
- •Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру.
- •Жұмыспен қамту саясатын іске асыру
- •Жеке жұмыспен қамту агенттігі азаматтарға шарттық негізде мынадай қызметтер керсетеді:
- •Жүмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік корғау
- •Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
- •Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардыц біліктілігін арттыру және қайта даярлау
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру.
Жүмыспен қамтылу үғымы және халықты жүмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы реттейді.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз — азаматтардың жеке кажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, зандарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.
Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу (бала тәрбиелеу, үй шаруашылығын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген. Зандарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды еңбек етуге әкімшілік жолмен және өзге де күштеудің кез келген нысандарына жол берілмейді. «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына қүқығы бар. Еріксіз еңбекке сот-тың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдай-ында ғана жол беріледі» делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1 тармағында.
Заңда жүмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген. Оларға мыналар жатады:
— жеке еңбек шартымен жүмыс істейтін, оның ішінде то-лық, толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі).
Кірісі бар азаматтар:
— кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатындар;
— өз бетімен жұмыспен айналысатындар;
— қосалқы кәсіпшілікпен айналысатындар және өнімді шарттар бойынша өткізетіндер;
— жұмысты азаматтық-құқықтык сипаттағы шарттар бой-ынша орындайтын азаматтар;
— өндірістік кооперативтердің мүшелері;
— ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;
— Қазақстан Республикасының Карулы Күштерінде, ұлттык қауіпсіздік органдарында, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық ұланда, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де әскери кұрылымдарда кызмет атқарып жүрген азаматтар.
Біздің мемлекетіміз азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мыналарға бағытталған:
1) республика азаматтарына, Казақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсіп түрлерін еркін тандауға бірдей мүмкіндіктерді, әділ де қолай-лы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау-ды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыс-сыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) білім беру жүйесін еңбек рыногының қажеттеріне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау ісіне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, олардың өнімді және шығармашылық енбекке қабілетін дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жүмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға;
6) уәкілетті орган және жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Казақстаннан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты қызметті лицензиялауға;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жолымен ішкі еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды камтамасыз ету жөніндегі республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестіруге;
11) еңбек рыногыньң бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіріп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) республика азаматтарының шетелдегі және шетелдіктердің Қазақстан аумағындағы еңбек қызметіне байланысты мәселелерді шешуді қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымактастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйым-дар өкілдерінің мемлекеттік жүмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жүмыс орындарын ашу ісін ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге.
Сонымен қатар мемлекет азаматтарға халықты жүмыспен қамту саласында кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жүмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
Мемлекет халыктың нысаналы топтарын жүмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды да камтамасыз етеді. Нысаналы топтар деп жүмысқа орналасуда қиындык көріп жүрген және әлеуметтік корғауды қажет ететін адамдар ретінде заң-мен белгіленген адамдар топтарын айтады. Оларға табысы аз адамдар, 21 жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбие-ленушілері, жетім балалар мен ата-ананың камқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгілер, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар, заң-дарда белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды кажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), мүгедектер, қарулы күштер катарынан босаған адамдар, бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар және оралмандар жатады.
Жергілікті атқарушы органдар енбек рыногындағы жағдай мен жергілікті бюджеттің қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жөнінде де қосымша шаралар белгілей алады.