
- •1.1. Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі және мазмұны.
- •1.2. Меншікке қарсы қылмыстар құрамының негізгі белгілері және түрлері.
- •2.1. Тонау қылмысының түсінігі және құқықтық белгілері.
- •2.2. Тонау мен шабуыл жасап тонаудың жалпы қылмыстық құқықтық сипаттамасы.
- •2.3. Тонау мен қарақшылық қылмыстарының арасындағы айырмашылығы.
- •2.1. Тонау қылмысының түсінігі және құқықтық белгілері.
- •2.3. Тонау мен қарақшылық қылмыстарының арасындағы айырмашылығы.
Кіріспе
Қазақстан халқы өз алдына тарихи мақсат – құқықтық мемлекет құруды қойды. Мұндай құқықтық мемлекет құру үшін, қоғам өмірін гуманизациялау және демократизациялауға, жынысына қарай, ұлтына, қоғамдағы мүліктік жағдайына, әлеуметтік жағдайына, беделіне қарай төмендетудің кез-келген нысасын жоюға бағытталған жаңа құқықтық жүйе құру қажет болды.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен дербестігін алғаннан кейін, нақты осындай құқықтық жүйе құрыла бастады. Қазақстан Республикасының бірнеше жыл дербес өмір сүру кезінде халық өмірінің көптеген жақтарын жақсартуға бағыттылған заңдар мен басқа да нормативтік – құқықтық актілер орасан зор мөлшерде қабылданды. Осы мезгіл ішінде заң шығару процессі үлкен жылдамдықпен жүрді.
Заң адамның өмірін және денсаулығын, оның бостандығын, ар-намысы мен абыройын оның табиғи құқықтарына қол сұғушыдан қорғауға міндетті. Сондықтан, барлық адамдар оларды қорғайтын құқықтарды білуге міндетті. Заңдарды мұқият зерттеу бізге Қазақстанда қандай мемлекет құрылып жатқанын, азаматтар қандай құқықтар мен бостандықтар бар екендігін, сондай-ақ егер де олардың құқықтар мен бостандықтарын лауазымды тұлғалармен, басқа азаматтармен бұзылған жағдайда олардың заңды мүдделерін кімдер қорғайды.
Құқықтық мемлекет құруда, елдегі заңдылық пен құқық тәртібі сақталуында ерекше роль құқық-қорғаушы органдарға жүктелген. Яғни қағидалардың сақталуы мен заңбұзушылықтың жауаптылығы осы органдарға байланысты.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Тонау үшін қылмыстық жауапкершілік» деп аталады. Бұл тақырып қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы жылдарда тонау қылмысы үлкен қарқынмен өсіп келді.
Курстық жұмыстың мақсаты: тонау дегеніміз не, тонаудың басқа қылмыс түрлерінен ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтау және қандай адамдар осы қылмыстарды жүзеге асыратынын, қандай жағдайда бұл қылмыстар жасалатыны туралы қарастыру болып табылады.
Тонау қылмыстық кодекстің 6-тарауының 191-бабында қарастырылған.
Тонау – бөтеннің мүлкін ашық жымқыру болып табылады. Осы қылмыс үшін мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Тәжірибеге байланысты, соңғы жылдары осы қылмыстар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, ұйымдасқан топтармен немесе кәсіпкой қылмыскерлермен жасалатыны анықталды, олар қылмыс жасау әдісімен, шабуылға дайындалу процесіне әр түрлі әрекеттер қосатындығымен, қылмыстың нақты жасалануымен, тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiруімен, құндылықтарды заңсыз иеленумен, сондай-ақ, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп;қылмыстық озбырлықтың іздерді жасырумен ерекшеленеді.
Тонау мен шабуыл жасап тонаудың, әрекеттегі заңдар мен өзге нормативтік-құқықтық актілерін талдауға негізделе отырып құрастыруға болатын өзекті сипаттамаларын ұрлықтың негізгі бір түрлері ретінде қарастырымын. Сонымен қатар, тонау мен қарақшылықтың және ұрлықтың басқа түрлерінен, мысалы талантараж немесе қорқытып алушылықтан айырмашылығы зерттеледі.
Тону үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесіне қатысты өзінің монографияларын Мартыненко Н.Э., Ситников Д.А., Зубкова В.И., Тяжкова И.М., Миньковский Г.М.,Гаухман Л., Максимов С. және т.б. авторлар үлесін қосқан.
Курстық жұмыстың құрылымды мазмұны, кіріспеден, екі тараудан, бес бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1. Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі және мазмұны.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік табылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілгіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. [1;5]
Адамның құқықтары мен бостандық жүйесінде меншік құқығының алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке бастық сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол бұзушылықпен пара-пар. Меншікті қылмыстық қол сұғушылық қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыс – мүліктің меншік немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қауіпін тудырумен байланысты қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.
