Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.инвистиция .rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481.84 Кб
Скачать

[Gl] 9 – тақырып. Инвестициялық жобалар[:]

Инвестициялық жоба - бұл, салымдарды өсіру және олардан табыс табу мақсатымен, түрлі салаларға оларды салу жөніндегі, жоспарланған және іске асырылатын шаралар кешені, бағдарламасы.

Толығырақ айтқанда, жобада салымдарды іске асыру көлемі және уақыты бойынша технико-экономикалық негізделген есептер көрсетіледі. Сонымен қатар, оның экономикалық тиімділік көрсеткіштері де есептелу қажет.

Нарықтық экономикада жобаның келесі түрлері қалыптасады:

Жобалар ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді; орта мерзімді; ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Көлеміне қарай: шағын; орта; ірі болады.

Инвестициялық жобалар мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Жобалау класына қарай: мегажоба; мультижоба; моножоба деп бөлінеді.

Мегажоба- бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден тұратын мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады және басқарылады. Мысалы:

  • халық шаруашылығының құрылымдық реформа жасау;

  • нарыққа өту және нарық үлгілерін таңдау;

  • сондай- ақ экономиканың жекелеген секторлары мен түрлі өрістерін дамыту бағдарламалары.

Бағдармалар: халықаралық; салалық; салааралық; аймақтық болуы мүмкін.

Мультижоба- ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберінде жүзеге асырылатын жоба.

Моножоба- бұл нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі техникалық, ұйымдар, экологиялық, әлеуметтік жобалар.

Күрделілігіне қарай: жай; күрделі; өте күрделі.

Жобалар түрлері бойынша: инвестициялық; инновациялық; ғылыми- зерттеу;оқу- білімдік; аралас болып бөлінеді.

Тәуекелге байланысты: тәуекелді және тәуекелді емес болып бөлінеді.

Жобаның өмірлік циклі. Жобаның өмірлік цикл кезендерінің мазмұны.

Инвестициялық жобаны іске асыру кезеңдері келесі сатылардан тұрады:

- бастапқы (инвестициялаудың алдындағы фаза);

- инвестициялық фаза;

- эксплуатациялық фаза.

Бұл кезеңдер жобаның «өмірлік циклы» деп аталады. Жобаның әрбір сатысының өзіндік мақсаты және одан туындайтын міндеттері болады.

Инвестициялаудың алдындағы фазада келесі жұмыстарды жасайды: инвестициялаудың алдындағы зерттеулер жүргізу; жобалық және сметалық құжаттарды дайындау; жобаны жоспарлау және құрылыс дайындығын жүргізу.

1.Инвестициялаудың алдындағы фазада келесі үш сатысын белгілейді:

- инвестициялық мүмкіншіліктерін талдау, жобаларды таңдау және алдын – ала бағалау;

- жобаны жасау алдындағы зерттеулер жүргізу;

- жобаның техника- экономикалық дәлелдемелердің құрамдас бөліктеріне талдау жүргізу;

- қаржыландыру туралы шешімдер қабылдау;

-инвестициялық жобаны іске асыруына баға беру;

- жобаларды қабылдау жұмыстарын атқару және бақылау.

2.Инвестициялық фазада келесі үш сатысын белгілейді:

  • келісім-шарттарды жасау, керекті ресурстарды сатып алу, дайындау жұмыстары;

  • құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізу;

  • жобаның құрылыс жұмыстарын бітіру.

3.Эксплуатациялық фазада келесі үш сатысын белгілейді:

- жобаны қабылдау және іске қосу;

- оны эксплуатациялау;

- өндірісті дамыту, мысалы өнімнің алғашқы (пробный) партиясын шығару;

- өнімді өткізудің мүмкіншіліктерін қарастыру және т.б..

Нормативті құжаттар бойынша инвестициялық жобалар негізінен мына төмендегі төрт кезеңде жүзеге асырылады:

- Тұжырымдама (1-5%);

- Бизнес-жоспар, және оны әзірлеу (9-15%);

- Іске асыру (65-80%);

- Бітіруі (10-15%).

Әрбір жобалық талдаудың өзіндік әдістемелері бар.

Инвестициялық жобаларға әрбір қатысушының дайын құрамын анықтайтын негізгі көрсеткіштер:

  • жарғылық капиталдың көлемі және оның ахуалы;

  • салықтар;

  • айналым қаржысы;

  • негізгі активтер;

  • өндіріс шығындары;

  • таза табыс.

