Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.инвистиция .rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481.84 Кб
Скачать

[Gl] 11-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын басқару[:]

Инвестициялық қаржылардың нысандары мен оларды басқару саясаты. Инвестор мен эмитенттер. Бөлшектік және борыштық бағалы қағаздар. Инвестициялық қаржы құралдарын анықтайтын факторлар. Қазіргі портфелді теорияның қалыптасуы. әсерлі және оптималды портфелдер. Портфелдің табысы мен тәуекелділігі. Портфелдің диверсификациясы. Тәуекелді активтердің ішінен портфелді таңдау. Инвестициялық құрылуы мен принциптері. Қаржы ресурстарының инвестициялану тәуекелділігі. Міндеттемелердің жіктемесі. Активті және пассивті принциптерді бақылау.

Портфел- бұл инвестициялық құралдардың жиынтығын бір мақсатқа жеткізу ге арналған.

Портфелге акциялар мен ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосу арқылы портфелді басқаруға болады. Портфелді басқару оның балансталған негіздемесінде құрылған. Осы концепцияларға сүйене отырып, басқарушылар портфелге түрлі қаржы инструменттерін қосады.

Инвестициялық портфелдің оптималды әсерінің түсінігі.

Инвестициялаудың негізгі мақсаты бұл оптималды және әсерлі портфелді құру. Бірақ мұндай портфелді құру қиынға соғады, сондықтан инвестор тәуекелділік пен табысты құрамдастырудың ең тиімді жолын іздеуі тиіс. Егер де инвесторда екі бірдей активтердің тәуекелі бірдей болып, бірақ табыстылығы әртүрлі болған жағдайларға, ол табыстылығы жоғары құралды та:дауы керек. Табыстылығы бірдей, бірақ тәуекелділік дәрежесі әртүрлі болған жағдайда, әрине инвестициялық тәуекелділіктің төмен құралын таңдайды.

Инвестицияның экономикалық тиімділікті корпоративті инвестициялық істің нәтижесі ретінде көрсетуге болады. Жалпы экономикалық тиімділік абсолютті мөлшерлемемен негізделеді, ал табыс шығындарға да айналуы мүмкін. Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады

Инвестициялық процесте инвестициялаудың көп нұсқаулары болып отырады. Сондықтан, инвестициялау процесінде тек болжанған табыстың дәрежесімен ғана жүзеге асырылуы керек.

Инвестициялық портфелдің құрылу принциптері

Портфелді саясатты анықтауда инвестордың қаржылық және жанұялық жағдайы ескеріледі. Онда келесі кезеңдер өте маңызды болып табылады:

- табыстың дәрежесі мен тұрақтылығы;

- жанұялық және жеке табыстылық міндеттері;

- меншікті капитал;

- инвестордың тәжірибесі мен жасы;

- инвестициялық тәуекелге деген қарым қатынас.

Инвесторлардың еңбек ақысы мен оның тұрақтылығы инвестициялық стратегияны таңдағанда әсер етеді. Инвестор тұрақты жұмысқа ие болғанда, ол неғұрлым тәуекелділігі жоғары жобаға талпынып, осы жағдайға салық төлеудің табысын да ескеру қажет. Инвестордың табысы неғұрлым жоғары болса, салыққа да соғұрлым пайыздық мөлшерлемесі өседі.

Инвестор өзіне тән қаржы қабілеттіліктерін анықтағаннан кейін, оның келесі сұрағы: «мен өзімнің инвестициялық портфелімнен не күтіп отыруым керек?»

Осы сұрақтың жауабы өте жеңіл болып көрінеді, өйткені бәріміз тәуекелділіктің төмен салымдарын таңдап, жылдан жылға өз қаржымыздың көбеюін күтеміз. Бірақ бәсекенің жоғары деңгейі осы нәтижелерге бөгет ьолып отырады.

Портфелді басқару үшін, ең алдымен оны жақсылап талдағаннан кейін, инвестицияға деген сұранысының нәтижелерін қамтуы тиіс. Портфелді құру үшін алдымен келесі шарттарға көңіл бөлінуі тиіс:

- ағымдағы табыс дәрежесі;

- капиталдың сақталуы;

- капиалдың өсуі;

- салық аспектілері;

- тәуекел.

Осы факторлардың әрбіреуі портфелдің типін анықталуында қажетті ролді атқарады. Алдыңғы екі фактордың ағымдағы табыс дәрежесі мен капиталдың сақталуы бұл портфелдің мақсаттары, олар инвестициялық стратегияның тәуекелділігінің төмендігін қамтамасыз етеді. Капиталдың өсуі үшінші факторда тәуекелділіктің ұлғаюы мен ағымдағы табыстан бас тартуы болады. Осындай инвесторға тәуекелділіктің ұлғаюы мен ағымдағы табыстан бас тартуы болады. Осындай инвесторға тәуекелділігі жоғары акциялардың, акциондардың, тауарлы қаржылық фьючерстері, алтынның және т.б. активтердің жоғарылауы сәйкес келеді.

[kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]