- •Маңғыстау гуманитарлық колледжі
- •Кайболдиева н.Ж. Ашық тәрбие сағаты
- •2.1 Ерік туралы жалпы ұғым.
- •2.2 Еріктік амалды талдау.
- •2.3 Еріктің сапалары.
- •Insert стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
- •V.Үйге тапсырма: тақырып бойынша конспект жасау, дайындау, тапсырмаларды талдау.
- •Vі.Бағалау.
- •Өткен тақырыпқа шолу жасау тест жұмысы
2.1 Ерік туралы жалпы ұғым.
Адамды әрекетке бағалайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп ) деп айтайды. Кез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып жатады.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив – оның түрлі қажеттіліктері.Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсат қояды.Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс- амалдар қарастырады.Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгеріске келеді.Бұл үшін ол қимыл- қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.Адамда қимыл- қозғалысқа, іс- әрекетке түсіп отырады.Адамда қимыл қозғалыстар есепсіз көп.Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады.
Оның бірін еріксіз қозғалыстар( яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтеу, шашалу, түшкіру т.б.)
Екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды.Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады.Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды.Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет.Ойланып істелінетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл – қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды.Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез құлқын меңгере алу қабілеті.
Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан.Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттерін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді.Адам бір түрлі жағдайа әр қилы, әр түрлі жағдайда бір қилы әрекет жасайтыны мәлім.Біз көп адамдардан « не тілесем, соны істеймін » деген сөзді жиі естиміз.
Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысының бірі болып есептелінетін психикалы процес деп түсінуіміз қажет.
Орыс ғалымдары И.М.Сеченов пен И.П. Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланыстыпайда болатындығын экспериментік зерттеулермен дәлелдеді.
И.М.Сеченов: « Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек....». « Адамның кез келген қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады» деп еріктің сыртқы ортадан тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.
Еріктің фзиологиялық механизімі де ми қабығының рефлекстік табиғатына жатады.Ерік процесінде жоғарыда айтылып өткен еріктік қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре бара қалыптасады.Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И.М.Сеченовтан кейін зерттеген И.П.Павлов болды. И.П.Павлов және оның шәкірттері басқа анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстар да түрлі тітіркендіргіштермен уақытша нерв байланысына түсуге қабілетті екенін көрсетті.
И.П.Павлов « ... еріктік қозғалыстың механизімі жоғары нерв қызметінің барлық заңына бағытталатын шартты ассоциациятивтік процесс» деп ерікті мидың уақытша байланыстар пртнциптерінің заңына орайлас түіндірді.
Еріктің қозғалыстарды орындауы дегеніміз ? еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы.Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, өзінің денесін басқара алуынан байқалады.
