Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_SBOR (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.74 Mб
Скачать
  1. Мұнай-газ айырғыштарының міндеті. Айырғыштардың жіктелуі.

Мұнайгаз айырғыштары ұңғы өнiмдерін сұйықты және газды фазаларға бөлуге арналған және келесi қызметтердi атқарады:

● бағалы химиялық шикiзат және отын ретiнде қолдану мақсатында,

ұңғы оқпаны бойында, сұйықты шығару желiсiнде және және жинау

коллекторлары бойымен мұнай қозғалған кезде, одан бөлінген мұнай

газын алу үшін;

● мұнайгазсу ағынының араласуын азайту және құбырлар желiсiндегi

гидравликалық кедергiнi азайту үшін;

● пайда болған көбіктерді мұнайдан бөлу және ыдырату үшін;

● тұрақсыз эмульсияларды немесе құбырлар желiсiнде бұзылған

эмульсияларды өндiру кезінде мұнайдан суды алдын-ала бөлу үшін;

● мұнайды айырғыштардың бiрiншi сатысынан мұнайды дайындау

қондырғысына дейiн тасымалдау барысында пульсацияны азайту үшін.

7.2. Айырғыштардың жіктелуі (классификациясы)

Қолданыстағы барлық мұнайгаз айырғыштарын келесi белгiлерi бойынша былай жiктеуге болады:

1) міндетiне байланысты – өлшеушi-айырушы және айырушы;

2) геометриялық пiшiнiне және кеңiстiкте орналасуы бойынша –

цилиндiрлiк, сфералық, тiк, көлденең және көлбеу;

3) негiзгi күштердiң байқалу сипатына байланысты – гравитациялық,

инерциялық және ортадан тепкiш;

4) жұмыстық қысымына байланысты – жоғары қысымды (6,4 МПа),

орташа қысымды (2,5 МПа) және төмен қысымды (0,6 МПа);

5) айыру сатыларының санына байланысты – бiрiншi, екiншi және т.б.

айыру сатылары;

6) технологиялық мiндетiне байланысты – екi фазалы және үш фазалы;

7) мұнайгаз ағынын енгiзу құрылғысының конструкциясы бойынша –

радиалды және тангенциалды енгiзу;

8) конструктивтi жасалуына байланысты – бiр сыйымдылықты және екi

сыйымдылықты.

Тiк айырғыштарды негiзiнен шығымы аз ұңғылары бар мұнай кен орындарын тұрғызу кезiнде, және ұңғы өнiмiнің құрамында едәуір мөлшерде парафин мен құм болған кезде, сондай-ақ теңiз кен орындарында қолданады.

Көлденең айырғыштар бірдей геометриялық өлшемдегі тiк айырғыштармен салыстырғанда жоғары өткiзгiштiк қабiлетке ие, бұл айыру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және оларға қызмет көрсету де жеңіл, сондықтан көлденең айырғыштар тiк айырғыштарға қарағанда кең таралған.

Бiр сыйымдылықты көлденең айырғыштарды ыстық және вакуумдық айыруды есептегенде, барлық айыру сатыларында қолданады.

Екi сыйымдылықты көлденең айырғыштарды негiзiнен “Спутник” түріндегі блокты автоматтандырылған қондырғыларды жабдықтау үшiн қолданады.

  1. Құбырларда қолданылтын бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері мен қызметі.

Бақылау-өлшеу аспаптары қысым мен температура шамаларына бақылау жасау үшін және сұйықтар мен газдардың шығынын өлшеу үшін қолданылады.

Температураны өлшеу үшін термометрлерді қолданады, барлық термометрлердің жұмыс істеу принципі температураға байланысты термометрде орналасқан заттардың физикалық параметрлерінің өзгерісіне негізделген. Егер осындай физикалық параметрлер ретінде мыналар қызмет етсе:

 заттың көлемі – аспаптарды ұлғайту термометрлері деп атайды;

 тұйықталған ыдыстағы қысым – манометрлік термометрлермен;

 электрлік кедергілер – кедергілер термометрі, термоэлектрлік

қозғалмалы күш (т.э.қ.к) - термоэлектрлік пирометрлерімен;

 сәуле шығару қабілеттілігі – сәулелену термометрлерімен.

Ұлғайту термометрлері спиртті (төменгі температуралар үшін) және сынапты (жоғары температуралар үшін) деп бөлінеді. Ұлғайту термометрлерінің өлшеу аралығы - 100-ден 650 С-ге дейін.

