
- •Тығындаушы (запорлы) және реттеуші құбырлы арматуралардың түрлері.
- •Құбырларды тоттанудан пассивті және активті қорғау деп нені түсінеміз? Құбырларды тоттанудан катодтық және протекторлық қорғаудың ерекшеліктері мен маңызы.
- •Құбырлардың тоттану түрлері
- •Құбырлар желісінің ластануының алдын алу және шөгінділерді шығару тәсілдері? Парафин шөгінділерімен күресу әдістері?
- •6.8.1. Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Құбырларды таңдау қандай факторларға тәуелді болады? Құбырларда бүлкілдеу қалай пайда болады, және оның құбырлардың жұмысына әсері қандай? Бүлкілдеудің алдын алу тәсілдері қандай?
- •Бүлкілдеуін төмендету әдістері
- •Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі? Құбырларды төсеу 6.3.1. Құбырлардың сорты
- •6.3.2. Құбырлар желісін салу жұмыстарын жүргізу реті
- •6.3.3. Құбырлар желісінің трассасын таңдау
- •Құбырлар желісін қысымға сынау
- •Кәсіпшілік құбырларын қалай жіктейді ?
- •Мұнайдағы судың құрамын қалай анықтайды және қолданатын аспаптар? Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •Қандай “Спутниктерде” сұйықты өлшеу көлемдік әдіспен және массалық әдіспен жүргізіледі?
- •Ұңғы өнімін өлшеу қандай мақсатпен жүргізіледі? Әртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір. Б-Спутнигі
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Теңіз кен орындарында мұнайды жинау және тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?
- •Кен орны ауданы және мұнайдың қасиеттері бойынша ұңғы өнімдерін жинау және дайындау схемасы. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған? Олардың артықшылығы мен кемшілігі. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Мұнай эмульсияларының қасиетері. Тұтқырлығы, тығыздығы, дисперстілігі Мұнай эмульсиясының физикалық-химиялық қасиеттері
- •Мұнай эмульсияларының тұрақтығына әсер ететін факторлар. Мұнай эмульсияларының ескіруі Мұнай эмульсияларының беріктігі (тұрақтылығы) және олардың “ескіруі”
- •Мұнай эмульсиясының қандай түрін тура және қандайын кері деп атайды ? Эмульсияның инверсия нүктесі деп нені айтамыз ?
- •Эмульгатор және деэмульгатор дегеніміз не? Деэмульгаторлардың негізгі түрлерін атаңыз.
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Мұнай эмульсиясы дегеніміз не? Мұнай эмульсиясының түзілуіне және беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?
- •Қабат суларының минералдылығы деп нені айтады? рН шамасы бойынша қабат суларын қалай жіктейді?
- •Мұнайдың негізгі қасиеттері. Оларды анықтау әдістері.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •Мұнай құрамын қалай жіктейді?
- •Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз?
- •Ұңғы өнімін қалай түсінесіз? Ұңғы өнімін жинау жүйесының элементтерін атаңыз. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.
- •Кен орынды тұрғызу жобасында атмосфераны қорғаудың қандай шаралары қарастырылуы тиіс?
- •Ұңғы өнімін жинау және дайындау кезінде кездесетін қоршаған ортаны ластау көздері?
- •Теңіздегі кен орындарды пайдалану кезінде теңізді ластанудан қорғау үшін мұнай мен газды жинаудың қандай ерекшеліктері бар?
- •Теңіз беті мұнаймен ластанған кездегі тазартудың әдістерін атап, сипаттаңыз
- •Шикі және тауарлы мұнай. Тауарлы мұнайдың негізгі көрсеткіштері.
- •9.6. Тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын автоматты түрде өлшеу
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Резервуарларда мұнайды сактау кезінде көмірсутектердің шығынын болдырмайтын қандай әдістер бар.
- •Мұнай ұстағыштарының міндеттірі, жұмыс істеу принциптері.
- •Ағын суларды дайындау әдістері және қолданылатын жабдықтар
- •Айырғыштарда қандай құрылғы газ ағысымен бірге сұйық тамшыларының шығуына жол бермейді
- •Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай жүргiзедi?
- •Резервуарлардың кiшi және үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не?
- •Резервуарлардың түрлерi. Тауарлы резервуарларда қандай негiзгi жабдықтар орнатылады және олардың қызметi?
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Электродегидраторлар
- •Блокты термохимиялық қондырғылар.
- •Мұнайды жылу-химиялық деэмульсациялаудың артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз?
- •Тұндырғыштың міндеті және жұмысы.
- •Мұнай-газ айырғыштарының жұмысына қандай факторлар әсер етеді
- •Деэмульсация процесінің үш негізгі кезеңін және қолданылатын әдістерін атаңыз
- •Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар?
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы
- •Мұнай-газ айырғыштарының міндеті. Айырғыштардың жіктелуі.
- •7.2. Айырғыштардың жіктелуі (классификациясы)
- •Құбырларда қолданылтын бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері мен қызметі.
Тығындаушы (запорлы) және реттеуші құбырлы арматуралардың түрлері.
Міндетіне байланысты арматураны келесі топтарға бөледі:
1) жапқыш;
2) сақтандырушы;
3) реттеуші.