Кәсіпорын инвестициялық тәуекелділіктің мына түрлерін есепке алып, олармен санасып отыруы қажет:

  • экономикалық заңдардағы кемшіліліктер мен тұрақсыздық, заңдардын толықтай іске аспауы;

  • сыртқы экономикалық жағдай;

  • әлеуметтік өмірдегі өзгерістер;

  • жаңа техника мен озық технологияны пайдаланудың нақты көрсеткіштері;

  • нарық өзгерістер, баға валюта курсы;

  • өндіріске табиғи жағдайлардың әсері.

Инвестициялық жобаның бизнес – жоспары.

Жобаны жасау алдындағы зерттеулердің нәтижесі - ол жобаның бизнес-жоспары болып табылады.

Жобаның бизнес-жоспары дегеніміз – жоба туралы құрылымдық түріндегі жасалған құжат.

Жобаның бизнес-жоспары өте маңызды және қажет құжат. Болашақ инвесторларды тарту үшін, банктен несиені алу үшін, келекшекте салынған салымдар қайтарылады ма, келешек қиындықтарды білу және оларды жою жолдарын білу және де басқа да қажеттіліктерге керек болады.

Бизнес-жоспарды дайындау кезінде біріншіден оның табыстық бөлігін, одан кейін шығындық бөлігін құрастырады. Одан кейін қаржыландыру көздерін іздеп, солардан қаржыландыру жолдарын белгілейді. Соңғыда жобаның тиімділігін есептейді.

Бизнес-жоспардың құрылымы мынандай болу қажет:

  1. сыртқы беті;

  2. құпия туралы меморандумы;

  3. аннотация – жоба туралы қысқаша ақпарат;

  4. 1-ші бөлім – жобаның мәні мен тиімділігі, қаржыландыру көздері туралы мәлімет жазылады;

  5. 2-ші бөлім – кәсіпорынның қазіргі жағдайы, ұйымдастыру құрылымы, құрылтайшылар, персонал, негізгі әріптестер мен клиенттер, нарықтағы орны туралы мәліметтер болады;

  6. 3-ші бөлім – шығарылатын өнімнің пайдалану саласы, оның қажеттілігі, оның техникалық сипаттамасы; бәсекеге қабілеттілігі және мүмкін болатын бәсекелестер туралы мәлімет болады; (кейде 2-ші мен 3-ші бөлімдерді біріктіріп жасайды)

  7. 4-ші бөлім – өнімді өткізу саясаты және маркетинг, өнімге тұтынушылардың талаптары, баға саясаты мен нарыққа жылжыту стратегиясы;

  8. 5-ші бөлім – өндірістік бағдарлама (жоспар), өндірісті іске асыру мүмкіншіліктері, (яғни өндірістік алаңын және инфрақұрылымының болуы, керекті ресурстардың және кадрлардың болуы;

  9. 6-ші бөлім – ұйымдастырушылық жоспары, яғни жобаны басқаратын адамдар мен бас мамандар, мүмкін болатын әріптестер, құқықтық қамтамасыз етуі және басқа да жеңілдіктер;

  10. 7-ші бөлім - қаржы жоспары, яғни жобаның табыстық бөлігі және шығындық бөлігі туралы мәлімет. Осыған қосымша қаржы-экономикалық есептерді жүргізу үшін нормативтер, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциясы, несие бойынша төлемдерді қайтару схемасы беріледі;

  11. 8-ші бөлім – жобаның бағыты мен маңыздылығы ашылады, сонымен бірге жобаны іске асыру тиімділік көрсеткіштері есептелінеді (кейде 7-ші мен 8-ші бөлімдерді біріктіріп жасайды);

  12. 9-ші бөлім - жобаның барлық тәуекелдерін талдайды және форс-мажор жағдайлары қарастырылады;

  13. Қосымшалар – барлық қажетті құжаттар қосылады.

Жобалық талдаудың тұжырымдамасы. Жобалық талдаудың бағыттары.

Инвестициялық жобаларға саны, әсіресе сапасы жағынан тиісті талдаулар жүргізілуі қажет. Мұндағы басты мәселе инвестицияларға қосылған жоба құрылтайшыларының қаржылық ахуалын және қызметтерінің тиімділігін бағалау. Сондықтан, салымдардың тиімділігін бағалау мақсатымен, жобаның кіріс пен шығысты салыстыру негізінде жобалық талдаудың тұжырымдамасы пайдаланылады.

Сонымен, жобалық талдау – ол, жобаның табыстылығын талдау процесі. Басқаша айтқанда, бұл шығыс пен кірісті салыстыру және жобаның табыстылығын анықтау болып табылады.

