Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.инвистиция .rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481.84 Кб
Скачать

[Gl] 5-тақырып. Инвестициялық нарық: мәні және жұмыс істеу механизмі[:]

«Инвестициялық нарық» ұғымының мәні. Инвестициялық нарықтың негізгі қызметі.

Негізгі белгілері бойынша инвестициялық нарықтың түрлері. Жеке түрлерге бөлгендегі инвестициялық нарықтың құрамы.

Инвестициялық нарықтың қатысушылары және олардың қызметі. Инвестициялық нарықтың негізгі қаржылық құралдарының сипаттамасы.

Инвестициялық нарықтың жұмыс істеу механизмінің қалыптасуының негізгі принциптері.

«Нарық тиімділігі» ұғымының мәні.

Нарық конъюнктурасының түсінігі және оны зерттеудің принциптері.

Инвестициялық нарық конъюнктурасын талдау әдістері. Доу теориясы. Элиоттың жігер теориясы. Жылжымалы орташа теориясы.

Инвестициялық нарықтың маңызы және атқаратын қызметтері.

Инвестициялық нарық – бұл қаржылық құралдардың жабдықтаушылары мен тұтынушыларынының арасында келісім жасауға мүмкіндік беретін механизм.

Инвестициялық нарықты келесі элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады:

- инвестициялық жобалар нарығы;

- құрылыс материалды – техникалық ресурстар нарығы;

- құрылыстағы еңбек ресурстар нарығы;

- қор нарығы ( бағалы қағаздар нарығы);

- қаржылық – несиелік инвестициялық ресурстардың нарығы.

Нарық келесі қызметтерді атқарады:

- реттеуші ( капитал айналымын реттейді);

- бақылаушы (өндірілген өнімнің қоғамдық маңыздылығын анықтайды және оны өндіруге кеткен еңбекті анықтайды);

- бөлуші (экономиканың баланстылығын қамтамасыз ететін қажетті қайта өндіру пропорциясын бекітеді);

- ынталандырушы ( инвестициялық шығындарды азайтуға, жаңа техниканы және технологияны қолдануға ынталандыру);

- ақпараттық ( шаруашылық сферадағы жағдай туралы ақпарат береді);

- тазартушылық ( қоғамдық өнімді экономикалық әлсіз, бәсекеге қабілетсіз шаруашылық бірліктерден тазарту).

Инвестициялық нарықтың негізгі қызметі – заңды және жеке тұлғалардың салымдарын инвестицияға айналдыру.

Инвестициялық нарықтың негізгі белгілері бойынша топшалау.

Кең көлемді қауымға жаңа бағалы қағаздарды алғаш рет ұсынатын нарық алғашқы (бастапқы, бірінші ретті) деп аталады.

Бірінші рет сатылған кейін қайтадан сатылатын нарықты екінші ретті нарық деп аталады.

Топашалаудың тағы да бір белгісі қаржылық активтердің айналым мерзіміне байланысты қор нарықтарын бөледі. Қысқамерзімді қарыз капитал нарығы немесе бір жылға дейінгі қаржы активтерін ескеретін ақша нарығы. Өзге де активтер ұзақмерзімді қарыз капиталында немесе капитал наығында айналатын. Осылайша, қазынашылық вексельдер мен қазынашылық облигациялар сәйкесінше қор нарығының қысқамерзімді және ұзақмерзімді нарықтарында айналады.

Инвестициялық нарықтың қатысушылары және олардың қызметтері

Инвестициялық нарықтың негізгі қатысушылары – мемлекет, компаниялар және жеке тұлғалар, сонымен қатар осы қатысушылардыі әрқайсысы инвестициялық үрдістің сұраныс жағында және ұсыныс жағында бола алады.

Инвестициялық нарықтың қаржылық құралдарының негізгі сипаттамалары және түрлері

Жеке (дара) инвесторға әртүрлі қаржылық құралдар қол жетерлік болады. Олардың бірі – бағалы қағаздар болады, екіншісі – болмайды. Бағалы қағаздардың түрлері өте көп, және оның әрқайсысының қызмет ету мерзімі, бағасы, табыстылық және тәукелділік деңгейі, өзінің салық салу шарты болады. Осыған мүлік салымы да жатады. Бұл сұрақта қаржылық құралдарыдың негізгі типтері ең жалпы түрде және ең қысқа сипаттаумен қарастырылған: қысқамерзімді құралдар, жай акциялар, бағалы қағаздар нақты табыстылығымен, спекулятивті қаржылық құралдар және басқа кең таралған түрлер.

Қысқамерзімді құралдар – бұл бір жылғы немесе бір жылға дейінгі жинақтаушы құралдыр.

Жай акция – бұл бір бөлігіне иеленушілік құқықты беретін акционерлік капиталға салым құралы.

Облигация – бұл корпорацияның және үкіметтің борыштық құжаты.

Жай акциялар сияқты, артықшылықты акциялар корпорацияның капитал бөлігіне иелегуге құқықы береді.

Айналатын бағалы қағаздар – бұл нақты табыстылығы белгіленген бағалы қағаздардың ерекше түрі, ол бойынша инвестор сол эмитенттің белгілі бір жай акциялар санына ауыстыруға рұқсат алады.

