
- •Тығындаушы (запорлы) және реттеуші құбырлы арматуралардың түрлері.
- •Құбырларды тоттанудан пассивті және активті қорғау деп нені түсінеміз? Құбырларды тоттанудан катодтық және протекторлық қорғаудың ерекшеліктері мен маңызы.
- •Құбырлардың тоттану түрлері
- •Құбырлар желісінің ластануының алдын алу және шөгінділерді шығару тәсілдері? Парафин шөгінділерімен күресу әдістері?
- •6.8.1. Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Құбырларды таңдау қандай факторларға тәуелді болады? Құбырларда бүлкілдеу қалай пайда болады, және оның құбырлардың жұмысына әсері қандай? Бүлкілдеудің алдын алу тәсілдері қандай?
- •Бүлкілдеуін төмендету әдістері
- •Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі? Құбырларды төсеу 6.3.1. Құбырлардың сорты
- •6.3.2. Құбырлар желісін салу жұмыстарын жүргізу реті
- •6.3.3. Құбырлар желісінің трассасын таңдау
- •Құбырлар желісін қысымға сынау
- •Кәсіпшілік құбырларын қалай жіктейді ?
- •Мұнайдағы судың құрамын қалай анықтайды және қолданатын аспаптар? Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •Қандай “Спутниктерде” сұйықты өлшеу көлемдік әдіспен және массалық әдіспен жүргізіледі?
- •Ұңғы өнімін өлшеу қандай мақсатпен жүргізіледі? Әртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір. Б-Спутнигі
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Теңіз кен орындарында мұнайды жинау және тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?
- •Кен орны ауданы және мұнайдың қасиеттері бойынша ұңғы өнімдерін жинау және дайындау схемасы. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған? Олардың артықшылығы мен кемшілігі. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Мұнай эмульсияларының қасиетері. Тұтқырлығы, тығыздығы, дисперстілігі Мұнай эмульсиясының физикалық-химиялық қасиеттері
- •Мұнай эмульсияларының тұрақтығына әсер ететін факторлар. Мұнай эмульсияларының ескіруі Мұнай эмульсияларының беріктігі (тұрақтылығы) және олардың “ескіруі”
- •Мұнай эмульсиясының қандай түрін тура және қандайын кері деп атайды ? Эмульсияның инверсия нүктесі деп нені айтамыз ?
- •Эмульгатор және деэмульгатор дегеніміз не? Деэмульгаторлардың негізгі түрлерін атаңыз.
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Мұнай эмульсиясы дегеніміз не? Мұнай эмульсиясының түзілуіне және беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?
- •Қабат суларының минералдылығы деп нені айтады? рН шамасы бойынша қабат суларын қалай жіктейді?
- •Мұнайдың негізгі қасиеттері. Оларды анықтау әдістері.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •Мұнай құрамын қалай жіктейді?
- •Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз?
- •Ұңғы өнімін қалай түсінесіз? Ұңғы өнімін жинау жүйесының элементтерін атаңыз. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.
- •Кен орынды тұрғызу жобасында атмосфераны қорғаудың қандай шаралары қарастырылуы тиіс?
- •Ұңғы өнімін жинау және дайындау кезінде кездесетін қоршаған ортаны ластау көздері?
- •Теңіздегі кен орындарды пайдалану кезінде теңізді ластанудан қорғау үшін мұнай мен газды жинаудың қандай ерекшеліктері бар?
- •Теңіз беті мұнаймен ластанған кездегі тазартудың әдістерін атап, сипаттаңыз
- •Шикі және тауарлы мұнай. Тауарлы мұнайдың негізгі көрсеткіштері.
- •9.6. Тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын автоматты түрде өлшеу
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Резервуарларда мұнайды сактау кезінде көмірсутектердің шығынын болдырмайтын қандай әдістер бар.
- •Мұнай ұстағыштарының міндеттірі, жұмыс істеу принциптері.
- •Ағын суларды дайындау әдістері және қолданылатын жабдықтар
- •Айырғыштарда қандай құрылғы газ ағысымен бірге сұйық тамшыларының шығуына жол бермейді
- •Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай жүргiзедi?
- •Резервуарлардың кiшi және үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не?
- •Резервуарлардың түрлерi. Тауарлы резервуарларда қандай негiзгi жабдықтар орнатылады және олардың қызметi?
