Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_SBOR (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.74 Mб
Скачать
  1. Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз?

І саты - пайдалану кешенін (объектісін) игеру - өнімнің өсу сатысы - ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейін қарқынды өсуімен сипатталады және пайдалану қоры шамамен 60-80%-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5 мПас дейін болса 3 - 4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса 35%-ке дейін суланады). Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.

ІІ саты - мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұру - бұл сатыда 3-7 жыл аралығында мұнай өндірудің жоғары деңгейі тұрақты сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен орындарын игеру кезінде бұл аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың есебінен ұңғылар саны максимумға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) және сулануға байланысты ұңғылардың аздаған бір бөлігі жабылып қалады (тоқтатылады) және ұңғылардың көп бөлігі ұңғыны пайдаланудың механикалық тәсіліне ауысады.

ІІІ саты - мұнай өндірудің едәуір төмендеуі - мұнай өндірудің тез құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып) ұңғылар қорының азаюымен, ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тәсіліне ауыстырумен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сипатталады, әсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кенорындарында сулану көрсеткіші қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына байланысты және орта есеппен 5-10 жылды құрайды.

Алғашқы үш сатыны игерудің негізгі кезеңі деп атайды. Осы уақыт аралығында кеніштен (алынатын мұнай қорынан) 80-90%-ға дейін мұнай алынады.

ІV саты - игеруді аяқтау сатысы. Ол сұйық алу артып мұнай алу қарқынының баяу төмендеуімен, алдыңғы сатыларға қарағанда өнімнің сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен сипатталады. Бұл кезең аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының 10-20% құрайды. Соңғы сатының ұзақтығы алдыңғы барлық игеру кезеңінің ұзақтығымен салыстырылады. Ол 15-20 жыл немесе оданда бірнеше ондаған жылды құрайды және экономикалық тиімділік шегімен (рентабелділікпен) анықталады. Бұл әсіресе ұңғы өнімі 98% суланғанда басталады.

  1. Ұңғы өнімін қалай түсінесіз? Ұңғы өнімін жинау жүйесының элементтерін атаңыз. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.

Ұңғы өнімдері деп ұңғыдан келіп түсетін және мұнайдан, қабат суларынан, әртүрлі қоспалардан және еріген газдан тұратын көп компонентті заттарды айтады [18].

Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

- өндіру ұңғылары;

- автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары (АТӨҚ);

  • сығымдайтын сорап станциялары (ССС);

  • мұнайды, газды және суды жинау мен дайындаудың орталықтандырылған пункті (ОЖП немесе МАДЦ).

Жүйе элементтері өзара бір-бірімен құбырлар арқылы байланысқан.

Мұнай кен орнының тұрғызу жобасын, оның игеру жобасы мен технологиялық сұлбасын негізге ала отырып сол жобалау мекемесі жасайды. Тұрғызу жобасын құрастыру барысында жергілікті жердің географиялық және климаттық жағдайы ескеріледі: құрылыстың бар жоғы, сулы кедергілердің болуы, кейбір участкелердің батпақтануы, ауыл және орман шаруашылығы үшін жердің құндылығы және т.б. Игеру барысында мұнай кенорнының даму көрсеткіші оның толық зерттелуіне байланысты. Кенорнын пайдаланудың барлық мезгілінде игерудің бірінші сатысынан екінші сатысына өтуі кезінде оның негізгі көрсеткіштері толық анықталып және жете зерттеледі. Сондықтан тұрғызудың бастапқы кезінде объектілер мен өндірістік қуаттардың құрылысы мен енгізу кезегін анықтап қана қоймай кенорынды игерудің әр сатысында өндірістік қуаттарды біртіндеп дамытуды жүзеге асыру қажет.

  1. Кен орнын орналастыру жобасының мақсаты. Орналастыру жобасында қандай сұрақтар қарастыралады?

    Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.

Ұңғы өнімдері деп ұңғыдан келіп түсетін және мұнайдан, қабат суларынан, әртүрлі қоспалардан және еріген газдан тұратын көп компонентті заттарды айтады [18].

Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

- өндіру ұңғылары;

- автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары (АТӨҚ);

  • сығымдайтын сорап станциялары (ССС);

  • мұнайды, газды және суды жинау мен дайындаудың орталықтандырылған пункті (ОЖП немесе МАДЦ).

