Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_SBOR (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.74 Mб
Скачать

9.6. Тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын автоматты түрде өлшеу

Автоматтандырылған (А) технологиялық қондырғысы тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын дәл және тұрақты өлшеуге арналған және сапасыз мұнайды автоматты түрде кері қайтарып қайтадан дайындауға және олардан сынама алуға арналған.

(А) технологиялық қондырғысы келесi тәртiппен жұмыс iстейдi. Мұнайды дайындау қондырғысынан (МДҚ) мұнай кезектесіп жұмыс жасайтын резервуарларға 1 берiледi, олардан арынды сорап арқылы 2 автоматтандырылған ылғал өлшегiш 3 және тұз өлшегiш 4 бойымен айдалады.

ЖАБ

ЖАБ

9.2. Сурет. Тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын өлшейтін

(А) технологиялық автоматтандырылған қондырғысының сұлбасы.

1-кезектесіп жұмыс жасайтын резервуарлар; 2-арынды сорап; 3-автоматтандырылған ылғал өлшегiш; 4-тұз өлшегiш; 5, 6-клапандар-ажыратқыштар; 7-сапасыз мұнайды қайтару желісі; 8-гидрожетек; 9-сүзгі; 10-тауарлық мұнайдың тығыздығын өлшегіш; 11-турбиналық шығын өлшегіш; 12-автоматты термометр; 13-тауарлы сорап.


Егер тауарлы мұнайдың құрамындағы су мен тұз нормадан асып кетсе, онда ылғал өлшегiштің датчигі жергiлiктi автоматика блогына (ЖАБ) апат белгiсін бередi, және гидрожетек көмегiмен ажыратқыш арқылы 5 тауарлық мұнайдың желiсiн жауып тастайды. Сол мезгілде ажыратқыш 6 сапасыз мұнай желiсiн ашады, ол желi 7 бойынша МДҚ-на қайтадан дайындалуға жiберiледi. Ылғал өлшегiштен 3 немесе тұз өлшегiштен 4 келетiн апаттық белгі тоқтаған кезде ажыратқыш 5 ашылады, ал ажыратқыш 6 жабылады.

Тауарлық мұнай ағыны сүзгi 9 арқылы, содан кейiн радиоизотопты тығыздық өлшегіш 10 арқылы өтедi, осыдан турбиналық шығын өлшегiшке келiп түседi 11, онда турбинка ағын жылдамдығына пропорционал бұрыштық жылдамдықпен айналады. Турбинканың айналуы электрлiк импульске түрлендiрiледi де, ЖАБ-ның есепке алу құрылғысына барып түседi, содан кейiн автоматты термометр 12 беретiн температураларды түзете отырып тауарлық мұнайдың көлемдерiнiң шамасы тығыздық өлшегіштің 10 көрсеткiшiне автоматты түрде көбейтiледi және блоктың беттiк панелiне орнатылған шығын өлшегiшпен 11 есепке алынады.

(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары

Максимал өткiзу қабілетi, т/тәу 1000

Жұмыс қысымы, МПа 2,45

Құрамындағы су, % аспайды, 10

Мұнайдың температурасы,оС +5 тен +100дейiн

Мұнайдың тұтқырлығы, мм2/с 100

Тауарлы мұнайдың мөлшерiн

өлшеудегi салыстырмалы қателiк, салмақ % 0,5

Қазiргi уақытта тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын есепке алуға арналған жетiлдiрiлген, өнiмдiлiгi жоғары және дәл автоматтандырылған қондырғылар жасалып шығарылған (Рубин-2М, СУН-мұнайды есепке алу станциясы ж/е т.б.)

  1. Резервуарларда мұнайды сактау кезінде көмірсутектердің шығынын болдырмайтын қандай әдістер бар.

