
- •Пәннің бағдарламасы
- •Тақырып 1. Стандарттау саласындағы халықаралық қарым –қатынас
- •1. Халықаралық стандарттаудағы негізгі ұғымдар.
- •2. Халықаралық стандарттаудың даму тарихы.
- •3. Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы халыаралық қызметтестік.
- •Тақырып 2. Стандарттау саласындағы халықаралық ұйымдар
- •Тақырып 3. Исо комитеттерінің іс-шараларын ұйымдастыру
- •Сурет1.Исо құрылымы
- •Тақырып 4. Стандарттау халықаралық электротехникалық комиссияның аясында
- •Тақырып 5. Халықаралық стандарттардың жасалу реті
- •1.Халықаралық стандарттарды жасаудың басты кезеңдері
- •Такырып 6. Ұлттык дәрежеде халықаралық стандарттарды қолдану реті
- •Тақырып 9. Гатт/дсұ көлеміндегі стандарттау
- •Тақырып 10. Магатэ көлеміндегі стандарттау
- •Тақырып 11. Стандарттау бойынша еуропалық комитеттің (сен) іс-шаралары
- •Тақырып 12. Электротехникада стандарттау бойынша еуропалық комитеттің қызметі (сенэлек)
- •Тақырып 13. Халықаралық стандарттың іс-шараларды ұйымы
- •1.Халықаралық стандарттау туралы түсінік
- •Тақырып 14 . Халықаралық стандарттаудың жасаудың реті
- •Тақырып 15. Стандарттаудың аймақтық ұйымы
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
ҚАЗАҚТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тауартану және сертификаттау кафедрасы
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қашықтықтан оқытуға арналған
«Халықаралық стандарттау»
пәні бойынша дәрістер мазмұны
050732 – «Стандарттау , метрология және сертификаттау»
мамандығы студенттеріне арналған
КАРАГАНДЫ
Пәннің бағдарламасы
№ |
Тақырыптың аты |
Сағат саны |
|||
Лекция |
семинар сабақ |
СӨЖ |
СОӨЖ |
||
1 |
Стандарттау саласындағы халықаралық қарым-қатынас |
1 |
1 |
3
|
1 |
2 |
Стандарттау саласындағы халықаралық ұйымдар |
1 |
1 |
3 |
1 |
3 |
ИСО комиттеттерінің іс-шараларын ұйымдастыру |
1 |
1 |
3 |
1 |
4 |
Стандарттау халықаралық электротехникалық комиссияның аясында |
1 |
1 |
3 |
1 |
5 |
Халықаралық стандарттың жасалу реті |
1 |
1 |
3 |
1 |
6 |
Ұлттық дәрежеде халықаралық стандарттарды қолдану реті |
1 |
1 |
3 |
1 |
7 |
Тауарларды штрихкодтау |
1 |
1 |
3 |
1 |
8 |
Кодекс Алиментариус |
1 |
1 |
3 |
1 |
9 |
ГАТТ/ДСҰ көлеміндегі стандарттау |
1 |
1 |
3 |
1 |
10 |
МАГАТЭ саласындағы стандарттау |
1 |
1 |
3 |
1 |
11 |
Стандарттау бойынша еуропалық комитеттің іс-шаралары (СЕН) |
1 |
1 |
3 |
1 |
12 |
Электротехникада стандарттау бойынша Еуропалық комитеттің қызметі (СЕНЭЛЕК) |
1 |
1 |
3 |
1 |
13 |
Халықаралық стандарттың іс-шаралар ұйымы |
1 |
1 |
3 |
1 |
14 |
Халықаралық стандартты жасаудың реті |
1 |
1 |
3 |
1 |
15 |
Стандарттаудың аймақтық ұйымы |
1 |
1 |
3 |
1 |
|
Барлығы |
15 |
15 |
45 |
15 |
Тақырып 1. Стандарттау саласындағы халықаралық қарым –қатынас
Дәріс мақсаты: стандарттау саласындағы халықаралық қызметтестікпен танысу, және оны оқып білу.
