Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.инвистиция .rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481.84 Кб
Скачать

[Gl] 10-тақырып. Инвестициялық жобаларды басқару[:]

Кәсіпорынның нақты инвестицияларының ерекшеліктері. Жобаның қатысушылары. Инвестициялық жобаның өмірлік цикліндегі бақылау кезеңдері. Жобаның бастапқы фазасы. Жобалық әзірлеудің құжаттамасы. Инвестициялық жобалардың өткізуді басқару. Жобаны жоспарлау. Жобаны басқарудың ұйымдастырылуы. Жобаны реттеу мен бақылау. Жобаның сапалылығы.

Инвестициялық жобалардың түрлері мен мәні.

Кәсіпорындар үшін инвестициялық жобаларды қандай қаражат көздері арқылы қаржыландыру және оларды қалай жүзеге асыру мәселесі өте маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда кәсіпорындардың инвестициялық әлеуеті меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қалыптасады.

Егер Қазақстандағы кәсіпорындардың өздерінінің өндірістік деңгейін дамыту мақсатында инвестициялық жобаларын қаржыландыру құрылымына көз жүгіртер болсақ, онда тартылған қаражаттардың жыл санап басым үлес алып, өзінің маңыздылығын көрсетіп келе жатқандығын байқауға болады.

Кәсіпорындар инвестициялық объектілер бола отырып, түрлі бағыттарда дамуы мүмкін біреуі қандай да бір жаңа қнімді әзірлеуге бел буса, тағы да біреулері жаңа технологиялық жабдықтарды сатып алып, соның арқасында өндірістегі кемшіліктерді жоя отырып, үшіншілері өнімді өткізудің жаңа құрылымын және тұтынушыларды қолдау орталығын құрумен әлек болады. Кәсіпорындардың әр түрлі мақсаттарына қарамастан олардың барлығының міндеті инвестициялық жобаға сұраныс болып табылады.

Осылайша, инвестициялық жоба ол ең алдымен, бұл жоспарлы комплекстің өткізілуі, өзіне жобалауды, құрастыруды, технологияларды сатып алуды кадрларды даярлауды және т.б. қосады.

Инвестициялық жобалардың көлемі, міндеттелген бағытталуы және инвестициялық циклдің мазмұны және салынған салымдардың тиімді қолданылуымен ерекшелейді.

Инвестициялық жобаның көлемі келесі ішкі нарықтардың әсер етуімен анықталады: қаржы нарығы, материалдардың өнім нарығы, қызмет, еңбек, экологиялық және әлеуметтік жағдайлар.

Глобалды жобалар, олар экономикалық әлеуметтік және экологиялық өтімділікке әсер етеді. Үлкен көлемді жобалар, ол тек ел ішіндегі экономикалық және экологиялық жағдайларға әсер етеді, бірақ аса мәнді өзгерістерді көрсетпейді.

Локалды жобалар, осы жобалар экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларға мүлдем әсер етпейді.

Инвестициялық жобалардың қаржылық нысандары

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру бір жағынан инвестициялық динамиканы қамтамасыз етсе, басқа жағынан шығындардың тқмендеуі мен тәуекелділіктің құрылымын қамтамасыз етуі керек.

Жобаларды қаржыландыру негізінде бірнеше кезеңдерден тұрады.біріншісі инвесторларға жобаны алдын ала кқрсету, осы жобаның өмірлік анализі алдын ала жасалады. Екіншісі, өткізілген жобаға жоспарлы әзірлеме жасау, осында барлық көрсеткіштер мен тәуекелділіктер бағаланып, экономикалық, әлеуметтік мүмкіншілікті анализдердің дамуы, әрі қарай жобаларды қаржыландыру объектілері мен оны өткізудің жоспарлы шығындары қаралады.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде, ең алдымен оны өткізу мен әзірлеуге қаншама шығынның жұмсалуы анықталады. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру түрлі нысандары мен әдістері бойынша жүзеге асырылады. Ең таралғандары:

- акционерлік инвестициялар, ақша салымдарын акцияларды сатудан түскен пайдасы:

- бюджеттік инвестиция, тікелей субсидиялаудан инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылуы.

Инвестициялық қаржыландыру лизинг түрінде, оны ұзақ мерзімге жалға алу арқасында

Ұзақ мерзімді қаржыландырулар, олар банк арқылы жүзеге асырылады, ипотека жылжымалы мүліктерді кепілге салу шарты бойынша, оның негізгі мақсаты қаржылық несие және т.б.

Осы нысандардың әрбіреуі өзіне тән артықшылықтар мен кемшіліктерге толы.

Инвестициялық жобаларды тиімді, жүйелік көрсеткіштері

Көрсеткіштердің жинақталуы келесі мінездемелерге толы:

- жиынтық құны;

- өткізудің мерзімі;

- қатысушылар саны.

Осы мінездемелердің әрбіреуі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп көрсеткіштердің есебінен инвестициялауы бойынша шешім қабылданады.

Проекттің рентабелділігі. Рентабелділік көрсеткіші немесе инвестициялық жобаның табысты индексі инвестициялық шығындар уақытының инвестициялау мерзімділігіне, қоршаған ортаны қорғауға, кадрлардың қауіпсіздігі және т.б. бола алады. Нысандалмаған критеилерге: бәсекелес компанияларды нарықтан шығарылуы, саяси мотивтер жатады.

[kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]