
- •Мазмұны
- •1 Қазақстан республикасының банк жүйесі және құқықтық негіздері
- •1.1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму кезеңдері, түрлері, экономикалық мәні, құқықтық негіздері
- •1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық негіздері
- •1.3 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің құқықтық негіздері
- •2 Қазақстан республикасы коммерциялық банктерінің құқықтық реттеу мәселелері
- •2.1 Шф « Цесна банк» ақ-ның жалпы сипаттамасы
- •2.2 Коммерциялық банктердің қызметін жүзеге асыру және құқықтық реттеу нысандары
- •Банк қызметіне байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
- •3 Банктердің операциялық қызметін құқықтық реттеу негіздері
- •3.1 Банктік құқықтағы банктік шот есебі институты
- •3.2 Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастары
- •3.3 Несиелік құқықтық қатынастар
Мазмұны
|
КІРІСПЕ ........................................................................................ |
3 |
1 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ............................................ |
5 |
1.1 |
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму кезеңдері, түрлері, экономикалық мәні, құқықтық негіздері ...................... |
5 |
1.2 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық негіздері |
12 |
1.3 |
Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің құқықтық негіздері ....................................................................... |
14 |
2 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ..... |
17 |
2.1 |
ШФ « Цесна банк» АҚ- ның жалпы сипаттамасы ..................... |
17 |
2.2 |
Коммерциялық банктердің қызметінің құқықтық нысандары.. |
19 |
2.3 |
Банк қызметіне байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілік ............................................................................... |
24 |
3 |
БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ ........................................ |
28 |
3.1 |
Банктік құқықтағы банктік шот есебі институты ...................... |
28 |
3.2 |
Банктік есеп айырысу құқықтық қатынастары .......................... |
36 |
3.3 |
Несиелік құқықтық қатынастар ................................................... |
41 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................ |
53 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .......................
|
55 |
КІРІСПЕ
Диплoмдық жұмыс тaқырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында шаруашылық қатынас байланыстар аясында тиісті банктік заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, тиісті банктік шарттар негізінде жүргізілетін банктік операцияларға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар өзінің қажеттілігімен әрі экономикалық қаржылық сипатымен ерекшеленіп, түрлі банктік құқықтық қатынастар ретінде айрықша көрініс табуда.
Демек, нарықтық қатынастардағы банктердің өзіндік және тартылған капиталдары көмегімен жүргізілетін есеп айырысу, кредиттеу, инвестициялау және валюталық операциялары егемен Қазақстан экономикасының ажырамас буыны әрі атрибуты болып табылады. Ал қаржыгерлердің Қазақстан Республикасының Конституциясын, банктік заңнаманы және банк жүйесіне қатысы бар өзге де заңнамалық актілерді тиісті көлемде зерделей отырып, олардың негізгі ережелері мен принциптерін жете игергені банктік қызметтің ашықтығын банктік қатынастардағы заңдықтың, сондай-ақ банктік құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге өзіндік үлесін қосады.
Көне заманда банктер сақтау, айырбастау және қарыз беру қызметін атқарғанымен, кейіннен эмиссиялау, кредиттеу және есеп айырысу операцияларын жүзеге асыратын коммерциялық ұйымға айналды. Банктік заңнамалық актіге сәйкес құрылған әрі уәкілеттілік берілген Қазақстан Республикасындағы банктер, олардың ішінде негізінен алғанда коммерциялық банктер Қазақстанның қаржы және кредит жүйесі ауқымындағы ақшалай кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк жүйесіндегі қатынастарға тиісті лицензия рұқсат негізінде қатысатын, сондай-ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік-қаржылық институттар, таза нарықтық сипатты коммерциялық ұйымдар болып саналады.
Зерттеyдің мaқсaты. Банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің, жеке меншік- корпоративтік шаруашылық субьектілерінің кредиттік, ақшалай, инвестициялық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық-жанама және әкімшілік тікелей мемлекеттік басқару ауқымында ұйымдастырушы нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз, ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық принциптері мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құрылым болып табылады. Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, сондай-ақ банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер ретінде көрініс табады. Демек банктік құқықтың қайнар көздері оның сыртқы нысандарының жүйесін көрсетеді.
Зерттеудің міндеті. Филиалдың негізгі мідеті болып, қаржылық ресурстарды қолдануға тиімділікті көтеру мақсатымен және банктік қызметтегі клиенттердің мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатымен қаржылық нарықтағы банк қызметін кеңейту болып табылады.
Банктік құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы, арнайы және жалпы банктік және өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік банктік-құқықтық актілер, халықаралық банктік құқық нормалары және халықаралық банктік келісімдер, Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Сот Пленумының шешімдері, қаулылары жатады. Банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше-корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.
Диплoмдық жұмыстың негізгі зерттелетін oбъектісі. Шымкент қаласындағы «Цеснабанк» АҚ филиалы. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған осы дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының банктік стандартының және халықаралық банктік стандарттар ережелеріне, сондай-ақ замана әрі практика талаптарын ескере отырып жаңа нормативтік құқықтық актілерге сай жазылған. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұратын мазмұнында Қазақстан Республикасының банктік құқығын зерделеудің және ғылыми танып білудің қазіргі заманғы жаңаша жолдары көрініс тапқан.
Зерттеyдің әдістері. Диплoмдық жұмыстың жaзылyындa Қaзaқстaн Респyбликaсының стaтистикaлық мәліметтері және ғaлaмтoрдaн aлынғaн aқпaрaттaр жинaқтaлып және сaрaптaлып енгізілді, сoнымен қaтaр БAҚ-тaғы (Бұқaрaлық Aқпaрaттaр Құрaлы) мәліметтер де сaрaлaнып диплoм жұмысының жaзылyының бaсты әдістерінің бірі бoлып тaбылды. Жұмысты жaзy бaрысындa кәсіпoрынның 2013-2014 жылдaр aрaлығындaғы есептік көрсеткіштері қoлдaнылды.