Дәріс жоспары:
Халықаралық стандарттау саласындағы негізгі түсініктер.
Халықаралық стандарттаудың даму тарихы.
ҚР-ның стандарттау саласындағы халықаралық қарым -қатынас.
Кілттік сөздер: халықаралық стандарт, унификациялау, отандық стандарт, мамандану, өзара орын ауыстырушылық.
1. Халықаралық стандарттаудағы негізгі ұғымдар.
Қондай-да бір ғылыми-техникалық салады сияқты, халықаралық стандарттау саласында да жетістіктерге жету үшін нақты терминалогия қажет.
«Стандарттау» теримні ұзақ эвалюциялық жолдан өтті. Халықтың стандарттау туралы ұғымдары, өнірістің әдістері мен пішіндерінің жетілдіруі, ғылым мен техниканың даму процесстері мен бірге қалыптасты. Халықаралық және отандық деңгейдегі эканомикалық байланыстың кеңеюі, осы терминнің нақтылануы, стандартизацияның өзінің дамуымен қатар жүрді. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйым (ИСО) 1952 ж. стандарттау бойынша ғылыми принціптерді зерттеуге арналған комиттеті құрды (СТАКО). Осы комитеттін алдыңда стандарттауға байланысты негізгі анықтаманы беру мақсаты қойылды.
СТАКО-мен негізгі терминдер тізбегіне анықтама жасалды, олар: стандарттау, стандарт, мамандану, унификациялау, функциональді және өлшемді өзара орын ауыстыру. СТАКО-мен ұсынылған осы терминдердің анықтамалары ИСО Кеңесімен қабылданып, СЭВ шегінде бекітілген анықтамалар негізіне кірді.
ИСО құжаттарында стандарттау термині келесідей анықталады:
Стандарттау бұл – нақты бір облыста, оптималды реттеу деңгейіне қол жеткізуге бағытталған, эканомика, техника және ғылыми салаларындағы қайталанатын мақсаттардың шешуін табуға бағытталған әрекеттер. Жалпы айтқанда бұл әрекеттер стандарттарды қолдану, басу және жетілдіру процесстерінде қолданылады.
Стандарттау бойынша жұмыс масштабтарына байланысты ол отандық және халықаралық болып бөлінеді.
Отандық стандарттау бұл – бір мемлекет масштабындағы стандарттаудың жұмысы.
Халықаралық стандарттау бұл – стандарттау бойынша жұмыстарда бірнеше (екі немесе одан да көп) егемен мемлекеттердің қатысуы.
Унификация бұл – эксплуатация мен өндірістегі шығындардың азаюы, конструктивті-техналоги мен сәйкестіктін үлгілері және өзара орын ауыстырушылықтың жоғарлауы нәтижесінде материалды өндірістің объект номенклатурасы мен сипаттамаларының рационалды шектелуі.
Өзара орын ауыстырушылық бұл – тұтынуды қанағаттандыру мақсатымен, бір бұйымды басқа бұйым орнына қолдану.
Өзара орын ауыстырудың функционалды аспектісін «функционалды өзара орын ауыстыру» деп атайды, ал өлшемді аспктісін «өлшемді (геометриялық) өзара орын ауыстыру» деп атайды.
Стандарт. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйым (ИСО) келесі анықтаманы қабылдады: «Стандарт бұл – барлық мүдделі тараптардың келесі негізінде әзірленген және оны танымал оргн бекітке, қызметтердің алауат түрлеріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты және белгілі бір саладағы тәртіпке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған, жалпыға бірдей және көпреттік пайдалануға арналған ережелерден, жалпы принціптерден немесе сипаттамалардан тұратын құжат».
Халықаралық стандарт – тұтынушылардың кең ауқымы қолданылатын, стандарттаумен айналысатын, халықаралық ұйым қабылдаған стандарт.