Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом д.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
421.89 Кб
Скачать

1.3 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің құқықтық негіздері

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес енгізілді) елдегі резидент және резидент емес коммерциялық банктердің, мемлекеттік банктердің, сондай-ақ мемлекет аралық банктердің банк және лицензиялау рұқсат беру жүйесіндегі ұйымдастырылуы, құрылуы, банктік қызметке ықпал ету шараларын, банктік қызметті инспекциялау тәртібін, банктерге қолданылатын санкцияларды, банктік құпияны, банктік есепке алу және есептілік мән-жайларын және тағы басқасын регламенттейді. Осы заңнамалық актіге сәйкес құрылған әрі уәкілеттілік берілген Қазақстан Республикасындағы банктер, олардың ішінде негізінен алғанда коммерциялық банктер Қазақстанның қаржы және кредит жүйесі аумағындағы ақшалай- кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк жүйесіндегі қатынастарға тиісті лицензия рұқсат негізінде қатысатын, сондай-ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік-қаржылық институттар, таза нарықтық сипатты коммерциялық ұйымдар болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының құрылымы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 78 баптан тұрады. «Банктерді құрудың және олардың қызметінің негіздемелері мен шарттары» деп аталатын 1- бөлім мынадай тараулар мен баптардан құралған: 1 тарау - Жалпы ережелер (1-11-баптар), 2 тарау - Банктерді құру және оның жарғылық капиталына қатысу (12-29-баптар), 3 тарау - Банктік қызметті жүзеге асыру (30-40-баптар), 4 тарау - Банктердің қызметін реттеу және депозиторлардың мүддесін қорғау (41-52-баптар), 4 тарау - Есеп және есеп беру (53-56-баптар), 5 тарау- Банктерге және аффилирлендірілген тұлғаларына аудит (57-59-баптар). 2-бөлім «Банктердің құқықтық мәртебесін өзгерту және қызметін тоқтату ерекшеліктерінің шарттылықтары» деп аталады және оның құрылымында мынадай тараулар мен баптар орын алған: 7 тарау - Банктерді ерікті түрде қайта тіркеу (60-61-баптар), 8 тарау - Банкті консервациялау (62-67-баптар), 9 тарау - Банктерді тарату және еріксіз қайта құру (68-74-баптар). 3 бөлімі «Қорытынды ережелер» мынадай тараулар мен баптардан тұрады: 9-1-тарау - Банктік қызметке байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілік (74-5-74-9-баптары.

Осы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңының аса маңызды баптарына мыналарды жатқызуға болады: 1-бап Банк, оның мәртебесі және тұрған жері, 3-бап Қазақстан Республикасының банк жүйесі, 5-бап Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, 7-бап Банктердің және мемлекеттің жауапкершілігін шектеу. Банктердің тәуелсіздігі, 8-бап Банктер үшін тыйым салынған және шектелген қызмет, 11-бап Банктердің еншілес банктері, филиалдары, өкілдіктері және есеп айырысу- кассалық бөлімдері, 13-бап Уәкілетті органның банкті ашуға рұқсат беруі, 14-бап Банктің құрылтай құжаттары, 15-бап Банктің ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы, 16-бап Банктің жарғылық және меншікті капиталы, 17-1-бап Банктердің аффилирлендірілген тұлғалары, 19-бап Банкті ашуға рұқсат беру жөніндегі өтініш, 21-бап Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен банк құруға және оның қызметіне қойылатын қосымша талаптар, 22-бап Шет елдердің қатысуымен банктер құруға және олардың қызметіне қойылатын қосымша талаптар, 25-бап Банкті мемлекеттік тіркеу, 26-бап Банктік операцияларды лицензиялау, 30-бап Банктік қызмет, 31-бап Банктер жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар, 33-бап Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты, 34-бап. Заем операциясы, 35-бап Несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету, 38-бап Төлемдерді және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру, 41-бап Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктік реттеу мәселелері, 42-бап Пруденциялдық қалыптар және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, 44-бап Банктердің қызметін инспекциялау, 46-бап ықпал етудің шектеулі шаралары, 47-бап Санкциялар, 48-бап Барлық немесе жекелеген банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияны тоқтата тұру не оны қайтарып алу үшін негіздер, 50-бап Банктік құпия, 51-бап Банкте жатқан ақша мен мүлікке арест салу және өндіріп алу, 52-бап Депозиттерге міндетті ұжымдық кепілдік беру жүйесі, 54-бап Банктердегі есеп және есеп беру. Сонымен Қазақстан Республикасының аталмыш заңы банк жүйесіндегі және халықаралық экономикалық байланыстардағы тиімді әрі өркениетті нарықтық қатынастарға қол жеткізу мақсатында белгілі бір тарихи даму кезеңінде банктерді және олардың қызметін (банктік операциялары мен мәмілелерін) тікелей ұйымдастыруға-әкімшілік ықпал етуге, сондай-ақ жанама экономикалық және корпоративтік басқаруға мүмкіндік береді. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы және Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ лицензиялау негізінде жұмыс істейтін, акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық банктер банктік операциялардың барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті мемлекеттің кредиттік-қаржылық агенті ретінде әрі өз мүддесін көздей отырып жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]