Жүйе элементтері өзара бір-бірімен құбырлар арқылы байланысқан.

Мұнай кен орнының тұрғызу жобасын, оның игеру жобасы мен технологиялық сұлбасын негізге ала отырып сол жобалау мекемесі жасайды. Тұрғызу жобасын құрастыру барысында жергілікті жердің географиялық және климаттық жағдайы ескеріледі: құрылыстың бар жоғы, сулы кедергілердің болуы, кейбір участкелердің батпақтануы, ауыл және орман шаруашылығы үшін жердің құндылығы және т.б. Игеру барысында мұнай кенорнының даму көрсеткіші оның толық зерттелуіне байланысты. Кенорнын пайдаланудың барлық мезгілінде игерудің бірінші сатысынан екінші сатысына өтуі кезінде оның негізгі көрсеткіштері толық анықталып және жете зерттеледі. Сондықтан тұрғызудың бастапқы кезінде объектілер мен өндірістік қуаттардың құрылысы мен енгізу кезегін анықтап қана қоймай кенорынды игерудің әр сатысында өндірістік қуаттарды біртіндеп дамытуды жүзеге асыру қажет.

Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері (сатылары) өлшемсіз уақытқа байланысты мұнай өндіру динамикасы бойынша бөлінеді, яғни жинақталған өндірілген сұйықтың мұнайдың баланстық қорына қатынасымен сипатталады [3, 13] және 1.1-суретінде көрініс тапқан.

1.1.Сурет. Мұнай кен орындарын игеру сатылары


І саты - пайдалану кешенін (объектісін) игеру - өнімнің өсу сатысы - ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейін қарқынды өсуімен сипатталады және пайдалану қоры шамамен 60-80%-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5 мПас дейін болса 3 - 4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса 35%-ке дейін суланады). Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.

ІІ саты - мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұру - бұл сатыда 3-7 жыл аралығында мұнай өндірудің жоғары деңгейі тұрақты сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен орындарын игеру кезінде бұл аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың есебінен ұңғылар саны максимумға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) және сулануға байланысты ұңғылардың аздаған бір бөлігі жабылып қалады (тоқтатылады) және ұңғылардың көп бөлігі ұңғыны пайдаланудың механикалық тәсіліне ауысады.

ІІІ саты - мұнай өндірудің едәуір төмендеуі - мұнай өндірудің тез құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып) ұңғылар қорының азаюымен, ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тәсіліне ауыстырумен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сипатталады, әсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кенорындарында сулану көрсеткіші қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына байланысты және орта есеппен 5-10 жылды құрайды.

Алғашқы үш сатыны игерудің негізгі кезеңі деп атайды. Осы уақыт аралығында кеніштен (алынатын мұнай қорынан) 80-90%-ға дейін мұнай алынады.

ІV саты - игеруді аяқтау сатысы. Ол сұйық алу артып мұнай алу қарқынының баяу төмендеуімен, алдыңғы сатыларға қарағанда өнімнің сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен сипатталады. Бұл кезең аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының 10-20% құрайды. Соңғы сатының ұзақтығы алдыңғы барлық игеру кезеңінің ұзақтығымен салыстырылады. Ол 15-20 жыл немесе оданда бірнеше ондаған жылды құрайды және экономикалық тиімділік шегімен (рентабелділікпен) анықталады. Бұл әсіресе ұңғы өнімі 98% суланғанда басталады.

Ескере кететін жағдай осы барлық төрт сатыдан өту барысында мұнай, мұнай газын және суды өндірудің бірдей еместігі және уақыт өте құбырлар мен қондырғылардағы сұйықтар ағынының құрамы өзгере отырып ұңғы өнімдерін жинау және дайындауға арналған кәсіпшілік жабдықтарының жүктелуінің бірдей болмайтындығы байқалады.

