- •Пәннің бағдарламасы
- •Тақырып 1. Стандарттау саласындағы халықаралық қарым –қатынас
- •1. Халықаралық стандарттаудағы негізгі ұғымдар.
- •2. Халықаралық стандарттаудың даму тарихы.
- •3. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы халыаралық қызметтестік.
- •Тақырып 2. Стандарттау саласындағы халықаралық ұйымдар
- •Тақырып 3. Исо комитеттерінің іс-шараларын ұйымдастыру
- •Сурет1.Исо құрылымы
- •Тақырып 4. Стандарттау халықаралық электротехникалық комиссияның аясында
- •Тақырып 5. Халықаралық стандарттардың жасалу реті
- •1.Халықаралық стандарттарды жасаудың басты кезеңдері
- •Такырып 6. Ұлттык дәрежеде халықаралық стандарттарды қолдану реті
- •Тақырып 9. Гатт/дсұ көлеміндегі стандарттау
- •Тақырып 10. Магатэ көлеміндегі стандарттау
- •Тақырып 11. Стандарттау бойынша еуропалық комитеттің (сен) іс-шаралары
- •Тақырып 12. Электротехникада стандарттау бойынша еуропалық комитеттің қызметі (сенэлек)
- •Тақырып 13. Халықаралық стандарттың іс-шараларды ұйымы
- •1.Халықаралық стандарттау туралы түсінік
- •Тақырып 14 . Халықаралық стандарттаудың жасаудың реті
- •Тақырып 15. Стандарттаудың аймақтық ұйымы
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
2. Халықаралық стандарттаудың даму тарихы.
Стандарттау бойынша халықаралық қызметтестіктің пайда болуы ХХ ғ. басында Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) құрылған кезге жатқызылады.
Электротехниканың қарқынды дамуы стандарттау бойынша бірінші халықаралық ұйымның пайда болуына зор әсерін тигізді. 1904 ж. Сен-Луестің Хкалықаралық кеңесімен стандарттау бойынша арнайы органның құрылуы қажеттігі туралы шешім қабылданды.
1906 ж. стандарттау бойынша ең алғашқы халықаралық ұйым – Халықаралық электротехникалық комиссия құрылды. Дәл осы электротехникада жеке мемлекеттердің отандық стандарттаудың талаптары мен нормаларының сәйкес келмеушілік салдарыбайқалды, және осының нәтижесіндекөбінесе, нақты бір мемлекетте басқа мемлекетте шығарылатын электротехникалық өнімді қолдануға мүмкін еместігіне әкелді.
Сондай-ақ халықаралық қызметестіктің жоқтығы, әлемде өлшемдік және дюймдік жүелердің, темір жолдарының колеяларын және т.б. әртүрлі өлшемдердің пайда болуына әкелді.
Сондықтан стандарттау бойынша халықаралық қызметтестіктің нәтижесі, коонсперациялық және арнайы өндірістер ұйымының, мемлекеттер арасындағы сауданың дамуына тікелей әсер етеді.
Сондықтан стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару бойынша халықаралық қызметтестіктің өнімі, халықаралық еңбектің бөлінуін толық қолдану мүмкіндіктері үшін шарттарды жасайтын объективті процесстер.
Қазіргі кезед көпдеген стандарттау, сертификаттау және өнім сапасын басқару сұрақтары бойынша жүзден астам ұйымдар бар. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгілері осы саладағы саясатты анықтайды. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО), Халыаралық электротехникалық комиссия (МЭК), Сапасын басқару бойынша Европалық ұйым (ЕОКК).
3. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы халыаралық қызметтестік.
ҚР стандарттау саласындағы халықаралық қызметтестіктің негізгі мақсаттары:
ҚР мемлекеттік стандарттау жүесі басқа мемлекеттердегі халықаралық, аймақтық, озықтық жүелермен гармонизациялауы;
ғылыми-техникалық прогресстегі жетістіктерді қолдану, халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды қолдану негізінде стандарттау бойынша отандық нормативтік құжаттар фондын жетілдіру;
әлмдік рыноктағы бәсекелестікке қабілетті отандық өнімнің сапасын жоғарлату;
бәсекелестікке қабілетті жаңа өнімдер мен техналогия түріне, отандық стандарттар негізінде халықаралық және аймақтық стандарттарды жасау;
ҚР ғылыми-техникалық және сауда-эканомикалық қызметтестіктін нормативті қамтамасыз етуді жақсарту және басқа мемлекеттермен қатар халықаралық еңбекті бөлуде қатысу;
халықаралық және аймақтық стандарттарды жасау негізіндегі ҚР құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
басқа мемлекеттермен бірге өлшемнің бірдейлігін қамтамасыз ету;
сертификаттау нәтижелерін өзара бірлесіп қолдау;
өлшеу нәтижелерін өзара бірлесіп қолдау.
Қазақстанның стандарттау бойынша халықаралық әрекеттер келесі қызметтестік формаларын ұсынады: 1) мүше ретінде халықаралық және аймақтық ұйымдардың жұмыстарына қатысу; 2) қызметтестік туралы хаттамалар мен келісім шарттардың қорытынды негізінде, эканомикалық және ғылыми-техникалық қызметтестік бойынша үкіметаралық комиссия шешімі, ҚР үкімімен бекітілген және Президент қалауы негізінде басқа мемлекеттердің ұйымдарына сәйкес келу негізіндегі екі немесе көп жақты қызметтестіктер.
Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар бағыты бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қызметтестігі, осы ұйымдардың жұмысына тікелей қатысуын қамтиды. Ең алдымен олар халықаралық және аймақтық стандарттарды жасауда қатысу, сондай-ақ оларды мемлекет-серіктестеріне байланысты халық шаруашылығында қолдануды қамтамасыз ету.
Стандарттау саласындағы Халықаралық қызметтестік бойынша барлық әрекеттер, ИСО, МЭК және т.б. халықаралық және аймақтық ұйымдармен қабылданған әдістемелік құжат есебімен, Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша мемлекеттік органмен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен мемлекет-серіктестердің екі жақты ғылыми-теникалық қызметтестік бойынша жұмысты жүргізудін тәртібін анықтайтын және мемлекетте әрекет ететін құжаттар.
