- •5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
- •Оқытушылар үшін пәннің бағдарламасы
- •2 Талқыланды
- •Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Жалпы ереже
- •3.5 Курстың пререквизиттері:
- •3.6 Курстың постреквизиттері:
- •Оқу пәнінің мазмұны (модуль) Кесте 2
- •5 Студенттің өздік жұмыстары үшін тақырыптар тізімі
- •6 Пәннің оқу әдістемелік картасы
- •7 Оқу әдістемелік әдебиеттермен қамтылу картасы
- •8 Әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
3 Жалпы ереже
Пәннің қысқаша мазмұны:
«Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау» І пәні әртүрлі дәрілік заттардың фармакодинамикалық әсер етуін есептеп, дәрілік заттардан шипа ұсыным (рецепт) тағайындап, олардың формаларын істеп көрсетудің ережелері мен әдіс-тәсілдерін үйретіп және оны жануарларға беріп, дәрілік заттың организмге әсер етуін бағалауды оқытады.
Пәннің оқытылуы негізінен – жалпы және дербес фармакология бөлімінің тараулары бойынша оқытылып, фармакодинамикалық, фармакокинетикалық және дәрілік заттардың организмдегі биотрансформациясы заңдылықтарын түсіндіре отырып, дәрілік заттың химиялық және физикалық қасиеттеріне сәйкес әсер ету механизмін жан-жақты түсіндіреді. Пән ветеринар дәрігері мамандығын қалыптастырудағы негізгі пән болып есептеледі сонымен қатар, мамандық этикасы мен деонтологиялық қағиданы сақтауға тәрбиелейді.
Пәнді оқудың мақсаты:
Дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, фармакодинамика мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, дәрілік заттардың биотрансформациясы, дәріні организмге енгізу, және оның бөліну жолдарын, токсикологиялық мәселелерін білу. Аурудың пайда болу себептері мен патогенездік ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын дәрі-дәрмектер әсерінен жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіну болып табылады.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты:
Дәрілерді ауруларды емдеуге, алдын алуға, жануарлардың өсімталдығы мен өнімділігін арттыруға, физиологиялық құбылыстардың бірқалыпты өтуін реттеуді оқыту.
Ветеринариялық фармакологияда – дәрілік заттар әсерінен болатын биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын зерттеу. Дәрілік заттардың қолдану әдісі мен шарттарын білу. Организмдегі функциональдық және биохимиялық құбылыстардың негізгі әсерден кейінгі өзгеруін бағалай білуді.
3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек:
- заттың атын және құрылымдық формуласын шипа ұсынымда дұрыс көрсете алуды;
- зертханалық тексеру әдістерін;
- дәрілік заттардың қасиетін және сақталу ережелерін;
- организмнің физиологиялық және патологиялық жағдайларындағы дәрілік заттың әсерлерінің ерекшеліктерін, олардың сипаттамасын, әсер ету механизмін, қолдануға болатын және болмайтын жағдайларын;
- дәрілік заттардың әсер ету механизмін;
- жаңа аспаптармен, құралдармен жұмыс істеуді;
- пәнді жан-жақты теория жүзінде білуді;
- дәрілік заттардың қасиеттеріне қарай сақтау ережелерін, малдарға әсер ету заңдылықтарын, антидоттарды қолдану тәртібін, дәрілік заттардың қолдануға болатын тиімді формасын, малдәрігерлік тәжірибеде қолдану әдістерін игеруі;
- Малдың физиологиялық жағдайына, жасына, жынысына, салмағына байланысты дәрілік заттарды тағайындау, олардың концентрациясын білу, әртүрлі ауруларға қолданылуы, шипа ұсыным, белгілі бір формада дайындау, оларды ауруды емдеу үшін қолданғандағы нәтижелерін шығару;
- Тұжырымдамаларды дұрыс пайдаланып дағдыларын үйренуі.