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Электродегидраторлар
- •Блокты термохимиялық қондырғылар.
- •Мұнайды жылу-химиялық деэмульсациялаудың артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз?
- •Тұндырғыштың міндеті және жұмысы.
- •Мұнай-газ айырғыштарының жұмысына қандай факторлар әсер етеді
- •Деэмульсация процесінің үш негізгі кезеңін және қолданылатын әдістерін атаңыз
- •Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар?
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы
- •Мұнай-газ айырғыштарының міндеті. Айырғыштардың жіктелуі.
- •7.2. Айырғыштардың жіктелуі (классификациясы)
- •Құбырларда қолданылтын бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері мен қызметі.
Мұнай құрамын қалай жіктейді?
Мұнай мен газ жанғыш пайдалы қазбалар қатарына жатады. Олар құрамында көмірсутегі емес қосылыстары бар әртүрлі құрылымдағы көмірсутектерінің күрделі қоспаларынан тұрады.
Мұнай құрамы өте күрделі және әр түрлі болып келеді. Ол бір кеніштің өзінде де өзгеріске түсуі мүмкін.
Жер жүзінде 23 мыңнан астам кенорны болса, оның ішінде Қазақстанда 200-ге жуық мұнай кенорны бар. Әр кен орнының мұнай құрамы ерекше және қасиеті де әр түрлі.
Мұнайдың қасиеті өндіру барысында, мұнайдың қабат бойымен қозғалысында, ұңғыда және жинау мен тасымалдау жүйесінде өзгеріп отырады.
Мұнайдың құрамына метанды немесе парафинді (Сп Н2п+2), нафтенді (Сп Н2п) және ароматты (Сп Н2п-6) көмірсутектер кіреді.
Метанды немесе парафинді көмірсутектері метаннан (С2Н4) бастап, пентанға (С5Н12) дейін қалыпты жағдайда, яғни (Р=0,1 МПа және Т=273 К) газ күйінде болады. Ал пентаннан бастап гептадеканға (С17Н36) дейін - сұйық түрінде, ал одан да жоғарғысы - қатты заттар (парафиндер) күйінде кездеседі [18]. Мұнайдың парафинді көмірсутектерінің жартысы қалыпты құрылымға, ал қалған бөлігі тармақталған құрылымға ие екені белгілі. Изоалкандар - бензин мен майдың, олардың пайдаланылу сапасын жақсартатын бағалы компоненттер болып табылады.
Нафтенді көмірсутектер (циклоалкандар). Моноциклді нафтендер мұнайда циклопентанды және циклогександы көмірсутектермен кең танымал болып келеді. Нафтенді көмірсутектері - моторлы жанар және жағар майлардың ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Нафтенді көмірсутектері парафинді көмірсутектеріне қарағанда асфальтендер мен шайырларды өте жақсы еріту қабілетіне ие.
Ароматты көмірсутектері бензолдық қатардың циклді шексіз көмірсутектеріне жатады. Мұнайдың тығыздығы, химиялық тұрақтылығы, улылығы және басқада сипаттамалары ароматты көмірсутектерінің алатын үлесіне және құрамына байланысты. Мұнайдың ароматты көмірсутектері басқа қосылыстармен салыстырғанда асфальтты-шайырлы (смолалы) заттарды өте жоғары дәрежеде еріте алады.
Мұнайдың құрамы элементтік, фракциялық және топтық деп жіктеледі [2], [4].
Мұнайдың элементтік құрамы деп, ондағы әртүрлі химиялық элементтердің бірлік үлестегі немесе пайыздағы массалық құрамын айтамыз. Мұнайдың негізгі элементі көміртегі (С) мен сутегі (Н) болып табылады.
Көбінесе мұнайда көміртегінің пайыздық үлесі - 83-87%, ал сутегінің үлесі - 12-14% құрайды. Ал басқа элементтер - күкірт, азот, оттегі және тағы басқалары 3-4% аралығында кездеседі.
Күкіртті қосылыстар (меркаптандар, сульфидтер, күкіртсутектері) металдарды қатты коррозияға ұшыратады және мұнайдың тауарлық сапасын төмендетеді. Еркін күкірт мұнайда сирек кездеседі және күрделі күкіртті қосылыстарға ыдырайды. Зияндық (улы) қасиеті бойынша барлық осы аталған күкіртті қосылыстардың ішінде күкіртсутегі ең қауіпті болып табылады.
