Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мерей.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.41 Кб
Скачать

Жеке жұмыспен қамту агенттігі азаматтарға шарттық негізде мынадай қызметтер керсетеді:

1) жұмыспен камту және еңбек туралы заңдар мәселелері бойынша консультациялар беру;

2) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы акпарат беру;

3) жұмыс орындарын іздестіруге көмектесу;

4) азаматтарды кәсіптік даярлық пен қайта даярлықтан өткізіп, соңынан жұмысқа орналастыру.

Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен камту агенттіктері жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын ашу және жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағ-дарламаларын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасайды. Азаматтардың шетелде жұмысқа орналасуы және Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі делдалдық кәмекті жеке жұмыспен қамту агенттіктері республика заңдарына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады.

Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жыл сайын квота белгілейді.

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілеудің және жұмыс берушілерге рұксат берудің Ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 каулысымен бекітілген.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота дегеніміз — Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбек ресурстарының теңгеріміне сәйкес жыл сайын белгілейтін экономикалык белсенді халыкқа қарағанда шетелдік жұмыс күшінің пайызға шаққандағы үлесі. Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жұмыс берушілерді шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттігі туралы алдағы жылға арналған негіздемені орталық атқарушы органға ұсынады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат белгіленген квота шегінде Қазақстанға әкелу үшін шетелдік жұмыс күшінің санын анықтайтын орталық атқарушы орган жұмыс берушіге беретін күжат. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсатты орталық атқарушы органнан алады. Рұқсат құжатты алғаннан кейін жұмыс беруші тиісті санаттағы және біліктіліктегі шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен енбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке енбек шарттарын жасасады. Рұқсаттың болуы мынадай шетелдік азаматтар үшін талап етілмейді:

1) шетелдік занды тұлғалардын, олардың филиалдары мен әкілдіктердің бірінші басшыларынан;

2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 45 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүргендерден.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсат үш санат-қа бөлінеді.

1) бірінші санат - ұйымдардың басшы құрамын тартуға;

2) екінші санат - белгіленген тәртіпте кұжаттармен растал-ған жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандарды және жеке кәсіпкерлерді тартуға;

3) үшінші санат - білікті жүмысшыларды тартуға.

Орталық, атқарушы орган рұксаттың қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе себебін көрсете отырып, шешімді қайтарып алуға құқылы.

Рұқсат алмастан шетелдік жүмыс күшін тартқаны үшін жүмыс беруі республика заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылыкқа тартылады. Жұмыс беруші жолсыздық бай-қалған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде орталык және жергілікті атқарушы органдарға оларды жойғаны немесе жою жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.