Жобаның нақтылығы мен өмірлік қабілетін бағалау үшін мына түрде сараптау жұмыстары атқарылады:

- техникалық талдау – мұнда ең маңызды міндет – осы жобаға қажетті техника мен технологияны анықтау н/е таңдау;

- коммерциялық талдау – өнімді өткізу нарығына талдау жүргізіледі, яғни осы жобаны іске асырудан кейін өнім көлемі және оны өткізу жолдары анықталады. Өнімге қажетті шикізат нарығы және шикізат бағалары да зерттеледі ;

- институционалды талдау – жобаны іске асыру кезіндегі оның құқықтық, әкімшілік және саяси ортасы талданады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың талаптары да анықталады.

- әлеуметтік талдау – жергілікті тұрғындардың өміріне осы жобаны әсері зерттеледі;

- экологиялық талдау, яғни қоршаған ортаны талдау - жобаның қоршаған ортаға келтіретін зиянының эксперттік бағалау;

- қаржы талдау – ол бизнес-жоспарында көрсетіледі;

- экономикалық талдау – мұнда инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігіктің көрсеткіштері анықталады.

Енді әр талдау бойынша нақты тоқталып кетейік:

Техникалық талдау жүргізген кезде келесі мәселелер қарастырылады:

  • кәсіпорынның орналасу жері;

  • техника мен технология жағынан барлық мүмкіншіліктер;

  • жобаның көлемі мен мөлшері;

  • шикізат көздері мен жұмысшылардың жеткіліктілігі;

  • өнім нарығының сыйымдылығы;

  • ойда болмаған факторларды есепке алып жобаның щығындары;

  • жобаның графигі.

Коммерциялық талдаудың ең басты мақсаты – өнімнің нақты тұтынушыларын ескере отырып жобаны бағалау. Мұнда үш нақты міндеттерді шешу тиіс:

  • маркетинг;

  • ресурстарды алу шарттары мен көздері;

  • өнімді өткізу мен өндірістің шарттары.

Коммерциялық талдауды жүргізу нәтижесінде келесі мәселелерді шешу қажет:

  • өнім қай жерде сатылады;

  • өнім нарығының сыйымдылығы қандай, оған өнім бағасы қалай әсер етеді;

  • бағаға әсері бар болса, сонда ол әсері қандай;

  • жаңа бағалар еңгізілсе, жобаның өмірлік қабілеті қандай болады;

  • ұсынылған жоба өнім нарығының қанша пайыз үлесін құрайды;

  • өнім жергілікті тұтынуға арналған ба, н/е шетелге кетеді ма;

  • өнімді нарыққа жылжыту үшін қандай қаржылық операциялар қажет, және маркетингті қаржыландыру үшін қандай резервтер әлі пайдаланған жоқ;

  • жабдықтаудың қандай әдістері жабдықтаудың кешікпеуін қамтамасыз етеді;

  • керекті сатып алулардың спецификациясын кім әзірлейді.

Институционалды талдаудың мақсаты – құқықтық, саяси, әкімшілік жағдайды талдау. Сол себептен бұл талдауды жүргізгенде келесі мәселелерді шешу қажет:

  • мемлекеттің заңдарына сәйкес жоба қатысушылардың міндеттерін нақты анықтау;

  • техникалық база, біліктілік деңгейі жағынан қатысушылардың әлсіз және күшті жақтарын анықтау және бағалау;

  • заңдармен нормативті құжаттардың мүмкін болатын әсерін бағалау;

  • қатысушылардың әлсіз жақтарын жою жөнінде шараларды әзірлеу.

Әлеуметтік талдаудың мақсаты – жобаны тұтынушыларына оның жарамдылығын анықтау.

Сондықтан, әлеуметтік талдау жүргізу кезінде келесі мәселелерді шешу тиіс:

  • халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттамалар;

  • халықтың жан-үйя құрылымы, жұмыс күштің болуы;

  • жергілікті мәдениетке жобаның жарамдылығы.

Әлеуметтік талдау жүргізуде келесі нәтижелерге жету тиіс:

  • ауданда жұмыс орындар санының өзгеруі;

  • жұмыскерлердің тұрғын жағдайларын жақсарту;

  • жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту;

  • өндірістік персоналдың құрылымы өзгереді;

  • керекті тауарлармен халықты қамсыздандыру;

  • халықтың бос уақытын ұтымды пайдалану және денсаулығын жақсарту.

Экологиялық талдаудың негізгі мақсаты – қоршаған ортаға келтіретін зиянын анықтау және оның көлемін есептеу. Сонымен қатар, сол зиянды келтірмеуге бағытталған шараларды анықтау мен бекіту. Сондықтан жобаға міндетті түрде экологиялық стандарттарды кіргізу қажет. Жобаға кеткен шығындарының 3 % сол шараларға бөлінуі тиіс.

[kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]