Меншікке қарсы қылмыстың болып азаматтық құқық бойынша меншік обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар, айналымнан алынбаған басқс да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табыламы. [3;446]
1.2. Меншікке қарсы қылмыстар құрамының негізгі белгілері және түрлері.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы дегеніміз – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жәнә т.б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б ие бола алады.
Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығыбасқа адамға берілуі мүлкін. Мысалы, коммисия, сақтау және т.б шарттар бойынша коммиссионер берілген мүліктің сақтаушысы, заң нгізінде иелену құқығын және т.б құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайдалану кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кіржуғыш мақсатына өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б
Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің мүліктің заңдық жағдайын анықтап өзгерте отырып, мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу немесе тоқтату құқығы (мысалы, сату, айырбастау, сыйлау,жойып жіберу, жедел басқаруға беру және т.б). Билік ету құқығы тек меншік иесіне тиесілі.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. [2;73]
Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады. Қылмыстық кодекстың ерекше бөлімінің «меншікке қарсы қылмыстар» тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтенінің меншігі екендігін көрсетеді. Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алааяқтық, т.б). Тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке мншік,муниципалдық не жекенген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған,мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының конститутциясы мнешіктің кез келген нысанын бірдей қорғауды жарйялап отыр. Сондықтан да ұрлықты бөтен мүлікті иеленуді, тағы басқандай әрекетерді саралау үшін ұрлаған мүліктің қандай нысандағы меншік екендігінін маңызы жоқ.
Объктивтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған.
Сондықтан да, олардың, объективті жағы үш міндетті белігіден тұрады іс- әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептің- зардаптық байланысы. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыс болып табылады, себебі бұлардың міндетті белгісі- тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардай зардап қылмыс құрамын ың тегінен жатыр. Қылмыстық зардапты әрқашанда материалдық сиппат болады, мүліктік залал туындайды.
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамының объективтік жағының міндетті түрдегі элементті қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы бір қылмыста- мүікті иеленіп алу немесе ысырап етеге –қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамының нышаны ретінде алынады,мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық (Қылмыстық кодекстің 190 бабы 2 бөлімінің «в» тармағы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (Қылмыстық кодекстің 195 бабының 1 бөлігі), жерге заттай құқық бұзу (Қылмыстық кодекстің 201бабының 3 бөлігі).
Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (Қылмыстық кодекстің 189 бабы ) алаяқтың (Қылмыстық кодекстің 190 бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (Қылмыстық кодекстің 195 бабы),көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (Қылмыстық кодекстің 196 бабы), ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (Қылмыстық кодекстің 193 бабы), мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу (Қылмыстық кодекстің 197 бабы), авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу (Қылмыстық кодекстің 198 бабы), өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу(Қылмыстық кодекстің 199 бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (Қылмыстық кодекстің 201 бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 202 бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән-жайлардың болмауы (Қылмыстық кодекстің 200 бабтың 1 бөлімі), ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 203бабы).
Аурылытатын мән-жайларсыз ұсақ-түйек жымқыру (Қылмыстық кодекстің 187бабы) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188 бабы), тонау (Қылмыстық кодекстіңтің 191 бабы), қарақшылық (Қылмыстық кодекстің 192 бабы), қорқытып алушылық (Қылмыстық кодекстің 194 бабы), ауырлататын мән-жайлардың автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (Қылмыстық кодекстің 200 бабының 2-4 бөліктері).
Аурылытатын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (Қылмыстық кодекстің 204 бабының 2,3 бөліктері).
Субъективтік меншіке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана- бөтен мүлік абайсызда жою немесе бүлдіру кінәнің абайсыз нысанында жасалуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі- пайда табуды көздеу немесе сондай себептер.
Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті алу мін байланасты ұрлау деп аталатын қылмыстрға және ұрлау мен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрнеу, қымыстық жолымен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интелекттуалдық меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз аңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады. [4;399]
Бүгінде бұл керағар үрдіс есірткі және порнография бизнесімен, қару-жарақ сату мен, қорқытып алушылық және басқа да қауіпті қылмыстармен тығыз байланыс орнатып алды. Ұйымдасқан қылмыстылық ұғымына және белгілеріне түсінік берудегі елеулі еңбек криминологиялық ілім өкілдерінің еншісіне тиеді. Мысалы: ұйымдасқан қылмыстылыққа тән белгілер жиынтығының барынша толық анықтамаларын О.В.Пристанская ұсынды деуге болады. Олар:
1) Қылмыстық бірлестіктің «тіршілік етуін» материалдық – техникалық және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету.