Манометрлік термометрлер – 60-тан 400 С-ге дейінгі аралықтағы температураны өлшейді. Термобаллонды азотпен, спиртпен, сынаппен, төменгі температурада қайнайтын сұйықтардың қаныққан буымен толтырады.

Кедергілер термометрі - 50-ден 650 С-ге дейінгі аралықтағы температураны өлшейді. Сезімтал элементінің материалына байланысты оларды платиналық және мыстық деп бөледі. Екінші реттік аспап ретінде милливольтметрлерді қолданады.

Термоэлектрлік пирометрлер - 50-ден 2500 С-ге дейінгі аралықтағы температураны өлшейді. Конструкциясы жағынан олар кедергі термометрлеріне ұқсас болып келеді, ал сезімтал элементі ретінде термобуды қолданады, ол екінші ретті аспаптармен бірге электрлік тізбек түзеді, бұл электр тізбегінде бір өткізгіш сымнан екіншісіне еркін электрондардың өтуі (диффузиясы) есебінен т.э.қ.к. туындайды.

Сәуле шығару пирометрлері – жұмыс істеу принципі бойынша оптикалық (дененің жарқырау айқындылығын электр лампасымен салыстырады) және радиациялық (термобудың көмегі арқылы жылулық сәулелену термоэлектрлік қозғалмалы күшке (т.э.қ.к) айналады )

Пирометрлерді жарылған денелердің жоғарғы температурасын өлшеу үшін қолданады.

Артық қысымды өлшеу үшін манометрлерді, вакуумды өлшеу үшін вакуумметрлерді, ал қысым төмендеуін анықтау үшін дифференциалды манометрлерді қолданады.

Манометрлер мен вакуумметрлердің құрылысы ұқсас. Олардың айырмашылығы мынада, яғни манометрлерде шкаладағы нөлдік белгі сол жақта, ал вакуумметрлерде – оң жақта орналасқан. Манометрлердегі сезімтал элемент қызметін түтікшелі серіппе атқарады, ол артық қысым әсерінен бұралады да, оның орын ауыстыруы қаламға (пероға) немесе стрелкаға (бағытшаға) беріледі. Манометрлер техникалық, бақылаушы және үлгілік болып келеді. Дифференциалдық манометрлерді негізінен газ шығынын өлшеу үшін қолданады.

Белгі беру (сигнализация) және жауып тастау (блокировкалау) үшін электроконтактілі аспаптарды пайдаланады, оларда сыртқа шығарылған головка көмегімен қысымның бақыланатын шамасына орнатылған екі контактілі стрелкасы бар. Аспаптың жұмысшы стрелкасы контактілі стрелканың бірімен түйіскен кезде электрлік тізбек тұйықталады да атқарушы механизмге сәйкесті белгі (сигнал) немесе бұйрық беріледі.

50. Реттеушы құбыр арматурасының түрлері және қызметі. Реттеуші арматура технологиялық процестің параметрлерін берілген аралықта автоматты түрде ұстап тұруға және өзгертуге арналған. Мұнай өнеркәсібінде, негізінен, қысымды және сұйықтық деңгейін реттеуші аспаптар қолданылады. Қысымды реттегіштер “өзіне дейін” немесе “өзінен кейін” түрінде, яғни қысымды оның орнатылған жеріне дейін немесе орнатылған жерінен кейін реттейтін болып орындалады.

Деңгейді реттегіштерді механикалық (жапқыш құрылғыға тікелей әсер ететін қалытқылар) және пневматикалық (жапқыш құрылғыға қалытқының әсері пневмореле арқылы жүзеге асады) деп бөледі.

Пневматикалық реттегіштер, өз кезегінде, камералық (қалытқы бөлек камерада орнатылған) және фланецтік (қалытқы аппараттың ішінде орналасқан) деп бөлінеді. Соңғы жылдары “гамма-реле” типті деңгей реттегіштері кең қолданыс тапты, олардың жұмыс істеу принципі ағын жолында орналасқан өнімнің әсерінен гамма-сәулелердің әлсіреуі немесе жұтылуы салдарынан гамма-сәулелену ағынының қарқынды өзгерісін тіркеуге негізделген. Гамма-реле бір және екі каналды болуы мүмкін. Екі каналды гамма-реле бір мезгілде екі деңгейді реттеуі мүмкін (мысалы, “мұнай-су” және “мұнай-газ” фазаларының шекарасында). Гамма сәулелердің ағыны датчикпен тіркеліп, электр импульстеріне түрлендіріледі де, күшейтіліп, атқарушы клапанға беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]