Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_SBOR (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.74 Mб
Скачать

Бүлкілдеуін төмендету әдістері

Құбыр арқылы сұйықпен газды бірге тасымалдағанда қысымның әсерінен құбырлардың бүлкілдеуі (пульсациясы) міндетті түрде болып отырады. Бүлкілдеу құбыр бойында газ тығындарының пайда болуына байланысты. Коллекторлардың ұзындығы 1500м-ге дейін ұзарған кезде бүлкілдеу екпінділігі күшейеді де одан кейін бір қалыпқа түседі. Бүлкілдеу пайда болуының негізгі себебі мұнай ұңғыларының көтергіш құбырларында газ-сұйық қоспасынан газдың бөлінуі және ұңғының лақтыру желісінің бойында өлшемдері ұлғаятын газ тығындарының пайда болуы. Ағынның бүлкілдеуіне жинау жуйесіндегі абсолютті қысым әсер етеді, ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым газ аз бөлінеді, соғұрлым бүлкілдеу аз болады.

Бүлкілдеу толқыны құбырда дыбыс жылдамдығымен тарайды. Бүлкілдеу энергиясы құбырдың және онымен байланысқан жабдықтардың тербелісін болдыруы мүмкін. Құбырдың тік сызықты аймағында бүлкілдеу бірқалыпты тарайды, сондықтан құбыр тербелісі шамалы байқалады.

Айтарлықтай тербелістер резонанс болған жағдайда пайда болады, онда көлденең қиманың өзгеруінен немесе кедір-бұдырдың әсерінен болған аз ғана күштер қауіпті тербелістер туғызуы мүмкін. Тербелістер әсіресе тармақталған құбырларда, құбырлар бағытының күрт өзгерген жерлерінде байқалады.

Қауіпті бүлкілдеудің негізгі алдын алу тәсілдері болып табылатындар:

  • ағынның тығынды - диспергирленген құрылымының пайда болуын болдырмайтын, газ-сұйық ағынының қозғалыс режимін ұстап тұру, бұл құбырларда жоғары деңгейде қысымды реттеуде мүмкін болады;

  • құбырларды парафин шөгінділерінен, тұздардан және механикалық қоспалардан мезгіл-мезгіл тазартып тұрумен, олардың жоғарғы өткізгіштік мүмкіндігін ұстап тұру;

  • айырғыш қондырғы алдында үлкен диаметрлі құбырдан “тыныштандырғыш” бөлімшелерді пайдалану.

  • Ағынның айырғыш қондырғыға түскенге дейін газ-сұйық қоспасының қабаттасқан ағысын және құбырдан таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін депулсаторларды және фазаны соңғы бөлгіштер қолданылады.

Кен орындарда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей мұнай-газ қоспасының құбырларда 2 м/с-қа дейінгі қозғалыс жылдамдығында қабаттасқан ағынның бөліну шегінде кері көріністердің – толқынның, толқын жолының, көбіктердің пайда болуы жойылады.

Маңғышлақ түбегі кен орындарында 20-дан 120 м33 дейін және одан жоғары газ факторында депульсаторлар сәтті қолданылуда.

6.7. Сурет. Газды алдын-ала бөліп алу торабы (депульсатор).

1-жетектеуші коллекордың ақырғы бөлімшесі; 2-газ жинақтайтын коллектор; 3- газды алып кететін келте құбырлар; 4- бөлетін құбыр; 5-газ желісі; 6-газды газ айырғышқа жіберу; 7-жылжымалы зондтар; 8- суды лақтыру келте құбыры.

Депульсатордың геометриялық өлшемдерін анықтауда – биіктігін, иілу бұрышын және құбыр ұзындығын, (а-с) шығатын бөлімше 45 о -тан артық емес еңіс болуы керектігінен шығады. Ұзындығы 2-3 м шегінде болатын көлбеу бөлімше (с-d) айырғыш сыйымдылығының жоғарғы құраушысымен бір деңгейде орналасуы керек. Еңіс бөлімше (d-e) айырғышқа сұйықтың өз массасымен ағысын және құбырдағы газдың негізгі мөлшерін айырғышқа дейін апаруды қамтамасыз етуі керек, осы үшін еңіс құбырда сұйықтың динамикалық деңгейін айырғыштағы сұйық деңгейінен hq шамасында (0,05-0,1 м аралықта) жоғары белгілеу керек. Депульсатордың еңіс бөлігінің бұрышы оның 15-20 м жалпы ұзындығында 6-9о шегінде болуы керек.

Депульсаторды қолдану айырғыштың өнімділігін 1,5-2 есе арттырады, бөлінетін газдың сапасын жақсартады және газдың бүлкілдеу қаупін жояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]