Резервуарларда сақталатын мұнайдың жеңiл фракциялары негiзiнен тыныс алу клапандары арқылы буланып ұшып кетедi. Резервуарларда сақталатын мұнайдың жеңiл фракцияларының шығынын анықтаудың бiрнеше әдiстерi бар. Негізі олардың барлығы мыналарды өлшеуге негiзделген:

  • резервуарға мұнайдың құйылу биiктiгiн;

  • газды есептегіштердің көмегiмен резервуардан шығатын жеңiл фракциялардың мөлшерiн;

  • газ кеңiстiгiнiң биіктiгi бойынша көмiрсутектердiң концентрациясын;

  • мұнайдың резервуарда сақталуға дейінгі және одан шыққаннан кейінгі мұнайдың қаныққан бу қысымдарының айырмашылығын;

  • мұнайды резервуарда сақтауға дейiнгi және сақтағаннан кейiнгi мұнайдың салыстырмалы тығыздығын анықтау.

Резервуарлардан атмосфераға шығатын көмiрсутектердiң массалық шығыны мына формула бойынша анықталады:

(9.1.)

Мұндағы: Vо қалыпты жағдайға келтірілген өлшенетін уақыт аралығында резервуардан шыққан газды-ауалы қоспаның көлемi, м3; с – бiрлiк үлестегi газды-ауалы қоспадағы көмiрсутектердiң орташа концентрациясы; ρ - қалыпты жағдайға келтірілген резервуардан шыққан көмiрсутектердiң тығыздығы, кг/м3.

Мұнайдың физика-химиялық қасиеттерiне байланысты резервуардағы газ кеңiстiгiнiң биiктiгi бойынша көмiрсутектердiң концентрациясы бiр қалыпты және бiр қалыпсыз болуы мүмкiн.

Резервуарларды жеңiл мұнаймен толтырғанда және босатқан кезде резервуардың газды кеңiстiгiнiң биiктiгi бойынша көмiрсутектердiң концентрациясы (ρ=800820кг/м3) бір қалыпты сақталады, бiрақта уақыт бойынша тұрақты болмайды, ал ауыр мұнайлар үшiн (ρ =820920кг/м3) бiр қалыпсыз және тұрақсыз болады (себебі, ауыр мұнайларға қарағанда жеңiл мұнайларда еріген газдың булануы және бөліну қарқыны едәуір жоғары). Резервуарлардың газ кеңiстiгiндегi көмiрсутектердiң орташа концентрациясы қабылдау-тапсыру операциясын (яғни, резервуарды мұнаймен толтыру немесе босату кезінде) жүзеге асыру барысында резервуарлардағы мұнай деңгейiнiң көтерiлу немесе түсу жылдамдығына да тәуелдi болады. Газдыауалы қоспаның көлемiн қалыпты жағдайға келтіру мына формула бойынша жүргiзiледi:

(9.2)

мұндағы: Рр және Тр – резервуардың газдыауалы кеңiстiгiндегi қысым мен температура; Ро және То- қалыпты жағдайдағы қысым мен температура (Ро=0,1МПа, То=273К); z- газдың жоғары сығымдылық коэффициентi,төменгi қысым кезiнде оны 1-тең деп қабылдауға болады.

Көмiрсутектердiң орташа концентрациясы мұнайдың булану қарқынына -q және булану ауданынан -F мұнайдың буланып ұшып кету ұзақтығына - (резервуарды босату, толтыру және мұнайды сақтау кездері) тәуелдi болады. Ол келесi өрнектен анықталады:

(9.3.)

мұндағы: Vгп – резервуардың газдыауалы кеңiстiгiнiң көлемi.

Есептеу кезінде тәжiрибелiк мәлiметтерге сүйене отырып көмiрсутектердiң орташа концентрациясын 0,1-0,5 деп алады.

Резервуардағы мұнайдан көмiрсутектердiң булану қарқынын резервуарды толтыру, босату және мұнайды сақтау процесстерi үшiн бөлек жеке-жеке анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]