Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ера.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.95 Кб
Скачать

4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау

      18. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының жай-күйін бағалау:       1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесінен;       2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесінен;       3) жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуден, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестілігінен тұрады.       19. Жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.       20. Жұмыс орындары төмендегі факторлардың бірі:       1) өндірістік орта факторларының нақты мәні қолданыстағы нормалардан жоғары болған;       2) жарақат қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған;       3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.       21. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті факторларға жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.       22. Өндірістік объектілерді аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөніндегі жоспардың жобасын (бұдан әрі – Жоспар жобасы) және аттестаттау нәтижесін қоса отырып, өндірістік объектіні аттестациялау актісімен ресімдейді.       23. Жоспар жобасында ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес келетін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шаралары және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс (осы Қағидаларға 4-қосымша).       24. Жоспар жобасында барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделуге тиіс.       25. Жоспар жобасында аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі

26. Аттестаттау нәтижелері:       1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттау жүргізудің негізі, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);       2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);       3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының зертханалық, аспаптық және эргономикалық зерттеулер хаттамалары;       4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;       5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамаларын қамтитын құжат түрінде ресімделеді. 27. Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін аттестаттау нәтижелерін еңбек жөніндегі тиісті жергілікті органға бір ай мерзімде осы Қағидаларға 1234-қосымшаларға сәйкес қағаз және электронды тасымалдағышта беруге міндетті.

Қазақстан Республикасындағы құрылуы мен дамуы жағынан ең үлкен тарихы бар Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы Жоғары оқу орны болып саналады. Оның құрылуы мен дамуы тарихын бес кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:      Университет 1934-1960 жылдары Тау-кен-Металлургия институты болып құрылды.      Университет 1960-1994 жылдары Қазақ Политехникалық Институты болып аталды.      1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті атына ие болды.      1999 жылы Университетке инженерлік – техникалық мамандарды даярлауда ерекше үлес қосқаны үшін белгілі ғылым, академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың аты берілді. 2001 жылы 5 шілдеде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың жарлығымен университетке ерекше мəртебе берілді.      ХХ ғасырдың 30 жылдарында ауылшаруашылықта тұралаған техника мен экономиканы жетілдіру мен көтеру үшін елімізде техникалық жоғары білімді мамандарды даярлау мәселесі алда тұрды.      1933 жылдың 20 қазанында СССР-дағы Халық Кеңесі Комиссарлар «Қазақстанға кадрлар даярлау» Қаулысымен Тау-кен-Металлургия институты мен оның екі Қазақстандағы Тау және Түсті металл факультеттері Алматы қаласынан ашылды.      1934 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақ Тау-кен-Металлургия институтында тұңғыш оқу жылының қоңырауы соғылды.           Қазіргі кезде Университет құрамына 8 салалық институт, қашықтықтан білім беру институты жəне əскери істер институты, Excellence PolyTech жоғарғы оқу орнынан кейнгі білім институты кіреді.

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті әртүрлі әлем елдерінің мамандары мен студенттерін біріктіретін халықаралық-танымал ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде қалыптаса бастаған жоғары жетістіктерге жетуге талпынады.     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті техникалық білім беру бойынша алдағы уақытта жаңа ұрпаққа техникалық білімді мамандар даярлау жолындағы қоғамның парасатты және кәсіптік дамуына өз үлесін қосады.      Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің негізгі міндеттері:

  • Ғылыми-зерттеу қызметі, күрделі ойлау, кәсіптік дағды мен шеберлікті дамыту арқылы оқушыларды дамыту;

  • Әртүрлі білім беру саласында студенттерді оқытуға жоғары кәсіптік тәжірибені қолдану;

  • Еңбек нарығы үшін техникалық мамандардың жаңа бәсекеге қабілетті ұрпағын даярлау;;

  • Академиялық ықпалдастық пен интеллектуалдық мотивациялы білімге талпынатын әртүрлі мәдениет пен атмосфера құратын адамдарды қарсы алуы және қолдауы;

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу, алдыңғы әлемдік практикаға негізделген білім беру қызметін ендіру және мамандардың өз брэнд даярлықтарын дамытуы;

  • Экономика және бизнес секторы үшін мамандар даярлаудағы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, техникалық сала мамандықтары бойынша еңбек нарығының талаптарына сәйкес «университет-индустрия» ынтымақтастығын дамыту;

  • Бүкіл өмірімізге арналған оқыту принципі бойынша оқуды ұйымдастырудағы жаңа оқыту технологиялары, мультимедианы қолданып қосымша білім беру және тренинг бағдарламаларын дайындау;

  • Техникалық және мәдени байланыстарды қолдау үшін білім сапасын жақсарту мақсатында басқа университеттермен, ұйымдармен ынтымақтастық орнату.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қ.И.САТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ К.И. САТПАЕВА

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

_____________________________________________________________________________

010000, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22 үй,

010000, город Алма-ата, ул. Сатпаева, дом 22,

Тел.: (7172) 742851, факс: (7172) 743608

Тел.: (7172) 742851, факс: (7172) 743608

mintrud@enbek.kzmintrud@enbek.kz

____________№______________

БҰЙРЫҚ

2015 жылдың «29» ақпанынан

бастап

«Өндірістік орындарды еңбек шарттары

бойынша аттестатциядан өткізу туралы»

Қазақстан Республикасы басқармасының 28.01.2015 жылғы №1457 қаулысына сәйкес «Өндіріс орындарын еңбек шарты бойынша міндетті, кезекті аттестатция тәртібін бекіту туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Келесі құрамдағы аттестациялық комиссия құрылсын:

Комиссия төрағасы:

Бас инженер –Бәкір Жұлдыз Талғатқызы

Комиссия мүшелері:

1. ТҚ және ЕҚ бөлімінің инженері -Ақпан Айжан Дінмұхаммедқызы

2. ТӘҚ және ҚОҚ кафедра меңгерушісі – Касенов К.М

3. Инженер - Лунина Н.В

СжҚИ директор орынбасары Абдрахманова Ж.Б.