Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тургын уй.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
325.12 Кб
Скачать

2 Тұрғын үй құқығының қайнар көздері

Тұрғын үй заңнамасының негізгі бөлігі 70-жылдарға дейін азаматтық заңнамасының құрамында болып, дербес, негіз салушы ретңнде тұрғын үй заңдары дайындау және қабылдау орынды деп танылғанға дейін. 1983 жылы Қазақ КСР Тұрғын үй кодексі қабылданып (Қазақ КСР Тұрғын үй кодексі 1983 жылғы 30 маусымдағы Қазақ КСР-нің заңымен бекітілді), тұрғын үй заңнамасы азаматтық заңнамадан жеке ретінде дами бастады.

Тұрғын үй заңнамасының дербес болуы ҚР Конституциясынан туындайды және оған сәйкес азаматтық және тұрғын үй заңнамасы жеке ретінде көрсетілген. Сондай-ақ ҚР АК заңнаманың саласын ретінде жеке тұрғын үй заңнамасының болуын мойындайды.

Құқық нысандары (қайнар көзі) деп құқық нормаларын бекіту және көріну тәсілдерін айтамыз. «Құқықтың қайнар көзі» - заңи нормаларның көрінуінің сыртқы нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық термин.

Тұрғын үй құқығының қайнар көздері ретінде тұрғын үй қатынастарын реттейтін заңдар, үкіметтің қаулылары және басқа да нормативтік құқықтық актілер болып табылады:

1) негізгі заң және тұрғын үй құқығының басты қайнар көзі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Ата Заң адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының ішінде Қазақстан республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтарының ең маңыздысы – азаматтың тұрғын үйге құқығы, өйткені ол адам өмірінің ең негізгісін қамтиды.

ҚР Конституциясының 25-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі».

Тұрғын үйге құқық туралы конституциялық ереже тұрғын үй заңнамасын және тұрғын үй қатынастарының барлық жүйесін дамыту мен жетілдіру үшін заңи база болып табылады;

2) маңызы бойынша тұрғын үй құқығының екінші қайнар көзі 1983 жылғы 30 маусымдағы Қазақ КСР-нің Тұрғын үй Кодексі орнына қабылданған 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады;

Аталған заңда әралуан тұрғын үй және онымен байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтиды және олар жер, азаматтық, әкімшілік және өзге де заңнамалардың нормаларында нақтылануы қажет. Заң тұрғын үй қорын топтастырады, оның үстіне тұрғын үй қорының құрамында бірінші ретінде жеке тұрғын үй қорын атайды, ал бұл өз алдына тұрғын үй саласының дамуындағы аталған қордың рөлінің өсуін растайды.

Жеке тұрғын үй қоры – мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген, азаматтарға және заңды тұлғаларға меншік құқығындағы тұрғын үйі.

Мемлекеттік тұрғын үй қоры – меншік құқығы негізінде мемлекетке тиесілі және жергілікті атқарушы органдарға (мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қоры) басқаруындағы немесе мемлекеттік кәсіпорындардың (мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қоры) басқаруындағы тұрғын үйі.

Тұрғын үй қорларына тұрғын үйлердегі тұрғын емес бөлмелер кірмейді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңнның «Жалпы ережелер» атты 1-тарауда тұрғын үйге азаматтарын құқықтарын бекітетін, нормалардан тұрады, тұрғын үй заңнамасының негізгі міндеттері анықталады, тұрғын үй, тұрғын үй қоры, мемлекеттік және жеке тұрғын үй қорына анықтама беріледі. Белгілі бір тәртіппен тұрғын үй қатынастарын реттейтін нормалардан тұрады, атап айтқанда азаматтарды тұрғын үймен және оны пайдаланумен қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын басқару тұрғын үйқорын пайдалану, кондоминимум, азаматтарға тұрғын үйді бірінші кезекте және кезектен тыс ұсынуға құқық, тұрғын үй заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік;

3) ҚР Азаматтық кодекс тұрғын үйге құқықтық жүзеге асырумен байланысты ең маңызды нормалардан тұрады және оған сәйкес меншік иесі өзіне иесілі тұрғын үйді өз мақсатына сай иеленеді, пайдаланады және билік етеді. ҚР АК екінші бөлігі тұрғын үйді жалға беруді жалпы реттеуге арналған «Тұрған үйді жалға беру» атты 30-тараудан тұрады. Сонымен қатар АК 602-бабына сәйкес тұрғын үйді беру тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлерінен тұрғын үйді жалға алу шартын өзгерту және тоқтату негізі тұрғын үй заңнамасымен бекітіледі деп көрсетілген.

ҚР АК басқа да ережелеріне, егер тұрғын үй заңнамасымен көзделмеген жағдайларда қолданылады (ҚР АК 603-б. 3-т.);

4) тұрғын үй құқығының қайнар көзі ретінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңнамасын орындау үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары да болып таылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволар тұрғын үй қатынастарын реттейтін белгілі бір құқықтарға ие. Сондықтан олар шығаратын нормативтік актілер, шешімдер, өкімдер заңнамаға қайшы келмесе тұрғын үй құқығының қайнар көзі болып табылады.