- •Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы
- •Педагогика және психология факультет Педагогика және психология кафедрасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары
- •Соөж – ның үлгі тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика және психология кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж күнтізбелік жоспары
- •«Педагогика» пәні бойынша глоссарий
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы,оның заңдары мен заңдылықтары
- •Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика пәнінен реферат тақырыптары
- •«Педагогика» пәнінен емтихан сұрақтары
«Педагогика» пәні бойынша глоссарий
Аксиология – тұлғаның, қоғамның материалдық мәдени, рухани, ізгілік және психологиялық құндылықтарының тарихи – даму процесс кезінде өмір шындығымен байланыстылығы жайындағы философиялық ілім.
Гумандық – адамға сүйіспеншілік. Адам тәрбиесі ме оқытуда қалыптастырылатын негізгі ізгілік құндылық.
Мұғалім беделі – ерекше кәсіптік позиция, оқушыларға ықпал ете отырып, шешім қабылдау, бағалау, кеңес беру.
Педагогикалық ықпал – педагогтық тәрбиеленушінің санасына, жігеріне, эмоциясына әсер етуі және оның өмірі мен іс-әрекетін қойылған мақсатқа сай бағыттау, тұрақты тұлғалық қасиет қалыптастыру.
Тәрбие – бір мақсатқа бағытталған педагогтың кәсіптік іс-әрекеті, баланың тұлға ретінде дамуына, өз өмірінің субъектісіне айнала отырып, құндылықтарды игеруге әсер ету.
Мұғалім имиджі – тәрбиеленушінің, әлеуметтік ортаның санасында мұғалімді, адамды эмоциналды қабылдау образ стереотипі.
Карьера – кәсіптік рольдердің, әртүрлі адам өмірінде рет-ретімен ауысып отыруы, еңбек жолында мақсатқа жету.
Өзін-өзі бағалау – адамның жетістіктерін, олқылықтарын, мүмкіндіктерін бағалауы.
Қалыптасу – адамның өз дамуында жаңа формалар мен белгілерге жетуі, яғни мінездің, тұлғаның, ойлаудың қалыптасуы.
Мұғалімнің кәсіби әлеуметтенуі – кәсіптік ортаға ену процесі, педагогикалық тәжірибені игеру, педагогикалық ортаның стандарттары мен құндылықтарын игеру.
Мұғалімнің кәсіби «Мен-концепциясы» - 4-ке бөлінеді: «Нақты Мен» - мұғалімнің өзін қазіргі еңбек ету жағдайын бағалауы, «Ретроспективті Мен» - жүріп өткен еңбек жолына баға беру; «Идеал Мен» - идеал бейнеге ұмтылу; «Рефлексивті Мен» - басқа адамдардың көзімен еңбегін бағалау.
Тар мағынада тәрбие – тұлғаны қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған процесс.
Кең мағынада тәрбие дегеніміз – қоғамдық-тарихи тәжірибені, жоғары моралдық нормаларды, ғылыми дүниетанымды, еңбек ету және тәртіп мәдениетін жаңа ұрпаққа беру процесі.
Тәрбие арқылы тұлғаның дүниеге көзқарасы, мінез-құлқы, жалпы адамдық қасиеттері қалыптасады.
Білім беру - табиғат және қоғам жайында жинақталған білім жүйесін, ойлау амалдарын жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білу процесі.
Білім беру ұғымын алғаш рет педагогикаға енгізген ғалым И.Г.Песталоцци.
Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, басқарылатын оқушы мен оқытушының оқушылар өзара әрекет ету процесі. Бұл процесс оқушыларға білім, білік, дағдыларды меңгертуге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға, оқушылардың потенциялдық мүмкіндіктері мен ақыл-ой күштерін дамытуға, алдыға қойған мақсаттарына сай өз білімдерін жетілдіру дағдыларын бекітуге бағытталған. Оқыту екі жақты процесс.
Даму – адам ағзасының сандық және сапалық жағынан өзгеру процесі мен нәтижесі. Тұлғаның дамуы ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік, табиғи факторлардың ықпалы жүзеге асады.
Адам тұлғасының психикалық процестерінің, күш-қуаттық, рухани әлеуметтік т.б. дамуын бөліп қарастыруға болады.
Қалыптастыру - әр түрлі (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық, тәрбие, тұқым қуалау т.б. ) факторлардың ықпалымен адамның құрылу (даму) барысы (становления) және нәтижесі. Ол адам тұлғасының аятталған, кемеліне келген деңгейін көрсетеді.
Өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты адам өзін-өзі жақсы білуі керек, сондай-ақ өзін-өзі дұрыс бағалай білуі, өзіндік санасы, алдыға қойған анық мақсаты, идеалы болуы қажет.
Ғылымның әдіснамасы дегеніміз – ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл педагогикалық теориялардың негізі мен құрылымы туралы, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу туралы, білімдерді алу амалдары туралы білімдердің жүйесі.
Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз – құбылыстарды жан-жақты білуге және ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің жиынтығы.
Педагогикалық процесс дегеніміз- тәрбиеші мен тәрбиеленушінің алдыға қойған мақсатқа жетуіне бағытталған өзара әрекеттесуі немесе әлеуметтік тәжірибенің тұлға бойында қалыптасу процесі.
Жеке адамның дамуы дегеніміз – оның нерв жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психикалық процестерінің, адамгершілік қасиеттерінің білімінің, көзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол байлықты келешекте жасаудың даму тарихы.
Акселерация - баланың қарқынды даму құбылысы, яғни баланың ерте жыныстық дамуы және мінезіндегі психофизиологиялық өзгерістер.
Тренинг - интерактивті оқыту формасы. Оның мақсаты тұлғааралық және кәсіптік қатынас тәртібін жетілдіру. Мұғалімдерді кәсіби жағынан даярлаудың бір әдісі болып табылады.
Тьютор (опекун) – қамқоршы.
Индивид – табиғаттағы жеке бір жан ретіндегі адам; адам қоғамының жеке бір өкілі.
Тұлға - адамдар ортасында өзінің позициясын еркін және нақты анықтай алатын, қоғамның өкілі. Адам тұлға болып туылмайды, тек әлеуметтену процесінде тұлға болады. Қоршаған ортамен өзара әрекеттесу, қоғаммен және адамдармен, мәдениетпен қарым-қатынас барысында қалыптасады.
Құндылық бағдар -1) адамның материалдық және рухани құндылықтарға өзіндік қатынасы, оның сенімі мен ұстаным жүйесі. 2) адамның объектілерді оның мәніне қарай саралау амалы.
