- •Тығындаушы (запорлы) және реттеуші құбырлы арматуралардың түрлері.
- •Құбырларды тоттанудан пассивті және активті қорғау деп нені түсінеміз? Құбырларды тоттанудан катодтық және протекторлық қорғаудың ерекшеліктері мен маңызы.
- •Құбырлардың тоттану түрлері
- •Құбырлар желісінің ластануының алдын алу және шөгінділерді шығару тәсілдері? Парафин шөгінділерімен күресу әдістері?
- •6.8.1. Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Құбырларды таңдау қандай факторларға тәуелді болады? Құбырларда бүлкілдеу қалай пайда болады, және оның құбырлардың жұмысына әсері қандай? Бүлкілдеудің алдын алу тәсілдері қандай?
- •Бүлкілдеуін төмендету әдістері
- •Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі? Құбырларды төсеу 6.3.1. Құбырлардың сорты
- •6.3.2. Құбырлар желісін салу жұмыстарын жүргізу реті
- •6.3.3. Құбырлар желісінің трассасын таңдау
- •Құбырлар желісін қысымға сынау
- •Кәсіпшілік құбырларын қалай жіктейді ?
- •Мұнайдағы судың құрамын қалай анықтайды және қолданатын аспаптар? Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •Қандай “Спутниктерде” сұйықты өлшеу көлемдік әдіспен және массалық әдіспен жүргізіледі?
- •Ұңғы өнімін өлшеу қандай мақсатпен жүргізіледі? Әртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір. Б-Спутнигі
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Теңіз кен орындарында мұнайды жинау және тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?
- •Кен орны ауданы және мұнайдың қасиеттері бойынша ұңғы өнімдерін жинау және дайындау схемасы. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған? Олардың артықшылығы мен кемшілігі. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Мұнай эмульсияларының қасиетері. Тұтқырлығы, тығыздығы, дисперстілігі Мұнай эмульсиясының физикалық-химиялық қасиеттері
- •Мұнай эмульсияларының тұрақтығына әсер ететін факторлар. Мұнай эмульсияларының ескіруі Мұнай эмульсияларының беріктігі (тұрақтылығы) және олардың “ескіруі”
- •Мұнай эмульсиясының қандай түрін тура және қандайын кері деп атайды ? Эмульсияның инверсия нүктесі деп нені айтамыз ?
- •Эмульгатор және деэмульгатор дегеніміз не? Деэмульгаторлардың негізгі түрлерін атаңыз.
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Мұнай эмульсиясы дегеніміз не? Мұнай эмульсиясының түзілуіне және беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?
- •Қабат суларының минералдылығы деп нені айтады? рН шамасы бойынша қабат суларын қалай жіктейді?
- •Мұнайдың негізгі қасиеттері. Оларды анықтау әдістері.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •Мұнай құрамын қалай жіктейді?
- •Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз?
- •Ұңғы өнімін қалай түсінесіз? Ұңғы өнімін жинау жүйесының элементтерін атаңыз. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.
- •Кен орынды тұрғызу жобасында атмосфераны қорғаудың қандай шаралары қарастырылуы тиіс?
- •Ұңғы өнімін жинау және дайындау кезінде кездесетін қоршаған ортаны ластау көздері?
- •Теңіздегі кен орындарды пайдалану кезінде теңізді ластанудан қорғау үшін мұнай мен газды жинаудың қандай ерекшеліктері бар?
- •Теңіз беті мұнаймен ластанған кездегі тазартудың әдістерін атап, сипаттаңыз
- •Шикі және тауарлы мұнай. Тауарлы мұнайдың негізгі көрсеткіштері.
- •9.6. Тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын автоматты түрде өлшеу
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Резервуарларда мұнайды сактау кезінде көмірсутектердің шығынын болдырмайтын қандай әдістер бар.
- •Мұнай ұстағыштарының міндеттірі, жұмыс істеу принциптері.
- •Ағын суларды дайындау әдістері және қолданылатын жабдықтар
- •Айырғыштарда қандай құрылғы газ ағысымен бірге сұйық тамшыларының шығуына жол бермейді
- •Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай жүргiзедi?
- •Резервуарлардың кiшi және үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не?
- •Резервуарлардың түрлерi. Тауарлы резервуарларда қандай негiзгi жабдықтар орнатылады және олардың қызметi?
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Электродегидраторлар
- •Блокты термохимиялық қондырғылар.
- •Мұнайды жылу-химиялық деэмульсациялаудың артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз?
- •Тұндырғыштың міндеті және жұмысы.
