
Жалпы бөлім
Кіріспе
Вольфрам- Менделеев кестесінің 4-ші топ элементі, реттік нөмірі 74, атомның массасы-183,85. Жоғары химиялық тұрақтылыққа ие: бөлме температурасында өзгермейді, ауада, өте үлкен температурада вольфрамның ангедрид кислотасына қышқылданады. Тұзды, күкіртті қышқылдарда ерімейді деуге болады, азот қышқылында жоғарғы бетінен қышқылданады. Вольфрам-металдар ішіндегі ең баяу ерітінді.
Қара
металл өндірісі вольфрамның 90%-н
пайдаланады. Вольфрам кендері құрамында
60%-дан жоғары
бар вольфрамды концентрат алу үшін
байыту жұмыстарынан өткізеді. Олар:
фосфор, кремнизем, мыс, күкірт, мышьяк.
Нәтижесінде келесі өнімдер: ферровольфрам, минералды вольфрам, металды вольфрам п.б.
Бастылары екіге бөлінеді:
Вольфрамиттер тобы:
вольфрамит (Fe,Mn)WO4-(76,5%WO3)
геобнерит Mn WO4(76,6%WO3)
Шеелиттер тобы:
шеелит CaWO4(80,6%WO3)
молибдошеелит Ca(W Mo)O4
Вольфрамолибден кенорнында кездеседі
Кен орын
Жиі кездесетін аймақтар Қазақстан, Қытай, Канада және АҚШ; солармен қатар Боливия, Португалия, Ресей және Оң т. Корея. Жер бетінде жылына шамамен 49-50 мың тонна вольфрам ондіріледі, соның 41-і Қытай, 3,5 Ресей, 0,7 Қазақстан, 0,5 Австрия. Басты эксплоатациялары:Қытай, Оң т Корея, Австрия. Басты импорттаушы: АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания.
Қолданылуы
Басты қолданыс аймағы- жоғарғы балқуға төзімді металл өндірісінде. Вольфрам сталь, арнайы қосылыстарда, бояғыштарда сонымен қатар электро, радио, рентген техникасымен химиялық реактивтер ретінде қолданылады.
1.ЖҰМЫСТЫҢ ГЕОГРАФО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Физико-географиялық мәліметтер.
1.1.1 Орналасу орны
Жоспарланған жұмыс аймағы Көкшетау облысының Володарский ауданының Арық-Балықты орталығының шекарасында орналасқан.
Арық-Балықты ауданы ең ірі және үлкен аудандық орталық болып табылады. Аудан басқа аймақтармен қарым қатынасы үшін орталық тас жолымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ Володарский темір жол бекетіне жақын орналасқан (50км) жерде.
1.1.2 Жер бедері
Зерттеу аймағы өзімен батыс баурайы мен төбелі рельефті жазықтарымен байланысқан.
Жер үстіңдегі абсалютті деңгейі 287,1 м ден 432,1 м дейін.
1.1.3 Гидрожелі
Аудан аймағында өзен желісі дамымаған. Бірнеше шағын бұлақ көздері бар, бірақ ағыны тұрақты емес. Салыстырмалы түрде шағын көлдер бар.Пайдалы қазба табылған ауданында 10 км, тереңдігі 0,7 м болатын Баян өзені бар. Өзендердің негізгі қоректенүші көздері жанбыр суларымен көктемгі еріген қар суы.
1.1.4 Климат
Ауданның ауа райы шұғыл континентті, құрғақ, қысы қатты желдермен суық. Қыстың ұзақтығы – 5 ай. Қаңтардың орташа суықтығы -17°С, жердің катуы шамамен 2-2,5 м. Жазы ыстық, құрғақ. Шілденің орташа температурасы +20°С.
1.1.5 Өсімдік
Аудан аймағында өсімдіктің өсуі нашар. Далалы аймақтарында шөлді өсімдіктеріне тән – жусан және селеулі көп. Су жоқ жерлерінде бұта тәріздес қарағайлы итмұрын кездеседі.
Жануарлары негізінен кеміргіштермен кей жағдайларда қоян және қасқырлар кездеседі.
1.2 Географиялық-экономикалық берілгені
1.2.1 Халқы
Елді мекен етушілер көбінесе орыс, қазақ, украйн халқы. негізгі шаруашылықтары- төрт түлік мал мен үй шаруашылығы.
Жұмыс күшін жинау жыл көлемінде қиындық туғызбайды.
1.2.2 Экономикалық дамуы
Этникалық тұрғыда елді мекен ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлген.
Ауыз су көзі ретінде көрші ауылдардың құдықтарын пайдаланады. Ал техникалық су ретінде Баян көлінің суын қолданады.
1.2.3 Ауданның көлік жағдайы
Кен орынға ең жақын орналасқан темір жол станциясы шақырым жердегі "Володарск" станциясы.
Аудан орталығы Арық-Балық басқа облыс орталықтарымен, аудандармен асфальтті беті бар жолмен қатынасады.
Ал қалған жолдары жаңбырлы және қысқы мезгілдерде жүруге қолайсыз.
1.2.4 Жұмыс аймағын тоқ тоқ көзімен, жанармаймен, құрылыс материалдарымен қамтамасыздандыру
Жұмыс аймағы тоқ көзімен мүлде қамтамасыз етілмеген, себебі жақынарада электроөткізгіш сымдары өтпейді. Проектелген жұмысты тоқпен қамтамасыз еті үшін өздерінің электростанцияларын қолданады.