Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ашық сабақ№1 психология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.43 Кб
Скачать

Маңғыстау гуманитарлық колледжі

Бекітемін:___________

Кайболдиева н.Ж. Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ерік және еріктің дамуы»

Өткізген: практикант Аманкелдиева Ш.Ә.

Тексерген:педагогика пәнінің оқытушысы

Кайболдиева Н.Ж.

Уақыты:_________

Тобы:__ИБ-21___

Бағасы:__________

Қолы:____________

Ақтау 2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Ерік және еріктің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ерік, еріктің сапалары және еріктің дамуы

туралы түсінік беру;

Дамытушылық: студенттердің психология пәні бойынша алған білімдерін жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелілік: студенттерді өзін-өзі бағалауға, меңгерілген білімді саналы қабылдауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, лекция, ойын, сергіту жаттығулары.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта (құрал), слайд, видеоролик, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

« Сәлемдесу » ойыны

Өткен тақырыпқа шолу жасау.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Ерік туралы жалпы ұғым.

Еріктік амалды талдау.

Ерік сапалары.

ІІІ.Сергіту сәті, видеоролик.

«Тұлғаның өзін өзі бағалауы» анықтау

« Ерікті адамсыз ба? » тест

«Сөзден сөзді ізде» ойыны

ІV. Қорытынды:

Insert стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты бекіту.

Бүгінгі сабақ бойынша қорытынды тест жұмысы.

V.Үйге тапсырма: тақырып бойынша конспект жасау, дайындау, тапсырмаларды талдау.

VІ.Бағалау.

1.2 « Сәлемдесу» ойыны

Барысы:

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі бергенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір- бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар.Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен .... қолмен....иықпен....құлақпен..... тіземен.... иекпен... .өкшемен..... арқамен.

1.2 Өткен тақырыпқа шолу жасау.

  1. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психологиялық процестің түрін қалай атайды?

А) қиял

В) сезім ;

С) ойлау

  1. Сезімнің неше түрі бар?

А) 2

В) 3; С) 4

  1. Адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сзінуі бұл сезімнің қай түрі?

А) эстетикалық ;

В) адамгершілік

С) интелектуалдық

  1. Эмоцияның неше түрі бар?

А) 2; В) 3 С) 4

  1. Аффект, стресс, құмарлық, көңіл-күй бұлар эмоцияның қай түріне жатады?

А) қарапайым В) күрделі ; С) эстетикалық

  1. Қысқа уақытқа созылатын, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі?

А) Стресс В) Аффект ; С) Құмарлық

  1. Аффект латын тілінен аударғанда нені білдіреді?

А) күйіп-пісу ; В) шамадан тыс С) мазасыздану

  1. Адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын кшті, терең, тұрақты эмоцияны көрсетіңіз?

А) Стресс В) Аффект С) Құмарлық ;

  1. Эмоцияның теориялық мәселесіне көп көңіл бөлген ғалым?

А) А.С.Макаренко В) А.С.Высотский ; С) Н.Г.Чернышевский

  1. Қуану, ренжу, ашулану, қорқу, табалау бұлар эмоцияның қай тұріне жатады?

А) қарапайым ; В) күрделі С) реттеушілік