Геологиялық бөлім
2.КЕН ОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Геологиялық зерттеу тарихы
1936 ж. Баян ауданының баурайында Шипинмен Е.Д. табылған болатын. 1951 ж. Баянды кенашылымда қатты жыныстар мен опырмалы жынстарды тексерулер жүргізілді. Осының нәтижесінде Баянды кенашылым қатты жыныстар немесе опырмалы жыныстардың құрамындағы шипитты анықтау мен бағалау объектісі болды.
Осындай іздеу ұсыныстарында Көкшетаулық іздеу-барлау партиясы 1954 ж. кенашылым аймағында іздеулер жүрзіді. Нәтижесінде 16 линзатәріздес эпидот, амфибол, пироксендер табылды.
1976-1979 жж. Баянды кенашылымда нақтылы іздеу жұмыстары жүргізілді. 14 Канава саны қазылды. Жалпы көлемі 876,6г. Кенді дене бойымен 3 канава және 4 ұңғыма өткізілді.
2.2 Стратеграфия
Аудан терең метаморфты зерендистік свитаның төменгі протерозойында құрылған.
Зерендистік свита (PR1- 2 ZN)
Зерендистік свитаның қалдықтары өте көп таралған.
Биотитандық , биотит – амфибиолдық гнейстармен, гранитті гнейстармен, амфиболды және слюдалы сланцтардан және амфебелитті сланцтардан құралған.
Төрттік жүйе (Q).
Бұл жас қабатқа жататын қалдықтар, кеңнің біраз бөлігі солтүстік- шығыс аймағын алып жатыр. Олар балшық, саз, саздақты және құм ретінде кездеседі. Жауын – шашын күштілігі 0,6 м.
Магмалық және вулкандық.
Ертесиллурлы интрузивті болып келеді. Үлкен дәнді гранодиариттен құралған.
2.3 Тектоника
Кең орындарының аумағындағы ең үлкен құрамы болып антиклинальды
Баянды кең орны болып есептеледі. Оның орталық сызығы өзіне аттас көлденең оңға қарай өтеді. Кеңдердің құлауы тік 40° - 60° градуста. Қанаттың солтүстік - шығыс бөлігі антиклинальды вольфрам кеңдеріне тигізілген. Дизъюнктивті тектоникасы құлдырау аймағымен және ұсақталу ретінде көрсетілген, 290° - 300° градуста. Кеңді дененің қуаттылығы 25 м. Құлау градусы солтүстік – шығысқа 60° – 70°. Сол аймақтағы бұзылымдар кең тасушы каналдар арқылы пайда болуы керек.
2.4 КЕНДІ ДЕНЕНІҢ ФОРМАСЫ МЕН КӨЛЕМДЕРІ
Негізгі сол аумақта бір кеңді дене табылған. Кең орны протерозойлы қалдықтарға жатқызылды. Метасомалық өзгерілген кеңдердің күштілігі 1 – ден 10 м дейін. Кеңді дененің күштілігі біріншіден 10 м дейін, ортаңғы қуаттылығы 8,2 м. Кеңді дененің созылымы 486 м. Созылу азимуты 120°. Кеңді дене 60° – 65° градуста жатыр.
2.5 Пайдалы қазба сипаты
Метасомалық зоналарда өзгеріске ұшыраған тау жыныстар кеңді денеде орналасқан, және олардың алғашқы қалыңдығы 5м жетеді. Зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шипит жалғыз минералды кең болып табылды. Шипиттке дәнекерлеуші ; висмутин, молибденит, галенит, сфалерит, халькопирит, арсенопирит, киноварь. Рудалы емес минералдар : эпидет, амфибол, кварц. Құрамында WO3, кеңде 0,2% - ден 0,37 % - ге дейін. Орташа құрамы : 0,30%.
Кеңді дененің генезисі – жоғары температуралы, гидротермальді, кварцты – жилалы болып келеді. Кіріспе тау жыныстары : гранитойд және грейнизациялы процеске ұшыраған кристаллды сланцтер болып табылады. Негізгі минерал ретінде кварц, плагиоклаз, эпидот және гранат. Кіріспе минералдары : висмутин, молибденит, галенит, сфлерит, пирит, халькопирит, арсенопирит болып табылады.
