- •Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы
- •Педагогика және психология факультет Педагогика және психология кафедрасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары
- •Соөж – ның үлгі тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика және психология кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж күнтізбелік жоспары
- •«Педагогика» пәні бойынша глоссарий
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы,оның заңдары мен заңдылықтары
- •Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика пәнінен реферат тақырыптары
- •«Педагогика» пәнінен емтихан сұрақтары
Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу.
Жоспары:
1.Оқушылардың іс – әрекетінің нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары.
2. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.
3. Оқушы білімін тексеру мен бағалауға қойылатын негізгі талаптар және « баға» түсінігі.
Негізгі ұғымдар: диагностика, бақылау, бағалау, есепке алу, үлгерім, бағалау үдерісі, бағалау өлшемдері, түйінді құзіреттіліктер, оқу жетістіктері, оқушылар портфолиясы, ұлттық біріңғай тестілеу.
Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында түсу емтиханы тек қана тест түрінде өткізіліп жүр. Сол себепті мүғалімдер жоғары сынып оқушыларының жоғары оқу орындарына түсуіне дайындық түрінде тесті қолданылуда.,
Тест - дәріс пен зертханалык материалдардын ғылыми негізінде жасалынады және ол білімді бағалау ретінде қолданылып , нақты әдістемелік талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Ал тестік бақылауды алудағы басты мақсаттардың бірі- оқушылардың қайсысының дүрыс жауаптарын дәл, дөп көрсетуінде ғана емес, келекшекте де, күнделікті түрмыста да алдарынан шығып отыратын барлық қиындықтарды, проблемаларды дер кезінде шеше білуге үйрету.
Тесті бақылау -бұл оқушылардың білімді меңгеру жөніндегі ерекше түрде үйымдастырылған қызметі, бүл қызмет барысында оқушылар өздерінің алдына қойылған проблемалардың шешімін табуға катысады.
Тестік оқытуды ұйымдастырудын мектеп оқушыларының ойлауын дамыту үшін зор маңызы бар, өйткені проблемалық ситуациядан кейін "ойлану басталады".
Оқушылардың білімін тексеру және бағалау - оқу процесін жүзеге асырудың негізгі шараларының бірі. Ең бастысы оның білім берушілік және тәрбиелеушілік функциялары дүрыс орындалуы қажет. Ол үшін білімді тексеру ұдайы әр түрлі формада жүргізілуі және объективті бағалануы қажет. Қандай формада болмасын, оқушылардың білімін тексеру кезінде олардың ой өрісін белгілі бір мақсатқа жұмылдырылады. алған білімдері нақтыланады және жүйеге келеді. Окушылардың білімін тексерудің көптеген әдістері мен формалары бар.
Мәселен, сабақ кезіндегі ауызша немесе жазбаша сұрау, физикалық диктант, бақылау жүмысы. Бірақ, олардын көпшілігі орта білімді оқушыға арналған, ал әр оқушының білім ой денгейін тексеру үшін мүғалім олармен жеке жұмыс істеп, көп уақытын жоғалтар еді. Осы қиындықтарды азайту үшін қазіргі кезде компекстік тексеру әдісін кеңінен қолдануда.
Оқушылардың білімін тест арқылы тексеру дегеніміз - есеп шығару мен жаттығуларды орындау, физиканың барлық бөлімдері бойынша қойылған үш денгейлік сүрақтарға жауап беру, бұның өзі қазіргі стандартты қамтуы бойынша окушылардың базалық дайындығын қарастырады .
Тапсырма күрделігінің критерийі ретінде қабылданған логикалық ағымдар санын орындау, берілген есепті шешу үшін қажетті тапсырманың немесе сұрақтың күрделілігі тек операция санымен ғана анықталмайды , соны мен қоса бірнеше басқа факторлармен де ескеріледі.Мысалы, шарттың жазылу түрімен, құрылымымен есепті шығару кезінде жасанды әдістер жолын пайдаланады.
Тест - оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі. Бұл оқушы білімін тексерудің басқа формаларын оқу процесінде қолданылуды жоққа шығармайды керісінше, оларды толықтырып отырады.
Кесте-Оқушылардың оқу жетістіктері.
.Дәстүрлі бағалау жүйесі |
Педагогикалық өлшеу |
||
Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау |
Оқушылардың оқу жетістіктері деңгейінің сандық көрсеткіштерін алу |
||
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
Артықшылықтары |
|
1.Оқушы мен педагогтың өзара әркеттестігіне негізделеді, яғни оқушылардың коммуникавтік қабілеттері дамытылады 2.Тәсілдердің қарапайымдылығы 3.Нәтижелерді алудың шапшандылығы
|
1.Компетенттілік тұрғыда оқытуға қатысты бақылау құралдарының жеткіліксіздігі 2.Педагогикалық өлшеу элементтерің кейбіреуінің көрініс бергенімен, олар оқушылардың бағаланатын қасиеттерінің сапалы эквиваленттерін сандық өлшеуді емес, оларды бағалауды мақсат етеді, сондықтан мұндай бақылау нәтижелерін бір—бірімен салыстыруға болмайды 3.Педагогтар тарапынан субъективизмнің көрініс беруі 4.Бағалаудың бірыңғай шкаласы мен критерийлерінің болмауы 5.Оқу әрекеті нәтижелерін өзіндік түзету жасауға толық мүмкіндік бермейтіндігі
|
1.Компетенттілік тұрғыда оқытуға қатысты бақылау құралдарының жеткіліктілігі 2.Оқыту сапасын бағалау квалиметриялық (сандық) тұрғыда негізделеді, яғни оқушының пәндік (пәнаралық) дайындығы сипатындағы өлшенетін айнымалының теңестірілетін сандық эквиваленттер алынады 3.Әсіресе “мектеп – ЖОО (жоғары оқу ортаны)” кезеңінде бақылау – бағалау жүйесіне жаңа негіз қалайды 4.Педагогикалық процесс барысы, әрбір оқушының оқу жетістіктері жөнінде ақпарат алып отыруға болады 5.Оқыту барысына және оның нәтижесіне әсер ететін қандай да болмасын факторлардың ықпалын айқындауға болады 6.Объективтіліктің толық көрініс беруі
|
|
Дәстүрлі бақылау құралдары |
Компетенттілікке берілген тапсырмалар мен стандартталған тесттер |
||
Кемшіліктері
|
Артықшылықтары |
||
1.Оқытушылық потенциялының төмен болуы 2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуын тежеуі 3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етпеуі
|
1.Оқытушылық потенциялының жоғары болуы 2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуына мүмкіндік жасауы 3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуі 4.Саралау қабілеттілігі |
||
26-лекция
Тақырыбы: Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс – әрекетін белсендендіру
Жоспары:
1.Белсенді танымдық іс – әрекет ұғымы.
2. Оқушы тұлғасын танымдық іс – әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру.
3. Оқушылардың танымдық іс – әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.
Негізгі ұғымдар: танымдық іс – әрекет, танымдық іс – әрекетті белсендендіру, оқу әрекетінің мотивтерімен мотивациясы, интеллектуалды қабілет, функционалдық сауаттылық, өздігінен білім алу.
Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды. Оқушының танымдық іс - әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс - әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс - әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу - танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс - әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс - әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т. б.); оқушы іс - әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы - кітаптар, лабораториялық құрал - жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т. б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т. б.) жатады. Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу - танымдық іс - әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін қалыптастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды. Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл - қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т. б.). Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес. Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор. Белгілі бір дәрежеде оқу - танымдық іс - әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс - тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу - танымдық іс - әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс: 1. Оқушының өзіндік жұмыстарының жоғары формасы болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс. 2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін арттырып, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
27-лекция
Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық үрдістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндег педагогикалық технологиялар
Жоспары:
1.Білім берудегі инновациялық процестер
2.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті
3.Педагогикалық технологиялар
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық ,практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті:
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді. Педагогикалық технология:
Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс.
"Әлеуметтік технология" ұғымын "Өндірістік технология" ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде ңосымша жұмыстар істеу) болуында. Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат - адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Біраң мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз. 3. Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика арқылы анықталған мақсат" дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады. Технологияныңкезеңдері: • Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау; • Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу; • Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою.
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда. • қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді. • нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.) • қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады. Оқыту технологиясының ерекшеліктері: • түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру. • үлгермеушілерді анықтау және іріктеу. • олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру. • оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.
28-лекция.
Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық – әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестатциялау.
және жоспарлау
Жоспар:
1.«Педагогикалық менеджмент» ұғымы.
2. Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері.
3. Мектеп туралы нормативті құжаттарға анықтама.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық үдеріске жетекшілік жасау, менеджмент, басқару қағидалары мен қызметтері, әдістемелік қызмет, мұғалімдердің өздігінен білім алуы, педагогикалық іс – әрекеттерді диагностикалау және өздік диагностикалау, педагогикалық іс – әрекетті сараптау, мұғалімдерді аттестациялау.
Қазіргі заман мектебі - күрделі жүйе , ол оқушылардың , оларды оқытып , тәрбиелейтін мұғалімдердің , мектеп әкімшілігінің оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен , мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар , мектеп дегеніміз – мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы , олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың обьектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланыс бар ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік – педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретінде мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көрінуі керек. Мектеп басшысы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.
Адамдар жеке істей алмайтын немесе жекелеп істеу тиімсіз болғанды жұмыла істеу үшін басқару қажеттілігі туындайды. В.Г.Афанасьевтің пайымдауынша : « Басқару -қоғамның , оның кез-келген даму сатысындағы , ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан , адамдардың қоғамдық , ұжымдық еңбегінен , еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау , өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттілігінен бастау алады».
20-21 ғасырлар тоғысындағы басқару білімінің қарқынды өсуі мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретінде басқарудың классикалық мектебінің негізін салушы А.Файольдың еңбектерін атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерін ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негізіне айналған.Білім беру жүйесінің иерархиялық құрылымының әрбір элементінде , министрлік болсын , облыстық , аудандық басқарушы орган ( департаменттер , білім беру бөлімдері) немесе мектептер болсын , бәрінде , тек педагогикалық қана емес , басқарудың басқа да түрлері кездеседі , мысалы: әкімшілік , шаруашылық , құқықтық . Басқарудың барлық түрлері білім беру жүйесінің шеңберінде бір-бірімен байланысты , олардың бәрі жалпы тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуге бағытталған. О.С.Анисимов : « Білім беруді басқаруды жіктегенде мынаны ескеру керек : басқару – адам іс-әрекетінің ең маңызды түрлерінің бірі. Бұл іс-әрекет қатал шектеу мен бөлуге көнбейді»-деп , дұрыс айтқан. Мектеп директорының басшылық қызметі , оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар.
Әдістемелік жұмыс педагог кадрлардың ,олардың идеялық , ғылыми-теориялық , кәсіби , әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық , топтық , жеке-дара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық.
29-лекция.
Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үрдісін диагностикалау және жоспарлау
Жоспар:
1. Мектептегі — педагогикалық технологияны оқытудың жаңа жүйелері
2. Перспективалық жоспарлау жолдары
3. Балалар ұжымының жағдайын диагностикалау әдістемесі
4. Педагогикалық талаптар
Негізгі ұғымдар: мектепшілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдеріс сипаттамасы, диагностиканың әдістемесі, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспардың түрлері, мектеп құжаттары.
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу елдің қатарына қосылуды мұрат тұтқан Тәуелсіз Қазақстанның қоғамы болашақ түлектерді, жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда.
Бастауыш мектеп педагогикасы — кіші оқу жасындағы балаларды тәрбелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол зандылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылап ұсынушы ғылым. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру болып отыр. Сонымен бірге жаңа педагогикалық технологияның қажеттігі артуда.
«Педагогикалық технология дегеніміз — В.П. Беспальконың анықтамасы бойынша, — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер — оның құрамды бөлігі ғана». Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан-жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үрдістерінің мақсатты жиынтығын қарастырады.
Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны форма, әдіс, амал, тәрбиелік құралдардың (схема, сызба, диаграмма, карта) бірлігі негізінде іріктеліп алынған психологиялық — педагогикалық қондырғының жиынтығы деп түсіндіреді. Ал, технологиялық процесті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді.
Ғалым — дидактик В.В.Давыдов, М.Н.Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа әдістердің енгізуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін , бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы түжырымдарды мүғалімдердің озат тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптардың білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері шешімін күтуде.
В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шешудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас , қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке бас қасиеттерін дамытады.
В.В.Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оның құрылымы мынадай: оқу қызметі, оқу мақсаты мен міндеттерінен , оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіну), оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады.
Мектептің оқу-тәрбие процесін одан әрі жақсарта түсу мақсатында бірнеше жылға арналған перспективалық жоспарлау, жасау үлгісі көптеген мектептердің іс-тәжірибесінде қолданылып келеді.
Бұл проблеманы ғылыми зерттеу нәтижесінде перспективалық жоспарлаудың қажеттілігін анықтап отыр. Негізінде бұл жоспарлау 3 не 5 жылға арналады.
Бұл жоспарлаудың басты ерекшеліктерінің бірі - ағымдағы жылдық жоспарлардың аясына сыймайтын, ұзақ мерзімді іс-шараларын жүзеге асыруға тура келетіндігі. Сондай-ақ, перспективалық жоспарлау ағымындағы жылдық жоспарлармен тығыз бірлікте, бірін-бірі толықтырып, басты мақсатқа жету жолындағы анық бағыттық мұндай жоспарлау аудандық, қалалық, обылыстық білім мекемелерінің практикасында кеңінен қолданып келеді. Әсірісе, олардың бастылары күрделі құрлыс, қосымша сынып бөлмелері мен кабинеттер, спорт залдары мен шеберханалар салу, күрделі жөндеулер, оқушылар контигентінің өсуіне байланысты жұмыстар, педагогикалық мамандар дайындау, олардың біліктілігін арттыру т.б. күрделі мәселелерді қамтиды.
Ғылыми әдебиеттерде мектеп жұмысын жоспарлау бағытында нақтылы классификациялаудың жоқ екендігін байқаймыз. Біздің тұжырымдауымызша жоспарлау түрлері төмендегідей болуын ұсынамыз. Олар: ұзақ мерзімге арналған перспективалық жоспарлау (3-5 жылға арналған). Жылдық жоспарлау және ағымдағы жоспарлау. Ағымдағы жоспарлауға: тоқсандық, айлық, апталық жоспарлар, күнделікті сабақ жоспарлары, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының кестелік, календарлық жоспарлары жатады.
30-лекция
Тақырыбы: ҚР–да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беру басқарудың тәсілдері
Жоспар:
1.Білім беруді басқаруды ұйымдастырудың әлемдік тенденциялары
2. Білім берудегі басқарудың мемлекеттік – қоғамдық қызметтері мен қағидалары.
3. ҚР – да 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарын басқару моделі.
Негізгі ұғымдар: білім беруді басқару, білім беруді басқару моделі, білім беруді басқарудың мемлекеттік – қоғамдық типі, білім берудегі серіктестік.
Қазіргі кезде Еуропа кеңесінің (1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне дүниежүзінің 138 жуық мемлекеттері енген. Олардың ішіне дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т. б. кіреді. ТМД елдерінен 12 жылдық орта білім беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова таңдады. Қазақстан 12 жылдық білім кеңістігіне енді ғана еніп жатыр. Қазіргі кезде ҚР 107 мектебінде 12 жылдық білім беру үдерісі эксперимент түрінде жүргізілуде.
Бұл жүйенің басты мақсаты-жүйені ашық, заман талабына сай негізде дамыту. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби шеберлік.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін әлемдік дамудың негізгі үрдістері: қоғам дамуының қарқындылығы; постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өршуі; адам капиталы мәнінің артуы. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отыр. Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледі:
-жаңа білім технологияларының енгізілуі;
-оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;
- терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
-оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;
-өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жасау;
- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде-АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық.
Сонымен, дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды, олар:
1.Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру; білімнің ашықтығы, біліммен ақпарат алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы.
2.Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әр оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.
3.Оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделген.
4.Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол сілтеу болып табылады.
5.Әрбір оқушыға сол социумға сәйкес тарихи қалыптасқан, ең тұрақты рухани, дүниетаным және мәдени құндылықтарының таратылуы және бекуі.
Жоғарыда аталған әлемдік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім беруге көшу Қазақстан мектептерін:
1. Әлемдік деңгейге көтеруге жағдай жасайды.
2. Оқудың жылдық жүктемесі жеңілдейді.
3. Кәсіптік білім береді.
4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.