Мұнай құрамына кіретін, оттекті құрамды компоненттерге - нафтенді және майлы қышқылдар, фенолдар және т.б. жатады. Нафтенді қышқылдың құрамы бірнеше пайызға дейін жетуі мүмкін. Нафтенді қышқылдар тез жағымсыз иіс шығаратын аз ұшатын сұйықтар болып келеді, олар суда ерімейді, бірақта мұнай өнімдерінде жеңіл ериді. Сілтілі металдары бар қабат суларымен әрекеттескен кезде түзілетін нафтенді қышқыл тұздары - эмульгаторлар болып табылады.
Азоттық қосылыстар мұнай құрамында аз мөлшерде кездеседі (0,5% дейін).
Асфальтты-шайырлы заттар жұқа беттегі мұнайдың түсін анықтайды (сарыдан, қоңырдан бастап қараға дейін). Олар күрделі қоспалар болып келеді. Оларда көміртегі, сутегі және оттегі атомдарымен қатар күкірттің, темірдің, магнидің, никельдің және т.б. заттардың атомдары болады. Шайырлар сілтілер мен қышқылдарда ерімейді, бірақ жеңіл мұнай дистилляттарында толық ериді. Шайырлардың тұтқырлықтары өте жоғары, тығыздығы шамамен 1,0-ге тең. Асфальтендер - жеңіл бензиндерде ерімейді, бірақта бензолда, хлороформде жақсы ериді. Ол морт сынғыш, әдетте қара түсті болып келетін қатты зат. Олардың тығыздығы 1-ден артық. Мұнайдағы асфальтендер мен шайырлардың жалпы мөлшері 20-25% дейін жетуі мүмкін. Бұл заттар - сумұнай эмульсиясының негізгі табиғи тұрақтандырғышы, олар мұнайдың көбіктенуіне жағдай жасайды.
Мұнайда аз мөлшерде металдар - ванадий, никель, хром, темір, магний және т.б. кездеседі.
Мұнайдың фракциялық құрамын, айыру барысындағы әртүрлі қайнау температурасымен олардан шығатын фракциялар арқылы анықтайды. Мұнай фракцияларының қайнау температурасы:
30-205 С - бензин; 200-300 С - керосин;
120-240 С - лигроин (аралық фракция);
300 С –тан астам температурада мазуттар алынады.
Айдау барысында алынған өнімдерді, егер олар 350 С-қа дейін қайнаса - ашық фракциялар деп, ал егер қайнау шегі 350 С және оданда жоғары температурада қайнаса - қара фракциялар деп атайды.
Мұнайларды былай бөледі:
ашық фракциялардың шығуы бойынша түрлерге
(қайнау температурасы 300 С дейін)
І түрі - ашық фракциялардың шығуы 45%-дан жоғары
ІІ түрі - 30-45% аралығында
ІІІ түрі - ашық фракциялардың шығуы 30%- дан төмен
- құрамындағы күкірт мөлшері бойынша кластарға
І класты - аз күкіртті (күкірт 0,5%-дан көп емес)
ІІ класты - күкіртті - 0,51-2% аралығында
ІІІ класты - жоғары күкіртті - 2%-дан жоғары
- қүрамындағы парафиннің мөлшері бойынша
аз парафинді - 1,5 %-дан төмен
парафинді - 1,5 - 6% аралығында
жоғары парафинді 6%-дан жоғары
- шайыр мөлшері бойынша
аз шайырлы - 18%-дан төмен
шайырлы – 18-35% аралығында
жоғары шайырлы - 35%-дан жоғары
Мысалы Өзен кен орнының XVІ қабатының мұнайының құрамында 19,3% парафин, 0,2% күкірт, 16,8% шайыр, 31,3% ашық түсті фракция бар десек, онда І-класты аз күкіртті, ІІ-түрге жататын ашық фракциялы, жоғары парафинді және аз шайырлы болып жіктеледі.
Мұнай кен орнының орналастыру жобасын жасау үшін қандай мәліметтер қажет? Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
Ұңғы өнімдері деп ұңғыдан келіп түсетін және мұнайдан, қабат суларынан, әртүрлі қоспалардан және еріген газдан тұратын көп компонентті заттарды айтады [18].
Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
- өндіру ұңғылары;
- автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары (АТӨҚ);
сығымдайтын сорап станциялары (ССС);
мұнайды, газды және суды жинау мен дайындаудың орталықтандырылған пункті (ОЖП немесе МАДЦ).
Жүйе элементтері өзара бір-бірімен құбырлар арқылы байланысқан.
Мұнай кен орнының тұрғызу жобасын, оның игеру жобасы мен технологиялық сұлбасын негізге ала отырып сол жобалау мекемесі жасайды. Тұрғызу жобасын құрастыру барысында жергілікті жердің географиялық және климаттық жағдайы ескеріледі: құрылыстың бар жоғы, сулы кедергілердің болуы, кейбір участкелердің батпақтануы, ауыл және орман шаруашылығы үшін жердің құндылығы және т.б. Игеру барысында мұнай кенорнының даму көрсеткіші оның толық зерттелуіне байланысты. Кенорнын пайдаланудың барлық мезгілінде игерудің бірінші сатысынан екінші сатысына өтуі кезінде оның негізгі көрсеткіштері толық анықталып және жете зерттеледі. Сондықтан тұрғызудың бастапқы кезінде объектілер мен өндірістік қуаттардың құрылысы мен енгізу кезегін анықтап қана қоймай кенорынды игерудің әр сатысында өндірістік қуаттарды біртіндеп дамытуды жүзеге асыру қажет.
Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері (сатылары) өлшемсіз уақытқа байланысты мұнай өндіру динамикасы бойынша бөлінеді, яғни жинақталған өндірілген сұйықтың мұнайдың баланстық қорына қатынасымен сипатталады [3, 13] және 1.1-суретінде көрініс тапқан.
|
1.1.Сурет. Мұнай кен орындарын игеру сатылары
|
І саты - пайдалану кешенін (объектісін) игеру - өнімнің өсу сатысы - ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейін қарқынды өсуімен сипатталады және пайдалану қоры шамамен 60-80%-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5 мПас дейін болса 3 - 4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса 35%-ке дейін суланады). Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.
ІІ саты - мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұру - бұл сатыда 3-7 жыл аралығында мұнай өндірудің жоғары деңгейі тұрақты сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен орындарын игеру кезінде бұл аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың есебінен ұңғылар саны максимумға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) және сулануға байланысты ұңғылардың аздаған бір бөлігі жабылып қалады (тоқтатылады) және ұңғылардың көп бөлігі ұңғыны пайдаланудың механикалық тәсіліне ауысады.
ІІІ саты - мұнай өндірудің едәуір төмендеуі - мұнай өндірудің тез құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып) ұңғылар қорының азаюымен, ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тәсіліне ауыстырумен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сипатталады, әсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кенорындарында сулану көрсеткіші қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына байланысты және орта есеппен 5-10 жылды құрайды.
Алғашқы үш сатыны игерудің негізгі кезеңі деп атайды. Осы уақыт аралығында кеніштен (алынатын мұнай қорынан) 80-90%-ға дейін мұнай алынады.
ІV саты - игеруді аяқтау сатысы. Ол сұйық алу артып мұнай алу қарқынының баяу төмендеуімен, алдыңғы сатыларға қарағанда өнімнің сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен сипатталады. Бұл кезең аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының 10-20% құрайды. Соңғы сатының ұзақтығы алдыңғы барлық игеру кезеңінің ұзақтығымен салыстырылады. Ол 15-20 жыл немесе оданда бірнеше ондаған жылды құрайды және экономикалық тиімділік шегімен (рентабелділікпен) анықталады. Бұл әсіресе ұңғы өнімі 98% суланғанда басталады.
Ескере кететін жағдай осы барлық төрт сатыдан өту барысында мұнай, мұнай газын және суды өндірудің бірдей еместігі және уақыт өте құбырлар мен қондырғылардағы сұйықтар ағынының құрамы өзгере отырып ұңғы өнімдерін жинау және дайындауға арналған кәсіпшілік жабдықтарының жүктелуінің бірдей болмайтындығы байқалады.