2.6 Кен орынның гидрогеологиялық жағдайы
Кен орынның Баян өзенінің манында орналасса да жерасты суларының көздері жоқ себебі сол жердің тау жыныстарының тығыздығына байланысты .Сондықтан кен орынды барлау немесе пайдалану барысында қиындық тууы төмен
2.7 Кен орынның таутехникалық жағдайы
Банды кен орны таулытехникалық жағдайына байланысты қарапайым болып табылады. Кіретін тау жыныстар әр түрлі санатта. Тау жыныстар көлемді және жарықшақты. Жарықшақты тау жыныстар 4 – 5 м тереңдікте. Қопсыту мөлшері 1,3 – 1,5. Бұрғылау санаттары 7, 10, 9. Көлемді тығыздығы 2,9 г\см
ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ
3 БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЕСЕПТЕУ
3.1 Бұрғылау түрі мен әдісін негіздеу
Бұрғылау әдісі ретінде колонкалық бұрғылауды таңдаймыз. Колонкалық бұрғылауды таңдау артықшылығының ең маңыздысы деп бұрғыланған жыныстан керн алынатындығын айтуға болады.
Керн арқылы геологиялық құрылым және пайдалы қазынды туралы толық және ақиқат түсінік қалыптасады. Керн өте сенімді материал болғандықтан, геологиялық документтердің негізін осы кернге сүйеніп жасайды.
Колонкалы бұрғылауда пайданланып, қаттылығы әртүрлі тау жыныстарыныі кез келген бағытта ұнғыма бұрғылауға болады, оның диаметрі онша үлкен емес және забойы сақина тәрізді келеді. Жаппай забойлы бұрғылау тәсілімен салыстырғанда, бұл тәсілде талқандалатын жыныс көлемі 3-4 есе аз. Осыған байланысты, колонкалық бұрғылауда қолданылатын станоктар, насостар және басқа жабдықтар мен саймандардың салмақтары онша ауыр емес және тұлғалары ықшамды келеді. Колонкалы бұрғылау тәсілін қлоданып ұңғыма бұрғылау үшін тұрақты, өзі жүретін және жылжымалы бұрғылау агрегаттары қолданылады. Олардың құрамына бұрғы станогы, бұрғы мұнарасы немесе діңгегі, насос, қозғалтқыш және басқа құрал саймандар кіреді. Бұрғылаушы аспап айналағанда түрі сақина тәрізді жыныс талқандаушы коронка скважина забойында сақиналы кеңістік жасайды. Оның ортасында құрылымы бұзылмаған жыныс діңгегі – керн қалып қояды. Коронка бұранда арқылы колонкалы құбырмен жалғасады. Өз ретінде колонкалы құбыр өзгерткіштің көмегімен бұрғылау құбырларының колонкасымен жалғасады. Бұрғылау кезінде скважина тереңдеген сайын бұрғылау құбырларының колоннасы ұзартылып тұрады. Жер бетінде, қысқыш патрондардың көмегімен, бұрғылау құбыры шпинделдің ішіне бекітіледі. Бұрғы станогының двигателі алдымен станокты жүргізеді, ал станок шпиндельдегі бекітілген бұрғылау құбырларының колоннасын айналдырады. Онымен қоса-қабат скважина тереңдеген сайын, бұрғы станогы ілгерілетпе механизм арқылы немесе станок лебедкасының көмегімен бұрғылау колоннасын төмен қарай ілгерілетіп тұрады. Бұл кезде керн колонкалы құбырдың ішіне кіре береді.
Насостан айдағыш шланга және сальник-вертлюг арқылы бұрғылау колоннасының ішімен забойға скважинаны жууға арналған сұйық жіберіледі. Ол бұрғы аспабын салқындатумен бірге забойдан шыққан ұсақ шламдарды өзімен қоса-қабат сыртқа ала шығады. Сұйық скважина қабырғасы мен құбыр ішімен ЖТА жеткізіледі. Өндірістік нақты жағдайда колонкалы бұрғылауды тау жыныстарына сәйкес етіп дұрыс пайдалану қажет. Сонда жылдам бұрғыланып, еңбек өнімділігі арта түседі.
