- •Маңғыстау гуманитарлық колледжі
- •Кайболдиева н.Ж. Ашық тәрбие сағаты
- •2.1 Ерік туралы жалпы ұғым.
- •2.2 Еріктік амалды талдау.
- •2.3 Еріктің сапалары.
- •Insert стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
- •V.Үйге тапсырма: тақырып бойынша конспект жасау, дайындау, тапсырмаларды талдау.
- •Vі.Бағалау.
- •Өткен тақырыпқа шолу жасау тест жұмысы
2.2 Еріктік амалды талдау.
Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс.Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік.Оқушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) болды.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктің амалының бастамасы – тілек немесе ниет деп атайды.Тілек – келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді.Қалау- мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі.
Еріктік амалдың еғң негізгі кезеңі – қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы.Өзінің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады.
2.3 Еріктің сапалары.
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы.Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар.
Біріншіден: еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б )
Екіншіден: адамгершілікке сыйымды ерік қимылдарының сапаларына ( жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары)
Үшіншіден: еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б) бөлінеді.
Тоқтамға келгіштік:
Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілеттің болуы.Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысынан салуды қажет ететін қасиет.Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағала, жоспарлай аладын, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады.Басқалардың ақыл- кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық – тоқтамға тән келгіш адамдарға тән қасиет.
Табандылық:
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетіді көздейді.Ол қажымай- талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады.Мұнда адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі.
Ұстамдылық:
Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл- қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, күйіп- пісуден бойын тежей алу қабілеті.Ұстамды адам әр кез терең ойланып, істің тетігін аңғара отырып әрекет етеді.
Тәртіптілік пен жинақылық:
Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл- қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллективтің ырқына бағындыра алу қабілеті.Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріо отыруға үйрену қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ұқыптылықты үйрену, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына « сіңіріп» отыру деген сөз.
Ерлік:
Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген,сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет.
ІІІ. Сергіту сәті, видеоролик.
«Тұлғаның өзін өзі бағалауы» анықтау
« Ерікті адамсыз ба? » тест
«Сөзден сөзді ізде» ойыны
ІV. Қорытынды:
