Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУДВС.дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.43 Mб
Скачать

Лекция 1 – Пән мәселелері. Басқа пәндермен байналысы. Отынды бүрку жүйесін жасау тарихы

Қазіргі заманғы автомобильдердің электр жабдықтарында электронды құралдар мен коммуникация көмегімен тораптар мен агрегаттардың жағдайы туралы үлкен ақпаратқа ие болатын басқаратын және бақылайтын күрделі жүйесі болады. Қол жеткізілген деңгей үздіксіз немесе кезеңдермен орнатылған немесе сыртқы приборлар көмегімен техникалық үрдістерді және машинаның техникалық жағдайын бақылауға мүмкіндік жасайды.

Радиоэлектроникадағы соңғы жетістіктер көлік құралдарының техникалық және пайдалану көрсеткіштерін едәуір жақсартуға мүмкіндік жасады. Бұл машинаның тораптары мен агрегаттары жайында үлкен ақпараттың болуы және оны электронды құралдар көмегімен бақылау көлік құралдарының сенімділігін, үнемділігін және экологиялылығын жоғарылатуға мүмкіндік жасады.

Қазіргі заманғы автомобильдің электр жабдығында маңызды жүйені, яғни қозғалтқышты басқару жүйесін (ҚБЖ) ерекше атап көрсетеді. Әлемдегі өндірілетін автомобиль 70%- дан астамы отынды беруді басқаратын және жанар қоспаны тұтандыру жүйелерімен жабдықталған.

Автомобиль қозғалтқыштарының өте көп тарауы, олардың құрылымдарының әр түрін туындатты. Бұл тиісінше басқару жүйесінің көп варианттарын пайда қылды. Әдебиеттердің берілгендері бойынша бұл жүйелердің 200- ден аса түрлері бар, әртүрлі жөндеу қызмет көрсету жұмыстарын орындау барысында нысандарды тануда және параметрлерінің мәндерін анықтауда белгілі қыйындықтарды туындатады.

Отынды бүрку жүйесі іс жүзінде автомобиль қозғалтқышын жасаумен бірге ойлап табылған. 1881 жылдардың өзінде- ақ көптеген автомобильжасаушылар карбюраторды жетілдірумен айналысып жатқанда Этив атты француз қысылған ауа массасын өлшеу жүйесіне патент алды 1883 жылы году неміс инженері қозғалтқыштың цилиндрінің жану камерасына отын бүрку жүйесіне патент алды. Шамамен дәл сол уақытта Англияда Эдвард Буглер қуыс стерженьді кіргізу клапаны арқылы қысыммен отын бүркетін жүйемен жабдықталған қозғалтқыш жасады.

Шевроле компаниясы Рочестер бүрку жүйесін эксперименттен өткізді, бұл өз кезегінде Хилборн жүйесіне негізделген болатын. 1957 жыл бойы бұндай бүркетін Корвет моделінде қосымша жабдық ретінде қойылды. Понтиак Бонневилль моделінде бұл жүйенің біршама өзгертілген түрін қолданды. Бірақ жоғарғы құнымен сенімсідігіне екі фирмада 1959 жылы оны қолданудан бас тартты.

60-шы жылдардың соңында Бендикс фирмасы Хилборн жүйесімен бәсекелес ретінде отын бүрку жүйесін дамытты. 1971 жылға қарай Индияның 33 қуу автомобильдерінің 500 32 – сі Бендикс жүйесімен жабдықталды. 70- ші жылдары бұл жүйе бәссіз қуу автомобильдерінде жетекші болды.

1950-ші жылдан 1986 жылдар аралығында кіші фирмалармен көптеген отынды бүрку жүйесі жасалып, ұмытылып та кетті. Қазіргі кезде керісінше отынды бүрку жүйесі үлкен фирмалармен дайындалып, кіші фирмалар өткізу нарқынан қуылды.

Кіші фирмалардың ішінде ең табыстысы Кугельфишер фирмасы болды.

Бұл фирманың отынды бүрку жүйесімен жабдықталған автомобильдер Европада 60-шы жылдары кеңінен қолданылды. 1974 жылы Bosch фирмасына қосылды.

1973 жылы Bosch фирмасы механикалық K-Jetronic отынды бүрку жүйесін жвсвды. «К» сериясының жүйесі тиімділігі және шығарылған газдардағы СО- ның құрамы бойынша механикалық жүйелер бойынша ең тиімдісі болып танылды.

1984 жылы жетілдірілген қозғалтқышты іске қосу жүйелі және жұмыс істеп біткен газдарды бақылайтын жүйелі «КЕ» Jetronic сериялы отынды электронды бүрку жүйесі жасалды. Механикалық әрі электронды жүйе бүгінгі күнге дейін қызмет істеуде. Бірақ басқа механикалық жүйелер электронды жүйелермен бәсекелестікке шыдамай қолданыстан тыс қалды.

Негізгі жүйе құрамында электронды басқару блогы болды, ол берілгендерді кіргізу коллекторындағы қысымсыздандыру, қоршаған орта температурасы ауа қысымы және қозғалтқыштың айналыс жиілігі датчиктерінен алады. Қозғалтқыш жылдамдығына және оның жүктелуіне байланысты есептеулерден кейін форсункалар электромагниттермен ашылып, есептелген отын мөлшері коллекторға бүркіледі. Отынның тұрақты қысымы сорғы көмегімен ұсталып тұрды. Форсунканы ашу туралы сигнал тұтандыру үзгішінен беріледі.

60- шы жылдардың соңында отынды бүркудің механикалық және электронды жүйелері біріктірілген көптеген жүйелері пайда болды. Бұл уақытта қоршаған ортаның ластануын бақылау проблемасы туындады. Карбюраторларды жетілдіру, олардың қымбаттауын туындатты. Карбюратормен электронды жүйені біріктіру оң нәтиже бермеді. Карбюраторлы қозғалтқыштар «ластау» болды және электронды жүйемен жабдықталған қозғалтқыштарға қарағанда тәсілділігі төмен болды. Осының барлығы автомобиль жасау саласында электронды жүйені кеңінен қолдануды туындатты.

90- шы жылдары қозғалтқышты электронды басқару жүйесі өте жылдам дами бастады. Бұл уақыт кезеңінде аталған жүйенің көптеген әртүрлі модификациясы пайда болды. Кейбір жүйелерде электронды басқару блогы автоматты беріліс қорабымен, тарту күшін реттеу жүйесімен және басқа да жүйелермен байланыста болды. Модификациялар арасында орталықтандырылған және бөлістірілген бүрікпелі (біруақыттағы және тізбекті)жүйелерді, бөлістіргішті және бөліштіргішсіз тұтандару жүйелерін ажыратуға болады. Өздігінен диагностикалау жүйесінің жетілдірілуі жүйенің тіркейтін параметрлердің санын ұлғайтумен жүзеге асырылады. Қазіргі кезде бұндай параметрлер жүзден асуы мүмкін.