Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адека история болезни.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.52 Кб
Скачать

Эпикриз.

Науқастың аты-жөні: Абдоллин К.И.; Тұратын жері: Аягөз ауданы, село Бидайық

Науқас 2009 жылдан бері өзін науқаспын деп санайды. Ең алғашқы ауырсынуы 2009 жылы қаңтар айында физикалық жүктемеден кейін кешкі мезетте кененнет басталды. Сипаты пісіп тұрған сияқты сезінді, ауырсынуы 30 минутқа созылды. Локализациясы эпигастрий аймағында, оң жақ қабырға астында байқалды. Кейін оңға және жоғары қарай, оң жақ иыққа, оң жақ бұғана астына және мойынға иррадиацияланды. Ауырсыну бірсе күшейіп, бірсе басылып отырды. Содан соң жүрегі айнып, құсты, температурасы 38,5 С дейін көтерілді. Сол күні ауырсынуды басу үшін но-шпа қабылдап алды, кейін жағдайы жақсарды. Науқас келесі күні емханаға қаралды, УЗИ-ге түсті, нәтижесінде калькулезды холецистит деген диагноз қойды. Терапевт консервативті ем тағайындады. Жағдайы жақсарып, ем жүріп жатты, алайда жылына 1-2 рет асқынынып отырды. Жағдайы 2015 жылы қатты нашарлады, оң жақ қабырға астында интенсивті тұрақты аурулар пайда болып, температура 39 С дейін көтерілді. Сондықтан жолдама алып, Семей қаласының Орталық қалалық аурухананың хирургия бөлімшесіне госпитализацияланды. АҚ 130/80, тыныс алу жиілігі 19, ЖЖЖ 90. Іштің беткей пальпациясы кезінде оң жақ қабырға астында ауырсыну байқалады, әсіресе Кер нүктесінде.

Мерфи мен Ортнер симптомы оң. Гипергликемия, гиперхолестеренимия. УЗИ-да конкременттер табылған. Диагноз: өт тас ауруы, созылмалы калькулезды холецистит. Спазмды азайту үші Платифилин – 2% -1 миллилитр бұлшықетке, ауырсынуды басу үшін Баралгин 5 миллилитров бұлшықетке, Урсофальк немесе Урсосан – 8-13 мг 1 кг,№5 диета, литотрипсия

Операция 9.02.2015 ж жасалды, жағдайы жақсарды, асқыну жоқ.

Мынадай ережелерді сақтау керек: 1. Тағайындалған диетаны сақтау керек, майлы және ашты тағамдардан бас тарту. Рационға жаңа тағамдарды біртіндеп енгізу, операциядан кейін 1 ай өткен соң гастроэнтерологтың нұсқауы бойынша диетаны тоқтатуға болады. 2. Шамадан тыс физикалық жүктемеден, стресс, психо-эмоциональды күйзелістен аулақ болу. Активті өмір салтын жүргізіп, таза ауада серуендеу керек.

  1. Өз аймағындағы дәрігерге 1 айдан соң тексерілу.

Науқас Абдоллин Г.И. 14.02.2015 жылы ауруханадан шықты.

Ауру тарихын толтырған күн: 21.02.2015 жыл

Студент-куратордың қолы:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А.Л.Гребенев «Пропедевтика внутренних болезней», Москва «Медицина» 2001,410-414 б

  2. А.Г.Елисеев, В.Н.Шилов «Большая медицинская энциклопедия», Москва «Эксмо» 745-748 б

  3. М.Д.Машковский «Лекарственные средства»,Москва «Медицина» 1977 г. Часть 1.

  4. Б.Н. Айтпембет «Ішкі аурулар пропедевтикасы»

  5. Интернет желісі