- •I. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми - теориялық негіздері.
- •1.1 Оқушылардың ғылылми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары.
- •1.2 Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру негіздері.
- •II. Тарау.Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу кезінде қалыптастыру.
- •2.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырукезінде мұғалімнің рөлі.
- •2.2 Оқушылардың ғылыми дүниетанымын сабақтан тыс тәрбие жұмысы кезінде қалыптастыру.
- •1. Ұйымдастыру кезеңі.
- •Ойын жүргізу барысында оқушылардың білімін жандандыру.
- •I. Тұлпар
- •III.Ендігі кезекті метаграммаларға береміз.
- •IV. Ойлан – тап, аудар
II. Тарау.Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу кезінде қалыптастыру.
2.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырукезінде мұғалімнің рөлі.
Оқушылардың дүиетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да, көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс.Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, ерік жігеріне әсер етеді, сезім сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы.
Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қатынасынан көрінеді.Баланың санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар.Мысалы, философияяда бұндай ұғымдарға «болмыс», «материя», «қозғалыс», экономикалық негіздерде «тауар», «ақша», «баға», «нарық», психологияда «сана», «зейін», «түйсік» секілді т.б. негізгі ұғымдарды зерттейтін салалары қалыптасқан. Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Даму – физиологиялық, ой - өріс, әсемділік, дене, еңбек,психологиялық т.б. бөліне береді. Жеке адамның дамуына, жетілуіне мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқу мұғалімнің қатысуынсыз жүрмейді. [ 12;- 392 ]
Педагогика ғылымының, оның пәнінің күделілігі, ғылым ретінде анықтауға қиын соғатыны екі жақты бірлігінде. Екі бөлік, осы екі бөліктің егіз болуында. Ол теория және тәжірибе. Алдымен тәрбиенің нәтижесі өмірге келді, соңынан тәрбиені өмірде жүзеге асыратын маман қызметі келді. Сөйтіп өмірге теория келді. Өмір өзгерген сайын педагогика ғылымының проблемалары да пайда болды.
Бүгінгі күні біздің мемлекетіміздегі педагогикалық қызметтің, педагогикалық процестің ғылыми – зерттеу пәнінің негізгі проблемалары бар. Біз сол проблемаларды іріктеп алып шешкен жағдайда педагогикалық қызмет және педагогикалық процесс дұрыс жолға қойылады. Олар:
а) Ұстаздық қызметтің, педагогикалық процестің ұйымдастыру барысы, тәрбиенің заңдылықтарына сәйкес келуінде. Педагогикалық қызмет және оның барысы, іс жүзіне асу жолдары заңдылыққа сәйкес болғанда ғана тәрбие жұмысы дұрыс атқарылады. Ұстаздық қызмет, оның барысы деп отырғанымыз: оқытудың, тәрбиенің үйретудің мазмұны, түрлері әдістері, солардың өндіргіш күштерге сәйкестілігінде, өндірістік қарым – қатынасқа лайық болуында.
б) Ұстаздық қызметтің, оның педагогикалық процесінің барысы тек тәрбие заңдылықтарына ғана сүйеніп қоймай, дүниетаным мен байланысты ғылымдардың заңдылықтарына да сүйенеді.
в) Ұстаздық қызмет пен педагогикалық процестің нәтижелі болуы, ұстаз бен шәкірттің іс – қимыл, әрекетіне зер салып бақылап, керек кезінде шәкірттің әрекетіне түзету енгізуі қажет.
г) Ұстаздық қызмет пен педагогикалық процесте диагностика керек. Шәкірттің іс - әрекетіне баға беріп, қай бағытта тәрбиеленіп жатыр, қай бағытка сілтегеніміз дұрыс, дегендей оймен ұстаз шәкірттің ғылыми дүниетанымын қалыптастырады
д) Бүгінгі өмірдің өзгеруіне байланысты тәрбие, оқу, үйрену өзгеріп жатыр. Сондықтан осы өмірге байланысты ұстаздық қызмет, педагогикалық процесс экспериментті қажет етеді.
е) Ұстаздық қызмет пен педагогикалық процесте баланы субъект – объек ретінде қараймыз. Сондықтан тәрбие (оқып үйрену) нәтижесі бастапқы қойған бағыттан басқаша болады. Бастапқы бағыт пен нәтиженің арасындағы бала тәрбиесіндегі өзгерістер есепке алынып, келесі бағытқа жаңалықтар еніп тұруы қажет.
ж) Педагогиканы екі бағыттан тұрады дедік: теория және тәжірибе. Сондықтан теория тәжірибеден нәр алады.
Ол ұстаздыққызметтегі,педагогикалық процестегі пайдаланып жүрген алдыңғы қатарлы тәжірибе, соны жинақтау, қорытындылыу және тарату.
Педагогиканың теориялық бағыттары: оның заңдылықтары, принциптері т.б. іс жүзінде тексеріліп, шәкіртті тәрбиелеу, оқыту, үйрету арқылы сол теория бағыттарының дұрысын көре аламыз. Ал оның дұрыстығы шәкірттің іс - әрекет, білім, қимылы, еңбегі арқылы жүзеге асады. Ұстаздың еңбегінің нәтижесі шәкірттің берген жемісіне білінеді.
Педагогиканың кызметі – 1) тәрбие, білімдену, оқу заңдарын ашу;
2) Диагностика (нақтама) мақсаттарымен міндеттерін анықтау, көзделген тәрбие мақсаттарының іске асу жолдарын көрсетіп беру.
Педагогика ғылымының қызметтері: дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни таби бірлікте іске асырылу қажет теориялық және техникалық міндеттер.