2) Әшкере болудың және әшкере болудан қорғайтын толып жатқан шараларды пайдалану, әлеуметтік бақылаудың барлық түрлерінің алдын-алу (болдырмай тастау) құқық қорғау органдарына қарсы тұруды ұйымдастыру. 3) Қаржыландыру: қылмыстық бірлестіктің билік сатылары бойынша заңсыз жолмен алынған кірісті қайтадан үлестіру, қылмыстық іс-қимылды қолдауға арналған белгілі бір орталықтандырылған материалдық қор құру егер әшкере болған жағдайда оның орнын толтыруға арналған шығындарды қарастыру, қылмыстық бірлестікке қатысушыларға материалдық жәрдем көрсету.
4) Орталықтандырылған ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету.
5) Жазалау және марапаттау шараларын қамтамасыз ететін формальды емес «өзіндік мәдени» ережелер.
Бірқатар ғылыми және осы саладағы қызметкерлердің пайымдауынша, ол кезде күшінде болған Кодекстің кемшіліктері мынада болды: қылмыстық жауапқа тарту үшін ұйымдасқан топқа қатысушының әрқайсысының нақты қылмысты іс-қимылын және оның бірлесіп жасаған қылмысқа өзге қатысушылармен байланысын дәлелдеу қажет болды. Ал бұл қиын жағдай (мұнымен келіспей және болмайды). Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы тікелей өзі ешкімді өлтірмеуі, пара бермеуі, ұрлық жасамауы мүмкін. Сондықтан қылмыстық заңға қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларын олардың нақты қылмыстармен тығыз байланысы барлығ дәлелденбеген жағдайда да қылмыстық жауапқа тартуға мүмкіндік беретін шамаларды енгізу қажеттігі жайлы шешім қабылдады. Осыған байланысты, заң жүзінде қоса қатысуды екі және одан көп адамдардың қылмыс жасауға бірлесіп қатысуы деп қана емес, сонымен қатар екі немесе одан да көп адамдардың жалпы қылмыстық іс-қимылға қасақана бірлесіп қатысуы деп анықтауы ұсынылды. «Жалпы қылмыстық іс-қимыл» ұғымын енгізу біржағынан құқық қорғау органдарының қызметтерін әрбір қылмысты әрекетті анықтап әрі дәлелдеуден, қылмысты әрекеттердің келісімділігін, нақты орындаушылардың кінәсін, олардың іс-әрекеттері арасындағы себепті байланысты дәлелдеуден босатса, екінші жағынан қылмысты ұйымдастырушылар мен жетекшілеріне де оңай тимес еді.
Іс-қимылға қоса қатысуды талдағанда қылмыстың жалпы байланысы (іс-қимылдың жекелеген сәттерінде ол байланыстың нақты қалай бой көрсеткеніне қарамастан ) маңызды. Қылмысқа қоса қатысуды анықтауға жаңа қырынан келудің дұрыстығын дәлелдеу үшін шетелдік айталық итальяндық тәжірибеге бірталай сілтемелер жасалып келеді.
Бірақ өзіміздің отандық тәжірибені де еске алуға болады, оған пәлендей көп уақыт өте қойған жоқ.
Қылмыстық оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі обьектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Затай дәлелдемелерді немесе іздерді табу – ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Айғақ заттарды іздеуге арнаулы әдіс-тәсілдер және техника криминалистік құралдар қолданылмаса, арнайы дайындықтан өткен маман болмаса, қылмысты дәлелдеуге қажетті іздерді , микрообьектілерді жай көзбен қарап тез арада тауып алу оңайлықпен келетін жұмыс емес.
Ұрлық, тонау мен қарақшылық қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық шабуыл мен тонауды, олардың негізінде баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылық және тағы басқа қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.
Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуылдың көпшілгі азаматтардың жеке мүлкін (бөрікті, аз мөлшердегі ақша, киім, тағам т.б.) тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады. Қылмыскерлер шағын топтар құрамында немесе жекелеп, негізінен ашық жерлерде (көшелерде, саябақтарда, үйлердің аулаларында) кешкі уақытта әрекет жасайды, алайда қарақшылық пен тонау күндіз де жиі жасалады.
Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу, бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жымқыру, оларды жымқыру тәсiлiне қарамастан, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру. Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктің меншiк иесiне немесе өзге де иеленушісіне жымқыру белгiлерi болмаған кезде мүлiктiк залал келтiру
Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақмұнайды қайта өңдеу. Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе өтініш берушінің келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу не өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi немесе интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану.
Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жерге заттай құқықтарды бұзу. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалған немесе адамдар тобы жасаған немесе заңсыз тiнтумен ұласқан бөтен жер учаскесiне заңсыз кіріп кету, сол сияқты бөтен жер учаскесiн заңсыз басып алу.
Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру. Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру .
Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру. Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру.
Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру. Абайсызда жасап, ірі залал келтіріп бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру.
ІІ. Тонау үшін қылмыстық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы.