
- •Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы
- •Педагогика және психология факультет Педагогика және психология кафедрасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары
- •Соөж – ның үлгі тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика және психология кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж күнтізбелік жоспары
- •«Педагогика» пәні бойынша глоссарий
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы,оның заңдары мен заңдылықтары
- •Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика пәнінен реферат тақырыптары
- •«Педагогика» пәнінен емтихан сұрақтары
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Оқу-әдістемелік кешені |
Ф.4.09-40 |
|
01.09.2012 ж. |
Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор
Л.Қ.Еркінбаева__________
«_____» _________ 2014 ж.
Педагогика пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010900 «5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010600 «Музыкалық білім»
Оқыту формасы: күндізгі
Талдықорған 2014 ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010600 «Музыкалық білім» мамандықтарына п.ғ.к., аға оқытушы Р.М.Рысбекова құрастырған
(оқытушының қолы)
Педагогика және психология кафедрасының отырысында қарастырылды.
«_____» ___________ 2014 ж. № _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ пс.ғ.к. Абишева Э.Д.
Педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
«_____» ___________ 2014 ж. № _____ хаттама
Әдістемелік бюроның төрайымы__________ К.Н. Ахмедиева
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Оқу-жұмыс бағдарламасы |
Ф.4.09-41 |
|
01.09.2012 ж. |
Педагогика және психология факультет Педагогика және психология кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор
Еркінбаева Л.Қ. __________
«_____» __________2014 ж.
Педагогика пәнінің
ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
3 Кредит (135 сағат)
5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010600 «Музыкалық білім»
Оқу формасы: күндізгі
Талдықорған 2014 ж.
Оқу-жұмыс бағдарламсын 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010600 «Музыкалық білім»мамандықтарына аға оқытушы Р.М.Рысбекова құрастырған
___________________________
(оқытушының қолы)
Педагогика және психология кафедрасының отырысында қарастырылды.
«_____» ___________ 2014 ж. № _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ пс.ғ.к. Абишева Э.Д.
Педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
«_____» ___________ 2014 ж. № _____ хаттама
Әдістемелік бюроның төрайымы__________ К.Н. Ахмедиева
Түсінік хат
Курстың объектісі – 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010900 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010600 «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары педагогикалық білім мазмұны.
Курстың пәні –5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010900 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010600 «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес педагогикалық білімнің нақты міндеттері және мазмұны болып табылады.
Курсты оқытудың мақсаты: болашақ мұғалімдердің теориялық-әдіснамалық даярлығын, кәсіби –педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- болашақ мұғалімдерге қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздері мен білімді меңгіру мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін қажетті біліктерді игеруге көмектесу;
- тәрбие мен оқытудың педагогикалық заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес студенттің тиімді шешім қабылдау қабілетін дамыту;
- студенттерді жаңа педагогикалық технологиялармен таныстыру.
Курс соңында студент білуге тиіс :
-педагогиканың әдіснамалық негіздерін;
-оқыту мен тәрбие процесінің іргелі идеяларын, заңдарын және заңдылақтарын, тұжырымдамаларын және принциптерін;
-педагогиканың негізгі ұғымдарын және түсініктерін;
-тәрбие мен оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерінмазмұнын, формалары мен әдістерін;
-оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларының мәнін;
-курс бойынша алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдануды;
-мектептегі педагогикалық процесті жобалау мен жүзеге асыруды;
- мектеп жасындағы оқушыларды тәрбмелеу мен оқыту мақсатын, міндеттерін анықтауды;
- мектеп жасындағы оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерді;
-оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын тәжірибеде пайдалануды.
Игеруге тиіс:
- ғылыми-зерттеу мәдениетін.
Іске асыра алатыны:
- ертедегі ғалымдардың педагогикалық пікірлерін қазіргі жағдайда пайдалану.
- өзін -өзі тәрбиелеумен , өз білімін жетілдірумен шұғылдану.
- оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалану.
-“адам-адам” жүйесінде қарым-қатынас орнату.
- педагогикада алған ілімдік білімді тәжірибеде қолдану.
Қалыптасатын құзіреттіліктер:
коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;
бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.