергінің өзгеруі ЭББ- ға жіберілетін кернеудің өзгеруін туындатады. Бұл кернеуді өлшеп және оны картамен салыстырып ЭББ компоненттің бірінің жағдайы туралы ақпарат алады.

Бүрку жүйесінің датчиктері негізгі бірнеше топқа бөлінеді. Бірінші және екінші топтарға әртүрлі түрдегі айнымалы сигналды датчиктер жатады. Әдетте бұлар екі немесе үш өткізгішті датчиктер болады. Үшінші топқа бір блокка біріктірілген екі және төрт өткізгішті датчиктер кіреді. Мысал ретінде Bosch фирмасының көптеген жүйесінде орнатылған отын шығының датчигін айтуға болады. Бұл датчикте ауа шығының және ауа температурасының датчиктері бір жерлендіруі (заземление) болатын жалпы блокка біріктірілген. Соңғы топ ажыратқыштар болатын түйістіру датчиктерін біріктіреді (дросссельдік қақпақтың шеткі жағдайының датчиктері, майдың шектік қысымдарының датчигі және т.б.)

Екі өткізгішті датчиктерде жерлендіру және қоректендіру өткізгіштері болады(5 В). Бұл датчиктердің тізбегі ЭББ-дан басталып ЭББ- да бітеді. Қоректендірудің өткізгіші шығу сигналын беру қызметін келесі ретте атқарады. Датчиктің кедергісінің өзгеруінде қоректендіру кернеуі де өзгереді. Мысалы екі өткізгішті салқындату сұйығының температура датчигінің 5 В-қа тең кернеу, қозғалтқыш температурасы 200С болғанда 2...3 В- қа төмендейді және 800С температурада 0,6..0,8 В шамасында болады.

Үшөткізгішті датчикте қоректендіру өткізгіші (5 В), ЭББ арқылы өтетін жерлендіру өткізгіші және шығу датчигінің өткізгіші болады. Бұл өткізгіш арқылы ЭББ- ға сигналдың айнымалы кернеуі беріледі. Бұндай датчиктердің мысалы ретінде қақпақ арқылы өтетін ауа шығыны датчигі, дроссельдік қақпақтың жағдайының потенциометриялық датчигі, коллектордағы қысым датчигі және т.б. айтуға болады.

Иінді біліктің бұрылу бұрышының датчигі (ИБББД). ИБББД индукциялық генератордың жұмыс приципіне ұқсас жұмыс орындайды. Датчик әдетте қозғалтқыш сермеріне қатар орналасқан. Семер шетінде болат штифттер бірарақашықтықта орналастырылады. Әдетте олар әр 10°сайын, яғни олардың 36-сы орнатылады. Сонымен сермер датчик дискісінің қызметін атқарады.

Датчиктің тұрақты магниті сермерге жақын аралықта орналастырылып, магнит полесін туындатады. Сермер айналғанда штифттер кезекпен магнит полесі арқылы өтіп, жиілігі айналыс жиілігіне пропорционал датчик орамында айнымалы кернеуді генерациялайды. Айнымалы кернеу амплитудасы айналыс жиілігіне тікелей пропорционал өзгереді. Кернеу зая жүрісте 5В- тан 6000 айн/мин айналыс жиілігінде 100 В-қа дейін өзгереді.

Цилиндр идентификациясы датчигі - фазалық дискриминатор (отынды тізбекті бүрку жүйесі үшін ғана)

Тізбекті бүрку жүйемен жабдықталған моделдерде пайдалы жұмыс ырғағы басталатын цилиндрді анықтаумен қатар , сору ырғағы жүріп жатқан цилиндрді де анықтауы қажет. Фазалық дискриминатор ЭББ- ны аталған ақпаратпен қамтамасыздандырады. Әдетте фазалық дискриминатор бөлістіру білігімен қатар орналастырылған немесе тұтандыру тұрқында орнатылған индукциялық түрдегі датчик.

Қысым датчигі. Мембраналы сезімтал элементті қысым датчигіне келесі едәуір кемшіліктер тән: механикалық элементтердің болуы, ақпарат беру тізбегінде салыстырмалы көп буындар санының болуы өлшеу жүйесінің дәлдігіне және сенімділігіне кері әсерін тигізеді.

Түйіспесіз индуктивтік датчиктерде мембраналы камераның сезімтал элементтерінің жылжуында магнитөткізгішінде ауа саңылауы, магнит өткізгіштің магнит кедергісі және катушка индуктивлігі өзгереді. Катушка өлшеу мостысына қосылған. Мост балансы бұзылғанда басқару блогына келетін электр сигналы пайда болады.

Микроэлектронды технологияны қолдану статикалық құрылымды датчиктерге толық өтуге мүмкіндік жасады.

Электромагнитті бүріккіштер. Электромагниттік бүріккіштердің жұмысы біруақытта өтетін гидравликалық, механикалық, электромагнитті және электрлі үрдістерге байланысты, сондықтан ол отын бүрку жүйесіндегі еңбір жауапты элементтердің бірі.

Бүріккіштер импульсті режимде 10-нан 200 Гц-ке дейінгі жиілікте, қозғалтқыш вибрациясы, жоғарғы температуралар жағдайында жұмыс істейді және бұл жағдайда отын мөлшерлеудің сызықтық сипаттамасын 2-5% шегінде бүкіл қызмет мерзімінде (600 млн. цикл іске қосылуға жуық) қамтамасыздандыруы тиіс.

Электржетекті отын сорғысы қозғалтқышқа жеткілікті отын мөлшерін беруі және барлық жұмыс жағдайларында отынды тиімді бүркуді қамтамасыздандыратын қажетті қысымды қолдауы тиіс.

Сорғыға қойылатын негізгі талаптар келесілер:

номиналды жүктеуде 60...200 л/сағ отын беруді қамтамасыздандыру;

қоректендіру жүйесіндегі қысымды 300...400 кПа шамасында ұстау;

қозғалтқышты іске қосу өте маңызды жүктеу барысында жүйедегі

қысымды номиналды шамасының 50-60% -ындай шекте ұстау

мүмкіншілігінің болуы.