Тұрғызу жобасына қажетті бастапқы мәліметтер:
жыл бойынша мұнай, газ және суды тиімді өндіру;
пайдалану және айдау ұңғыларын орналастыру торы, олардың саны және пайдалануға енгізу тәртібі;
жыл бойынша фонтанды ұңғылардың сағалық қысымының өзгеруі;
қабат мұнайының құрамы, тығыздығы, тұтқырлығы, шайырлық құрамы, парафинділігі, асфальтенділігі, күкіртсутектік және көмірқышқыл газдылық құрамы;
мұнайдың газдылық құрамы, ілеспе газдың құрамы;
қабат суларының физика-химиялық сипаттамасы (құрамы, тығыздығы, сілтілігі, қышқылдылығы, коррозиялық әрекеттілігі);
ұңғылар орналасқан, мұнайлылық, газдылық нұсқалары көрсетілген құрылым картасы;
ауданның климаттық және метеорологиялық жағдайы;
су, электроэнергия көздері, темір жолдар мен тас жолдардың болуы;
топографиялық карта;
Тұрғызу жобасында мына мәселелер қарастырылады:
жыл бойынша мұнай мен газдың жоспарланған мөлшерін жинау және дайындауды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы;
шығару желісі арқылы автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларына дейін ұңғы өнімдерін бірегей жинау және дайындауды қамтамасыз ететін жинау жүйесі;
АТӨҚ -да әрбір жеке ұңғыдан шыққан мұнайды, газды және суды өлшеу;
АТӨҚ -нан мұнайды дайындау қондырғысына (МДҚ) дейін жинау коллекторлары бойымен суланған және суланбаған мұнайды бірге немесе бөлек тасымалдау;
мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау және оны тұтынушыға өткізу;
қабат суларын дайындау және пайдалану;
ілеспе газды дайындау және утилизациялау.
Қазіргі кезде Қазақстан кен орындарында тауарлы мұнайды дайындау дәрежесі бойынша 1.1- кестедегідей топтарға бөлу қарастырылған.
1.1- Кесте. Мұнайдың сапалық топтары
Көрсеткіштер |
мұнай топтарының нормасы |
|||
1А топ |
1 топ |
2 топ |
3 топ |
|
1. Судың массалық үлесі,% |
0,5 |
0,5 |
1 |
1 |
2. Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3 |
40 |
100 |
300 |
900 |
3. Механикалық қоспалардың массалық үлесі , % |
0,05 |
|||
4. Қаныққан будың қысымы, кПа немесе (сынап бағанасы бойынша мм) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
Мұнай өңдейтін зауыттардың технологиялық процесі мен жабдықтары осы сапаға есептелген. Мұнай өндірісі мекемелерінің жұмысшылары сапалы мұнай өткізуге көңіл қояды, өйткені өткізу бағасы оны дайындау топтарына байланысты.
Мұнай кенорындарын игеру 30 жылға және бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тәсілі өзгеріп отырады.
Өнімді жинау және дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:
өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;
әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;
ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау және есептеу;
өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;
технологиялық қондырғылардың беріктігі және толық автоматтандырылуы;
негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;
күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары және металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;
жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау.
Экспортқа шығарылатын мұнай үшін 1.2- кестесіндегідей талаптар қойылады.
1.2- кесте. ТУ 39-1623-93.
Экспортқа шығарылатын ресей мұнайы. Техникалық шарты
Көрсеткіш атаулары |
Түр нормасы |
||
І |
ІІ |
ІІІ |
|
артық емес 2. 20 С кезіндегі тығыздық, кг/м3 3. Фракциялардың шығу көлемі, % артық емес 200 С температураға дейін 300 С температураға дейін 350 С температураға дейін 4. Парафиннің массалық үлесі, % артық емес 5. Ауыр металдардың концентрациясы, (ванадий, никел, темір т.б.) мг/кг, артық емес 6. Күкіртсутегінің концентрациясы, мг/кг, артық емес меркаптан, этилмеркаптан 7. Судың массалық үлесі, % артық емес 8. Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3 артық емес 9. Механикалық қоспалардың массалық үлесі, % артық емес |
0,6 850
27 47 57
6
45
20 30
0,5
100
0,05 |
1,8 865
24 44 55
6
60
20 30
0,5
300
0,05 |
2,5 895
- - -
-
-
- -
1,0
900
0,05 |
Қазақстан республикасының мұнай кәсіпшіліктерінде және шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ және суды бірге жинау қарастырылған.