
- •Мазмұны
- •1 Қазақстан республикасының банк жүйесі және құқықтық негіздері
- •1.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму кезеңдері, түрлері, экономикалық мәні, құқықтық негіздері
- •1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық негіздері
- •1.3 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің құқықтық негіздері
- •2 Қазақстан республикасы коммерциялық банктерінің құқықтық реттеу мәселелері
- •2.1 Шф « Цесна банк» ақ-ның жалпы сипаттамасы
- •2.2 Коммерциялық банктердің қызметін жүзеге асыру және құқықтық реттеу нысандары
- •Банк қызметіне байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
- •3 Банктердің операциялық қызметін құқықтық реттеу негіздері
- •3.1 Банктік құқықтағы банктік шот есебі институты
- •3.2 Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастары
- •3.3 Несиелік құқықтық қатынастар
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық негіздері
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңы мемлекеттік монетарлық билігін және мемлекеттік банктік менеджментті Қазақстан Республикасының қаржы, ақша - кредит, сыртқы экономикалық қызмет саясатына сай жүргізуге мүмкіндік беретін қуатты құрал болып табылады.
Қазақстан Республикасының аталмыш заңы әр алуан банктік қатынастарға қатысатын қоғам мен мемлекеттің, корпоративтік және жеке меншік субьектілерінің экономикалық қаржылық мүдделерінің мүмкіндігінше теңестірілімді болуын қамтамасыз етуге ат салысады.
Сонымен қатар осы заң нарықтық қатынастар аясындағы барлық банктердің қызметтерін халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай ұйымдастырудың және тиісті реттеу-қадағалаудың, ел экономикасының банктік секторын басқарудың мемлекет құзырындағы нақтылы тетігі ретінде маңызды көрініс табады, сондай-ақ баға тұрақтылығын, валюталық жүйе мен қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ақша-кредит саясатын тиісінше іске асыруға айтарлықтай зор ықпалын тигізеді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (1995 жылы 30 наурыздағы) Қазақстан Республикасының заңы (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2005 жылы шілденің 8-індегі Қазақстан Республикасы заңына сәйкес енгізілген) 13 тараудан және 74 баптан тұрады.
1 тарау - Жалпы ережелер (1-6-баптар); 2 тарау - Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері, функциялары және өкілеттіктері (7-8-баптар); 3 тарау -Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері (9-11-баптар); 4 тарау - Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі мен құзіреті. (12-20-баптар); 5 тарау-Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылы. (21-28-баптар); 6 тарау - Ақша кредит саясаты. (29-37-баптар); 7 тарау - Ақша айналысы және ақша бірлігі (38-47-баптар); 8 тарау - Ақша төлемдері мен аударымын ұйымдастыру (48-51-баптар); 9 тарау - Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары (52-54-баптар); 10 тарау- Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметі. Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар (55-60-баптар); 11 тарау -Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары (61-64-баптар); 12 тарау - Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруі (65-68-баптар); 13 тарау - Қорытынды ережелер (69-74-баптар) құраған.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының елеулі әрі маңызды нормалары ретінде тиісті тараулардың мынадай баптарын атап көрсетуге болады:
1-бап Қазақстан Республикасының банк жүйесі, 4-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері, 7-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты мен міндеттері, 8-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің функциясы, өкілеттігі және құқықтары, 9-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы, 10-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары, арнайы провизиялары (резервтері), 12-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары, 15-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің басқармасы және оның өкілеттігі, 22-бап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкі, 29-бап Ақша кредит саясатын әзірлеу және жүргізу, 30-бап Ақша кредит саясаты операцияларының түрлері, 48-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыруға өкілеттігі, 52-1-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валютамен жасалатын операциялары және мәмілелері, 54-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары бойынша шектеулер, 56-бап Валюталық реттеу және валюталық бақылау, 57-бап Валюталық құндылықтармен және бағалы металдардан жасалатын операциялар, 58- бап Алтын - валюта активтері, 62-бап Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі негізгі өкілеттіктері.
Аталған баптардың ережелері мен принциптеріне шолу талдау жасау арқылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңының реттеуші, ұйымдастырушы, қадағалаушы құзірет белгілеуші, міндет (міндеттеме) жүктеуші сипатын мәнін, сондай-ақ айрықша қаржылық, кредиттік және валюталық бағытын айқындауға болады.