Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
раб. программа слож.дефек 2014..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.65 Кб
Скачать

1.Пәннің мақсаты мен міндеті

Студенттерге арналған оқу-әдістемелік бағдарлама бойынша «Күрделі кемістіктері бар балалардың дамуы» курсы «Дефектология» бөлімінің 3-ші курс студенттеріне арналған. Бұл «Дефектология» мамандығының пәндерінің бірі болып саналады. Күрделі кемістігі балаларды оқыту, тәрбиелеу теориялық және тәжірибелік сұрақтары қарастырылады.

Пәннің мақсаты:

Студенттерде күрделі кемістігі бар балалардың даму ерекшеліктері және жүргізілетін коррекциялық жұмыстың негіздері туралы білімдерін кеңейту. Осы категориядағы балалармен сапалы педагог-дефектолог ретінде жұмыс жүргізуге дағдыландыру және бейімдеу.

Курстың міндеттері:

  1. Күрделі кемістіктері бар балалардың психикалық және дене даму ерекшеліктерімен таныстыру.

  2. Күрделі кемістіктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізуді қалыптастыру және түзету жұмыстарын ұйымдастыру жолдарымен таныстыру.

  3. Дүние жүзіндегі күрделі кемістіктері бар балаларға арналған мекемелер жүйелерінің ұйымдасу туралы білім беру.

  4. Бір немесе одан да көп кемістігі бар балалармен тәрбие және түзете-дамытушылық жұмысын ұйымдастыру жолдарының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

Курсты меңгерген кезде игерілетін құзыреттіліктер:

1.А1 – Жалпы құзыреттіліктер

А Құралдық құзыреттілік: пән туралы білімі, мақсат, міндеттері және «Күрделі кемістігі бар балалардың дамуы» пәні ретінде оның ұғымды-категориялы аппараты; педагогикалық үдерісте жаңа технологияларды пайдалану; АКТ ақпарат түрлерімен жұмыс жасауға; ақпаратты өздігінен іздеу, талдау және таңдау, оны сақтауға және жіберуге үйрету.

А3 Педагогикалық үрдісте инновациялық технологиялардың қолдану біліктілігі, ақпараттық-қатынысушылық технологиялар (АҚТ) саласындағы ақпараттың барлық түрімен жұмыс істей білуі; ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау және таңдау, сақтау және жөнелту.

В Тұлғааралық құзыреттілік

В3 – Субъектілік қарым-қатынас триадасында (бала-педагог-ата-ана) педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыра білуі.

Жалпы кәсіби іс-әрекет аумағында:

D1- мүмкіндігі шектеулі балаларды психофизиологиялық дамуына, жынысына, нәсіліне, дініне, қарамастан кемістпеу туралы көзқарастың дамуы.

Диагностикалық-түзету іс-әрекет аумағында:

D8- баланың психологиялық, дене және сөйлеу тілінің дамуын пәнаралық (командалық) бағалауды жүзеге асыра білуі керек;

D9- баланың сөйлеу тілінің және психологиялық дене дамуының тексерістерінің құжаттарын жүргізу мен талдай білуі керек;

D10- түзете-дамытушылық іс-әрекеттің барысын нәтижелігін анықтау мақсатында динамикалық зерттеуді жүзеге асыруға қабілетті болу.

Түзетушілік-педагогикалық іс-әрекет аумағында:

D12- зияты зақымдалған баланың жеке дамыту бағдарламасын жоспарлауға қабілетті болуы керек.

2. Пән мазмұны

2.1. Дәріс

Дәріс тақырыптарының атауы

Тақырып мазмұны

Барлығы

1

«Күрделі кемістіктері бар балалардың дамуы» курсының пәні, объектісі, міндеттері.

«Күрделі кемістіктері бар балалардың дамуы» курсының пәні, объектісі, міндеттері.

1

2

Күрделі кемістіктері бар балалардың классификациясы.

  1. Зақымдану уақыты бойынша А.В. Ярмоленко ұсынған зағип - етімейтіндік классификциясы.

  2. А.И. Мещеряков ұсынған зағип - етімейтіндік классификациясы.

2

3

Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қағидалары.

Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қағидалары; қалыптандыру принципі; тұтас және кешенді ықпал ету принципі; эгоцентризм принципі; көруі мен есітуін қарқынды дамыту барысындағы сенсорлық (сезімдік) тәжірибені қалыптастыру мен кеңейту принципі; баланың жеке даму темпімен жүру принципі; педагогикалық көмекті қатаң өлшеу принципі; күрделі кемістігі бар балалардың ата-аналарымен белсенді серіктестікте болу принципі.

1

4

Соқыр-керең балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері туралы ғылымның құрылуы, даму жолдары, қысқаша тарихы.

Соқыр-керең балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері туралы ғылымның құрылуы, даму жолдары, қысқаша тарихы.

1

5

Есту және көру қабілеті бірдей зақымдалған балаларды оқытуды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі

Есту және көру қабілетімен бірге ақыл-ойы немесе дене дамуында ауытқшулығы бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың дүниежүзілік тәжірибесі

2

6

Есту және көру қабілеті бірдей зақымдалған балалардың психикалық және дене дамуының сипаты

Есту және көру қабілеті бірдей зақымдалған балалардың психикалық және дене дамуының сипаты

1

7

Көру қабілеті зақымданған ақыл ойы кем балалардың психофизикалық даму ерекшелігі

  1. Екі сатылы ауытқуы бар: көру қабілеті зақымданған және ақыл ойы кем балалардың психофизикалық дамуының және оларға түзету тәрбиелеу жұмыстарын жүргізудің ерекшелігі. Зағип-етімейтіндерде бейнелерді қалыптастырудың ерекшеліктері. Зағип-етімейтіндерде шынайы жесттер қалыптастыру. Зағип-етімейтіндерді уақытта бағдарлауға үйрету.

1

8

Церебральды параличпен үйлескен жиынтық кемістігі бар балалардың сипаттамасы.

Шет елдік және отандық дефектология саласында аталған мәселенің қазіргі кездегі жағыдайы.

Церебральді паралич балалардағы олигофренияның клиникалық сипаты. (Е.М. Мастюков бойынша.)

Ақыл - ойы артта қалған церебральді параличь балалардың психофизикалық даму ерекшелігі. Олармен психокоррекциялық жұмыс жүргізу мүмкіндіктері.

2

9

Арнайы мекемеге дейін күрделі кемістігі бар балаларды тәрбиелеу

Арнайы мекемеге дейін күрделі кемістігі бар балаларды тәрбиелеу. Кемтар балаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі.

2

10

Мектеп жасына дейінгі зағип етімейтін балаларға түзету жұмыстарын жүргізу.

Зағип – етімейтін балалардың өзіне- өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру. Образдарды қалыптастыру. Зағип – етімейтін балаларды уақытты бағдарлауға тәрбиелеу және нақты күн тәртібіне енгізу. Кеңістікті бағдарлауын және қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Зағип етімейтін балалардағы ойын әрекетінің даму ерекшелігі.

2

Барлығы

15