Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
раб. программа слож.дефек 2014..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.65 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және психология факультеті

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы

«Бекітемін»

Декан ППФ

____________ С.Н.Жиенбаева

«___» _____________2014 ж.

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(оқытушылар үшін)

Пән атауы Күрделі кемістігі бар балалардың дамуы

Пән коды: (4 жылдық, күндізгі)

(3 жылдық, күндізгі)

Мамандық, шифры: 5В010500- Дефектология

Кредит саны: 2

Алматы, 2014

Жұмыс оқу бағдарламасы пәнінің типтік оқу бағдарламасы және мамандықтың жұмыс оқу жаспары негізінде құрастырылған.

Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырушы: Абаева Ғ.Ә. п.ғ.к.,доцент

Мукажанова Э.Т. дефектология ғ. магистрі

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының мәжілісінде бекітілген.

Хаттама №____ « » 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі Абаева Ғ.Ә., п.ғ.к., доцент_______________

Педагогика және психология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланған және мақұлданған.

Хаттама №_____ « » 2014 ж.

Факультет ОӘК төрайымы п. ғ. к., доцент Л.Т.Сайдахметова _____________________

1.Пәннің мақсаты мен міндеті

Студенттерге арналған оқу-әдістемелік бағдарлама бойынша «Күрделі кемістіктері бар балалардың дамуы» курсы «Дефектология» бөлімінің 3-ші курс студенттеріне арналған. Бұл «Дефектология» мамандығының пәндерінің бірі болып саналады. Күрделі кемістігі балаларды оқыту, тәрбиелеу теориялық және тәжірибелік сұрақтары қарастырылады.

Күрделі кемістігі бар балалардың санын көбеюіне байланысты оны бақылау үрдісі осы бағыттағы арнайы білім беру жүйесіне айтарлықтай түзетулер енгізілді. Реаблитациялық орталықтар жүйесі, атап айтқанда психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер, психологиялық-медициналық педагогикалық кенес беру мекемелер дамуында әр түрлі категориялы ауытқуы, күрделі ақаулары бар балаларға коррекциялық көмек беру мүмкіндігін қамтамасыздандырады. Яғни осы бағытта болашақ арнайы педагогтардың құзыреттілігін қалыптастырумыз қажет.

Ұсынылып отырған оқу бағдарламасы күрделі кемістігі балаларды оқыту, тәрбиелеу теориялық және тәжірибелік сұрақтары қарастырылады.

Пәннің мақсаты:

Студенттерде күрделі кемістігі бар балалардың даму ерекшеліктері және жүргізілетін коррекциялық жұмыстың негіздері туралы білімдерін тереңдете отырып, осы категориядағы балалармен педагог-дефектолог ретінде сапалы жұмыс жүргізуге даярлау.

Курстың міндеттері:

  1. Күрделі кемістіктері бар балалардың психикалық және дене даму ерекшеліктерімен таныстыру.

  2. Дүние жүзіндегі күрделі кемістіктері бар балалармен коррекциялық жұмыс тәжирибесі туралы білімдерін кеңейту.

  3. Күрделі кемістіктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізуді үйрету.

  4. Бір немесе одан да көп кемістігі бар балалармен тәрбие және коррекциялық-дамытушылық жұмысын ұйымдастыра білу қабілетін қалыптастыру.

Курсты Курсты меңгерген кезде игерілетін құзыреттіліктер:

1.А – Жалпы құзыреттіліктер

А3 Педагогикалық үрдісте инновациялық технологиялардың қолдану біліктілігі, ақпараттық-қатынысушылық технологиялар (АҚТ) саласындағы ақпараттың барлық түрімен жұмыс істей білуі; ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау және таңдау, сақтау және жөнелту.

В Тұлғааралық құзыреттілік

В3 – Субъектілік қарым-қатынас триадасында (бала-педагог-ата-ана) педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыра білуі.

Пәндік құзыреттіліктер:

D1- мүмкіндігі шектеулі балаларды психофизиологиялық дамуына, жынысына, нәсіліне, дініне, қарамастан кемістпеу туралы көзқарастың дамуы.

D8- баланың психологиялық, дене және сөйлеу тілінің дамуын пәнаралық (командалық) бағалауды жүзеге асыра білуі керек;

D9- баланың сөйлеу тілінің және психологиялық дене дамуының тексерістерінің құжаттарын жүргізу мен талдай білуі керек;

D10- түзете-дамытушылық іс-әрекеттің барысын нәтижелігін анықтау мақсатында динамикалық зерттеуді жүзеге асыруға қабілетті болу.

D12- мүмкіндігі шектеулі баланың жеке дамыту бағдарламасын жоспарлауға қабілетті болуы керек.