Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУДВС.дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.43 Mб
Скачать

Лекция 4 – Кешенді қбж функционалды схемасы . Қбж – ның кіші жүйелері: ауалық, отындық, электр қоректендіру жүйесі, тұтандыру жүйесі

Автомобильдерде тұтандыруды микропроцессорлы басқару жүйесінен және ЗЖЕЭ- ден басқасында тұтандыру мен отын бүркудің кешенді басқару жүйесі қолданылады. Жүйенің функционалды схемасы сурет 5- те келтірілген.

а – жұпты бүркетін; б – тізбекті (фазаланған) бүркетін; ДПКВ – иінді біліктің жағдай датчигі; ДС – автомобильдің жылдамдығының датчигі; ДТ – салқындату сұйығының температурасының датчигі; ДД –детонация датчигі; ДРВ – ауа шығынының датчигі; ДПДЗ – дроссельдік қақпақтың жағдай датчигі; ДК – оттегі датчигі; СО-П – СО-потенциометр; ДО – фаз датчигі; Ф – форсунка; ЭБН – электрообензинсорғысы; РХХ – зая жүріс реттегіші; ВСОЖ – қозғалтқыштың салқындату жүйесінің желдеткішіші; КОНД – кондиционер; СУПБ – бензин буын қармау жүйесі; СЗ – тұтандыру жүйесі; Св – тұтандыру білтесі

Сурет 5 – Отынды бүрку жүйесінің функционалды схемасы

Бұл жүйелер келесі ретте жұмыс орындайды. Қозғалтқышқа орнатылған датчиктерден қозғалтқыштың жұмысының режимі туралы келесі ақпарат алынады:

Ииінді біліктің айналыс жиілігі, иінді біліктің бұрылу бұрышы бойынша жағдайы, кіргізу құбырындағы абсолютті қысым, дроссельдік қақпақтың орналасу жағдайы , салқындату сұйығының жағдайы, ауа температурасы. Бұл сигналдар басқару блогының интерфейсімен аналогты түрден цифрлық түрге ауыстырылады. Бұдан кейін цифр түріндегі сигналдар процессорге беріледі де, тиісті өңдеуден кейін басқару блогынында есте сақталған (память) мәндерімен салыстырылады. Процессор орындаушы құрылымдарға, яғни тұтандыру жүйесіне- транзисторлы коммутаторға, отынды бүрку жүйесіне- форсункаларға (негізгі және іске қосу) және электробензинсорғысына реттеуші сигналдар береді.

ҚБЖ- сімен тұтандыруды басқару. ҚБЖ жоғарыда жазылған жүйенің принципі бойынша жұмыс орындайды. Бірінші орамның жалғастыруын ауыстыру сигналы қызметін индукциялық датчик немесе Холл датчигі негізіндегі беруші генератордың импульсі атқарады. Күшейткіш ЭББ- ның құрамдас бөлігі болуы мүмкін немесе ЭББ- ның сигналы бойынша басқарылатын жеке құрылым болуы мүмкін. Жеке күшейткіштің артықшылығы, ол істен шыққанда оны ауыстыру ЭББ-ны ауыстырудан анағұрлым арзан болады.

Отынды бүрку мен тұтануды электроника құралдарымен өзара байланысты басқару тұтандырудың озу бұрышын басқару бағдарламасын оптималды жағдайға үлкен дәрежеде жақындатады. Бүркілетін отын мөлшері басқару блогымен белгіленеді, яғни ол кірердегі ауа көлемі мен температурасын, иінді біліктің айналыс жиілігін, қозғалтқыштың жүктелуін және салқындату сұйығының температурасын өлшейтін датчиктердің ақпаратын ескереді. Бұл параметрлердің негізгісі, бүркілетін отын мөлшері тәуелді болатыны ауа шығыны болып табылады.

Отынды электронды бүркуді басқару. ЭББ отын бүркудің негізгі ұзақтығын есептеуге бағдарланған. Іс жүзінде бұл отын бүріккішінің ашық болатын уақыты (бірнеше миллисекунд). Датчиктердің (ДРВ және ДДК, ПДЛДЗ, ДТОЖ, ДТВ) берілгендері ЭББ- на беріледі. Бұл берілгендер негізінде барлық жұмыс режимдеріне дұрыс қоспа құрамы сақталатындай отын беру уақыты корректирленеді. Қазіргі кезде отын бүрку жүйесінің бірнеше түрі бар, олардың ішінде ең көп тарағаны келесі үш жүйе:

Орталықталықтандырылдған отын бүрку жүйесі

Бірмезгілде бөлістірілген отын бүрку жүйесі

Ретті бөлістірілген отын бүрку жүйесі

Отын беруді басқару. Ұшқынды тұтандырылатын қозғалтқыштарда отын беруді басқару отынауалы қоспаны реттеумен байланысты болады және құрамында келесі функциялар болады: жұмысшы қоспаның сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеу; жұмысшы қоспаны дайындау; қоспаны цилиндрлерге бөлістіру.

Автомобиль жүргізушісі дроссельдік қақпақты басқарады, ол жұмысшы қоспа мөлшерін реттейді, сонымен қатар жұмысшы қоспаны дайындайтын құрылым ретінде аталған қоспада ауа мен отын қатынасын өзгертіп, қажетті отын мөлшерін мөлшерлеп қозғалтқышқа берер алдында ауамен араластырады.