Тұрғызу жобасына қажетті бастапқы мәліметтер:

  1. жыл бойынша мұнай, газ және суды тиімді өндіру;

  2. пайдалану және айдау ұңғыларын орналастыру торы, олардың саны және пайдалануға енгізу тәртібі;

  3. жыл бойынша фонтанды ұңғылардың сағалық қысымының өзгеруі;

  4. қабат мұнайының құрамы, тығыздығы, тұтқырлығы, шайырлық құрамы, парафинділігі, асфальтенділігі, күкіртсутектік және көмірқышқыл газдылық құрамы;

  5. мұнайдың газдылық құрамы, ілеспе газдың құрамы;

  6. қабат суларының физика-химиялық сипаттамасы (құрамы, тығыздығы, сілтілігі, қышқылдылығы, коррозиялық әрекеттілігі);

  7. ұңғылар орналасқан, мұнайлылық, газдылық нұсқалары көрсетілген құрылым картасы;

  8. ауданның климаттық және метеорологиялық жағдайы;

  9. су, электроэнергия көздері, темір жолдар мен тас жолдардың болуы;

  10. топографиялық карта;

Тұрғызу жобасында мына мәселелер қарастырылады:

  • жыл бойынша мұнай мен газдың жоспарланған мөлшерін жинау және дайындауды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы;

  • шығару желісі арқылы автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларына дейін ұңғы өнімдерін бірегей жинау және дайындауды қамтамасыз ететін жинау жүйесі;

  • АТӨҚ -да әрбір жеке ұңғыдан шыққан мұнайды, газды және суды өлшеу;

  • АТӨҚ -нан мұнайды дайындау қондырғысына (МДҚ) дейін жинау коллекторлары бойымен суланған және суланбаған мұнайды бірге немесе бөлек тасымалдау;

  • мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау және оны тұтынушыға өткізу;

  • қабат суларын дайындау және пайдалану;

  • ілеспе газды дайындау және утилизациялау.

Қазіргі кезде Қазақстан кен орындарында тауарлы мұнайды дайындау дәрежесі бойынша 1.1- кестедегідей топтарға бөлу қарастырылған.

1.1- Кесте. Мұнайдың сапалық топтары

Көрсеткіштер

мұнай топтарының нормасы

1А топ

1 топ

2 топ

3 топ

1. Судың массалық үлесі,%

0,5

0,5

1

1

2. Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3

40

100

300

900

3. Механикалық қоспалардың массалық үлесі , %

0,05

4. Қаныққан будың қысымы, кПа немесе (сынап бағанасы бойынша мм)

66,7

(500)

66,7 (500)

66,7

(500)

66,7

(500)

Мұнай өңдейтін зауыттардың технологиялық процесі мен жабдықтары осы сапаға есептелген. Мұнай өндірісі мекемелерінің жұмысшылары сапалы мұнай өткізуге көңіл қояды, өйткені өткізу бағасы оны дайындау топтарына байланысты.

Мұнай кенорындарын игеру 30 жылға және бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тәсілі өзгеріп отырады.

Өнімді жинау және дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:

  1. өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;

  2. әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;

  3. ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау және есептеу;

  4. өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;

  5. технологиялық қондырғылардың беріктігі және толық автоматтандырылуы;

  6. негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;

  7. күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары және металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;

  8. жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау.

Экспортқа шығарылатын мұнай үшін 1.2- кестесіндегідей талаптар қойылады.

1.2- кесте. ТУ 39-1623-93.

Экспортқа шығарылатын ресей мұнайы. Техникалық шарты

Көрсеткіш атаулары

Түр нормасы

І

ІІ

ІІІ

  1. Күкірттің массалық үлесі, %

артық емес

2. 20 С кезіндегі тығыздық, кг/м3

3. Фракциялардың шығу көлемі, %

артық емес

200 С температураға дейін

300 С температураға дейін

350 С температураға дейін

4. Парафиннің массалық үлесі, %

артық емес

5. Ауыр металдардың концентрациясы,

(ванадий, никел, темір т.б.) мг/кг,

артық емес

6. Күкіртсутегінің концентрациясы,

мг/кг, артық емес

меркаптан, этилмеркаптан

7. Судың массалық үлесі, %

артық емес

8. Хлорлы тұздардың концентрациясы,

мг/дм3 артық емес

9. Механикалық қоспалардың

массалық үлесі, % артық емес

0,6

850

27

47

57

6

45

20

30

0,5

100

0,05

1,8

865

24

44

55

6

60

20

30

0,5

300

0,05

2,5

895

-

-

-

-

-

-

-

1,0

900

0,05

Қазақстан республикасының мұнай кәсіпшіліктерінде және шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ және суды бірге жинау қарастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]