Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом д.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
421.89 Кб
Скачать

2 Қазақстан республикасы коммерциялық банктерінің құқықтық реттеу мәселелері

2.1 Шф « Цесна банк» ақ-ның жалпы сипаттамасы

"Цесна банк" АҚ филиалының жарғылық қаржысы 49 249 000 мың теңгеге тең келеді. Қазіргі уақытта басқармада 531 акционер: жеке тұлғалар - 406, заңды тұлғалар – 125 құрайды. Жарғылық қорының құралымы тек ақшалай жүзеге асырылады. Шымкент қаласындағы «Цесна банк» АҚ филиалы, юристік тұлға болып саналмайды. Банктік операцияларды банк артынан жүзеге асырады және банк көрсеткен жұмыстарды ғана құқылы әрекет ете алады.

ШФ АҚ "Цесна банк" төменде көрсетілген банктік қызметтерді атқару бойынша лицензиясы бар.

  • Вексельдермен операциялар; көрсетілген қызметтер бойынша төлемақыны вексельмен жүзеге асыру, сонымен қатар басқада вексельмен жүзеге асыралатын операциялар.

  • Лизингпен жүзеге асырылатын қызметтер

  • Бағалы қағаздармен операциялар

  • Факторинктік операциялар; көрсетілген қызметтер бойынша төлемшіден төлемақыны құқықтық тәртіппен талап ету.

  • Сейфтік операциялар; құнды қағаздары сақтау бойынша қызметтер, сонымен қатар құжаттар мен клиенттердің құндылықтарын бағалау.

ШФ АҚ «Цесна банк» 2005 жылдың наурыз айының 12-де тіркелген болатын. Филиал өзінің күнділікті қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құқылы актілерімен, банк жарғыларымен, банк шешімдерімен, банк басқармасы төрағасы бұйрықтарымен және нақты ережелермен басқарады. Филиалдың негізгі мәселесі болып, қаржылық ресурстарды қолдануға тиімділікті көтеру мақсатымен және банктік қызметтегі клиенттердің мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатымен қаржылық нарықтағы банк қызметін кеңейту болып табылады.

Басқарманың ұйымдық құрылымы төмендегілер болып табылады:

  • Филиалды басқару ( атқарушы директор, коммерциялық директор)

  • Қызметті жоспарлау, болжау және анализдеу бөлімі;

  • Экономикалық бөлім (бухгалтерия)

  • Әкімшілік бөлім ( кадр бөлімі)

  • Несие беру бөлімі

  • Депозиттік бөлім

  • Несиемен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

  • Операциялық бөлім

  • Қауіпсіздік бөлімі

  • Техникалық бөлім

Кесте – 1 ШФ АҚ «Цесна банк» филиалының трансформациялық арақатынасы.

Мерзімі

Актив

Пассив

Қалдық

Дефицит (-),

Избыток (+)

14 күн

5000000

8000000

3000000

+ 60%

14 нен 30 күн

4000000

3500000

- 500000

- 12,5%

30 нен 90 күн

6000000

3000000

- 3000000

- 50%

90нен180 күн

1200000

1000000

- 200000

- 16%

180 нен 360

800000

600000

- 200000

- 25%

360 жоғары

1000000

400000

- 600000

- 60%

Талданып отырған 1 кестеде көріп отырғандай ШФ АҚ « Цесна банк» тың көп бөлігі транформациялық қауіптің бар екендігі. Барлық активтер мерзімімен 14 күннен қысқа мерзімді пассивтермен қаржыландырылады. Сол себепті трансформациялық қауіпін төмендету үшін ең алдымен, активтермен пассивтердің үйлесімділік құрылымын қолдау арқылы ұзақмерзімді активтер мен қысқа мерзімді пассивтерді транформациялық қауіпке жол бермеу. Сонымен қатар ликвидациялық активтер қорының болуы қажет.

Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және тағы басқа қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

Банктер өз қызметтері (операциялары) барысында барынша пайда табуға ат салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар және өзге де қаржылық инструменттер жатады.

Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға- банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субьектісі болып табылады.

Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызы мен мәні конституциялық, қаржылық, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Әкімшілік-рұқсат беру жүйесінің қуатты құралы лицензиялау банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретінде танылады.

Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржы рыногымен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.

Сонымен, банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше- корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға (тиімді пайдалануға) бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]