Педагогикалық теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
сипаттау немесе түсіндіру – озат әрі жаңашыл педагогиканың тәжірибесін зерттеу;
анықтау (диагностикалық) педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс - әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші шарттармен себептерді анықтап алу;
болжау (прогноздау) барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксприментальді зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық процестің түп – төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сияқты іс - әрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу тәрбие теориясы анықталып білім беру практикасына жетекші рол атқарушы өзек педагогикалық жүйе моделі құрылады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену қатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтену оның қоғамдағы ауыспалы жағжайлар мен шарттарға икемдесе білу ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның даму, олардың дүниатанымының қалыптасуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты прогрестерді де қамтиды.Дегенмен аталған прогрестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болады, бүкіл қоғам сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолданылуымен және жеке адамның ынта – ықыласына негізделген.[5 ;118 ]
Ғылыми пән ретінде педагогика қоғам өмірінде тәрбие мәселесіне қатысты елеулі міндеттерді атқарып келеді, әрі атқара бермек. Атап айтсақ, өткен дәуірдегі, яғни әлеуметтік – экономикалық құбылыста тәрбиенің міндеттері әрқилы болды. Тек кеңес өкіметі орнаған күннен бастап, тәрбие міндетінің таптақ сипаты жойылып, кеңестік педагогиканың алдына жаңа міндеттер қойылды Олардың қатарына: жаппай сауатсыздықты жою; жалпыға бірдей міндетті білім берудің дәрежесін арттыру; оқушыларды еңбекке қатынасуға сай психологиялық және практикалық дайындаудың ғылыми негіздірін жасау; қоғамдағы мұғалімнің рөлі мен маңызын анықтау; білім берудің мазмұнын, талаптар жүйесін жасау т. б.
В.И.Ленин жаңа педагогиканың міндеті – мұғалімнің қызметін әлеуметтік қоғам ұйымының міндеттерімен байланыстыру деп анықтады.
Бұл қоғам тұсында, өскелең жас ұрпаққа білім беру және тәрбиелеудің жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ету үшін, оны өмірге қоғам игілігі жолындағы еңбекке әзірлеп, жан – жақты үйлесімді жетілдіру үшін барлық жағдайларды жасауда бұрын болып көрмеген мүмкігдіктерге жол ашылды. Соған орай педагогика міндеттерінің аумағыда күделенеді. Тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіру; жалпы, политехникалық және профессионалдық білім берудің арақатынасы мен байланысын зерттеу; тәрбие ісінде мектептің, жанұяның және жұртшылықтың рөлі мен бірлігін анықтау; адамды дамытуда және қалыптастыруда еңбектің рөлін жан – жақты зерттеу, өткендегі прогресшіл педагогтардың идеаларын оқу – тәрбие процесінде кеңінен қолдану т.б. Бұл бағытта педагогика айтарлықтай табыстарға қолы жетті.[10; -62]
Педагогиканың алдында тұрған міндеттерінің күнделігі біздің қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан өзгеріс процесінен туындайды.Қоғам түбегейлі қайта құру, экономика мен саяси жүйеге жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетілдіру мәселелері үздіксіз білім беру бірыңғай жүйесінің ғылыми негізін анықтаумен байланысты шешіледі. Негізгі міндеттері:
Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын анықтау, рөлін көрсету және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын орындау.
халық педагогика мұраларын зерттеу.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің өз ерекшеліктерін көрсету.
Оқыту мен тәлім тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптерін дұрыс қолдана білу.
Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, полтехникалық және кәсіптік білім берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу – тәрбие процесін оңтайландыру тиімді әдістерін ашу, ғылыми тәжірибелік мәнін көрсету.
Педагогика ғылымындағы бағыттары, білім беру жүйесін, мектептегі оқу- тәрбие процесін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуал-дандыру, жекелендіру және демократияландыру ғылыми теориялық принциптерін ашу.
Балалармен қарым – қатынас жасау мәдениеттеріне үйрену, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсіну. Бүгінгі таңда қоғамның жаңа сатыға көтерілуіне байланысты педагогиканың міндеттері де жаңарып, жаңа деңгейге көтерілді. Олар мыналар:
Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін одан ары жетілдіру.
Оқу – тәрбие үрдісін интеграциялау, гуманитарландыру, демократияландырудың ғылыми – теориялық негізін жасау.
Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін мемлекеттік стандартқа сай үнемі жаңартылып отыру.
Өздігінен білім алудың ғылыми практикалық негізін жетілдіру.
Ұлттық тәрбиенің маңызы мен практикалық қызметін дамыту.
Оқу мектептерін жаппай компьютерлендіру.
Қазіргі таңда педагогикалық әдебиеттерде балалар бірлестіктерінің қызмет атқару моделі берілген. Мұнда балалар бірлестіктеріндегі тәрбиеленушілер тұлғасын дамыту ерекшеліктеріне сәйкестендірілген іс - әрекеттің ұйымдастырудың негізгі кезеңдері мен педагогикалық шарттары көрсетілген. Олар: алғашқы бейімдеу, жаңа іс - әрекет түрлерін меңгеру, жаңа жағдайға орай өз мүмкіндіктерін іске асыруға үйрену, білімдері мен ептіліктерін тұрмыса пайдалануға дайындық жасау.
Мұндай бірлескен жұмыстар балаға өзін белсенді субъект ретінде тануға, игерген жұмыс, тәлімдік қалып, талаптарды орындауға жол ашады.
Бұл міндеттер Республикадағы білім беру және педагогикалық ғылыми қызметкерлерінің болашақ ұрпақты бүгінгі күннің талабына сай дамытудағы қосқан төл істері болмақ.[7;- 22 ]