Арматураның негізгі параметрлері – өткізу тесігінің шартты диаметрі (Dш), шартты (Pш) және жұмыстық (Pж) қысымдар.
Арматураның шартты диаметрі деп қосылған құбырлардың нақтылы өткізу диаметрін айтады.
Шартты қысым – бұл қолайлы температуралық жағдайлардағы бұйымды пайдалану кезінде осы бұйым үшін максимал мүмкін қысым. Арматураның құжатында (сертификатында) оны пайдаланудың шартты қысымы және температуралық мүмкіндік шегі көрсетіледі.
Жұмыстық қысым – бұл нақты температуралық жағдайында пайдалану кезіндегі максимал мүмкін қысым.
Арматура болаттан (көміртекті, легирленген немесе тот баспайтын), шойыннан, пластмассадан, қоладан, латуннен, алюминийден және басқа да материалдардан жасалады.
Құбырларға және аппараттарға жалғау тәсіліне байланысты арматураны фланецтік, муфталық және шеттері пісіруге арналған деп бөледі.
Жапқыш арматура аппаратураны, аспаптарды және құбырлар желісінің кейбір бөліктерін периодты түрде саңылаусыз жабуға арналған.
Жапқыш арматураға крандар, ысырмалар және вентилдер жатады. Жапқыш арматураның номенклатурасы кең.
Крандар, әдетте, төмен қысымдағы құбырлар желісінде қолданылады. Жапқыш кран 90ºС-қа бұрылуы кезінде өткізгіш саңылауды толық жабатын немесе ашатын қиылған конус ретінде жасалады. Тығындардың жоғарғы жағы квадрат түрінде жасалады (кілт үшін) және құбырдың жабылғанын немесе ашылғанын көрсететін белгісі болады. Тығынның 90ºС-қа бұрылуы қарастырылған. Кранның жапқышы конустық немесе сфералық (шарлық деп те атайды) болуы мүмкін. Крандардың көбінде тығын мен ершіктің жанасқан жері майлануы керек. Бұл мақсатта үйкелетін беттерге майлағыш күштеп енгізіледі.
Ысырмалар. Мұнай, газ және су тасмалдаушы құбырлар жүйесінде қолмен және дистанционды (қашықтан) басқарылатын, диаметрлері әртүрлі болат және шойын ысырмалар қолданылады, сонымен қатар қозғалмалы және қозғалмайтын шпинделі бар сыналы және параллельді ысырмалар қолданылады. Ысырмаларды орнату фланецті қосылыстардың көмегімен іске асады. Сыналы ысырмалардағы жапқыш элемент – плашка - ол ысырманы ашып-жабу барысында сұйық пен газдың ағынына перпендикуляр бағытта қозғалады.
Вентилдерді - бақылау-өлшеу аспаптарын жалғау үшін, үрлеу желілерінде, реагенттерге арналған құбырларда қолданады.
Мұнай газын жинау, дайындау және тасымалдау жүйелерінде, әдетте, сақтандырғыш және реттегіш клапандар қолданылады.
Сақтандырғыш клапандар қысымның берілген мәнінен асып кетуі немесе жүйенің беріктігіне қауіп төндіретін мәнге дейін көтерілуі кезінде құбырлардан, сыйымдылықтардан және аппараттардан өнімнің белгілі бір бөлігін шығаруға арналған. Оларды 0,07 МПа-дан жоғары қысымда жұмыс істейтін барлық аппараттарда орнатады.
Кері клапандар тасымалданатын өнімнің берілген бағытқа қарама-қарсы кері бағытта қозғалуын болдырмау үшін құбырлардың ішкі қуысын жабуға арналған.
Реттеуші арматура технологиялық процестің параметрлерін берілген аралықта автоматты түрде ұстап тұруға және өзгертуге арналған. Мұнай өнеркәсібінде, негізінен, қысымды және сұйықтық деңгейін реттеуші аспаптар қолданылады. Қысымды реттегіштер “өзіне дейін” немесе “өзінен кейін” түрінде, яғни қысымды оның орнатылған жеріне дейін немесе орнатылған жерінен кейін реттейтін болып орындалады.
Деңгейді реттегіштерді механикалық (жапқыш құрылғыға тікелей әсер ететін қалытқылар) және пневматикалық (жапқыш құрылғыға қалытқының әсері пневмореле арқылы жүзеге асады) деп бөледі.
Пневматикалық реттегіштер, өз кезегінде, камералық (қалытқы бөлек камерада орнатылған) және фланецтік (қалытқы аппараттың ішінде орналасқан) деп бөлінеді. Соңғы жылдары “гамма-реле” типті деңгей реттегіштері кең қолданыс тапты, олардың жұмыс істеу принципі ағын жолында орналасқан өнімнің әсерінен гамма-сәулелердің әлсіреуі немесе жұтылуы салдарынан гамма-сәулелену ағынының қарқынды өзгерісін тіркеуге негізделген. Гамма-реле бір және екі каналды болуы мүмкін. Екі каналды гамма-реле бір мезгілде екі деңгейді реттеуі мүмкін (мысалы, “мұнай-су” және “мұнай-газ” фазаларының шекарасында). Гамма сәулелердің ағыны датчикпен тіркеліп, электр импульстеріне түрлендіріледі де, күшейтіліп, атқарушы клапанға беріледі.