- •Мұнай-газ айырғыштарының жұмысына қандай факторлар әсер етеді
- •Деэмульсация процесінің үш негізгі кезеңін және қолданылатын әдістерін атаңыз
- •Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар?
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы
- •Мұнай-газ айырғыштарының міндеті. Айырғыштардың жіктелуі.
- •7.2. Айырғыштардың жіктелуі (классификациясы)
- •Құбырларда қолданылтын бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері мен қызметі.
Кен орынды тұрғызу жобасында атмосфераны қорғаудың қандай шаралары қарастырылуы тиіс?
Өнеркәсіптік игеру барысында мұнай кен орындарын тұрғызу жобасы, ондағы мұнай газын жинау және тиімді пайдалану мәселелері өз шешімін тапқан жағдайда ғана бекітілуге жіберіледі.
Ауаны ластайтын негізгі көздерге кен орындарында қолданылатын технологиялық жабдықтар жатады:
мұнайды қыздыру пештері (өртеу өнімдері);
резервуарлар (булану);
аппараттар (буферлік сыйымдылықта, сораптарда, айырғыштарда, жалғасқан құбырларда булану);
газотурбиналы қозғалтқыштар (өртеу өнімдері);
қазандық ошақтарында (өртеу өнімдері);
факелдік жүйелер (өртеу өнімдері).
Құрамында күкіртсутегі бар газдарды атмосфераға жағусыз немесе бейтараптандырусыз шығаруға тиым салынады. Технологиялық аппараттар мен сыйымдылықтардың жұмысшы және резервті сақтандырушы клапандарынан шыққан газ факелдік жүйе арқылы жағылады.
Газды күкіртсутек пен меркаптандардан тазарту бойынша тиімді іс шаралар жүзеге асырылуы қажет.
Қондырғыларда, ғимараттарда, жұмыс аймағының ауасында күкіртсутектің бөлініп шығуы мүмкін жерлерге автоматты тұрақты газосигнализаторларды орнатады, сондай-ақ күкіртсутектің жиналуы мүмкін жерлерінде алып жүретін газосигнализаторлар мен газоанализаторлар арқылы ауа кеңістігіне бақылау жүргізеді.
Мұнай мен газ өндіру аудандарында зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға шығуының жалпы мөлшерін, технологиялық процесстерді жетілдіру арқылы және газды толық пайдаға асыру мен оны тазалаудың әр түрлі әдістерін кеңінен енгізу негізінде төмендетуге болады.
Олардың едәуір тиімдісіне мыналарды жатқызуға болады:
магистралдық газ құбырларында атмосфераның газбен, конденсатпен, мұнайдың буланған өнімдерімен ластануын болдырмас үшін конденсат жинаушы және дренаждау желілерін орнату керек;
мұнай құбырларын, лақтырма желілерін, ағынды (ақаба, яғни лас су) суды таситын коллекторларды және жинау коллекторларын өз уақытында жөндеп отыру қажет;
сұйық көмірсутектерді сақтау үшін артық қысымда немесе изотермиялық жағдайларда жұмыс істейтін резервуарларды, яғни буланудан үсті қорғалған резервуарларды қолдану;
құрамындағы жеңіл компоненттері буланып атмосфераға шығуына жол бермес үшін шағын ыдыстар мен аппараттарды сүзгі-жұтқыштармен жабдықтау;
кен орнынан тауарлы өнімді алу барысында газды утилизациялайтын арнайы қондырғыларды енгізу;
шығарылған газды пайдаға жарату мен қайтару мүмкін болмаған немесе тиімсіз болған жағдайда оларды жағып жіберуге факелге бағыттау;
газдарды жағуға арналған факелдер бар болған кезде, олардың биіктігі мен орналасуы стандарттарда қарастырылған концентрацияға дейін атмосфераның жер үсті қабатында зиянды заттардың ыдырап таралып кетуін қамтамасыз ету қажет.
Күкіртсутегі бар ортада қауіпсіз (апатсыз) жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін, технологиялық жабдықтар, құбырлық арматуралар және құбырлар күкіртсутегіне төзімді, берік, арнайы болат маркаларынан жасалуы керек.
Күкіртсутекті ортада жұмыс жасайтын жабдықтардың сенімділігі және апатсыз пайдаланылуы арнайы ингибиторларды енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Ингибиторды - сыйымдылықты аппараттан, мөлшерлік сораптан және құбырларға жалғанған жіңішке түтікше арқылы береді.
Газды күкіртсутегінен тазалап алу, оны тасымалдау барысында құбырлардың коррозияға ұшырауына жол бермейді және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерін азайтады.