Спекулятивті инвестициялық құралдар жалпы жоғарғы тәуекелділікпен сипатталады.

Инвесторға сатып алу құқығын немесе керісінше, басқа бағалы қағазды бекітілген мерзім шегінде анықталған курс бойынша сату құқығын беретін бағалы қағазды опцион дейміз.

Сонымен , спекулятивті қаржылық құралдардың тағы бір тобы – бұл тауарлық және қаржылық фьючерстер және нақты активтер.

Инвестор сонымен қатар басқа да қаржылық құралдармен қолданады. Оларға екі жақты қордың акциялары, мүлік, салық жеңілдіктерін беретін бағалы қағаздар, жауапкершілігі шектелген компаниялардың капиталына салымдар.

«Нарық тиімділігі» түсінігінің маңызы

Тиімді (оңтайлы) нарық (efficient market) келесі түрде анықталуы мүмкін: абсолютті тиімді нарық – бұл бағалы қағаздың бағасы әрдайым оның инвестициялық құнына тең болатын нарық.

Басқаша айтқанда, бұл нарықта бағалы қағаз әр уақытта өзінің әділетті құны бойынша сатылады. Осылайша, дұрыс емес баға бойынша сатылатын бағалы қағазды табу мүмкін емес.Тиімді нарықта ақпараттық баршылық неғұрлым толық және жаңа ақпарат лезде (тез, шапшаң) нарық бағаларында өз көрінісін табады.

Тиімді нарықта қайсыбір жаңа ақпарат шапшаң жіне толық курста айқындалады. Абсолютті тиімді нарықта курстың өзгеруі кездйсоқ емес.

Қаржы нарығының конъюнктурасын зерттеудің қағидалары

Экономикалық конъюнктура интегралды көрсеткіш ретінде нарық ортасынының жағдайын және күйін сипаттайды, факторлар санының маңыздылығына байланысты және тауар немесе қызметті сату және сатып алу құқығы бойынша араласу және коммуникация үрдісіне тартылған әрбір тұлғаның экономикалық жағдайына әсерін тигізеді.

Экономикалық конъюнктураның дәстүрлі әдісі жалпы түрде экономикалық индикаторларға негізделген.

Экономикалық индикаторлардың негізгі кемшілігіне келесілерді жатқызуға болады: «жалған дабылдардың» көп көлемде болуы; әртүрлі индикаторлардың динамикасында мағынасыздығы; экономикада жоспарланған және зерттелген өзгерістердің сандық бағаларының қиындығы.

Доу теориясы. Элиоттың толқындар теориясы. Орташа жылжымалы теориясы.

Доу теориясы – бұл техникалық анализдің концепциясы, нарық динамикасы ұзақмерзімді Доу Джонс орташа тренді өндіріс компаниялар курстары үшін, оны транспорттық компаниялардың орташа динамикасы белгілейді.

Доу теориясы келесіге негізделген, ең негізгі параметр – акциялар жиынтығының курс тренді. Бұл теория Чарлз Доу құрметіне Доу теориясы деп аталды, «Доу Джонс» теориясы «бұқалар» және «аюлар» нарықтарының аяқталу стадиясын белгілейтін дабылдарды іздеуге бағытталған . тағы да айтатыт нбір жайт, ол бұл теория түбегейлі бетбұрыс уақытын көрсетпейді. Ол жалпы түрде ұзақмерзімді тренд нарық динамикасына айқындалады, ол тек қана күнделікті өзгерістер мен екінші ретті үрдістерді көрсетеді. Нарық жағадайын анықтау үшін Доу Джонстың өндірісітік және транспорттық орташала қолданылады. Осыдан кейін, бастапқы тренд ( Доу ДЖонс өндірісітік базасының орташасы) нарық динамикасы қалыптасқан күйде өзгереді. Бұл кезең бекітуші болып табылады және ол концепцияның негізін құрайды: нарықтағы екінші ретті немесе екінші деңгейлі өзгерістер қайталанады немесе транспорттық орташада бекітіледі.

Доу Джонс теориясына сәйкес, екінші ретті толқулар ( шапшаң қысқамерзімді өзгерістер қисығы Доу Джонс өндірістік және транспорттық орташалар динамикада көрініс табады); алайда алғашқы трендтің қисығы өндірісітік орташаның қисығын көрсетеді.

Осылайша «бұқалар» нарығы бектітілу нүктесінде аяқталады – екі орташа төмендейді. Доу концепциясының ең осал жері өзгерістердің алдын алу қабілетсіздігі болып табылады.Осылайша, ол инвесторға бастапқы трендтің қаншаға созылатыны беймәлім.

Есептелген мәлімет t нүктесінен кейін бір уақыт кезеңіне болжам жасалады. Келесі анализ екі қисықты салыстыру арқылы жасалады: нақты шығу мәліметтер графигі, «аюлық» тренд бойынша – жоғары. Бағытталықтың өзгерісі шығу мәліметтер және жылжымалы орташа графиктің қиылысуынан болады.

[kgl]

[gl] 6-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру[:]

Кәсіпорындағы инвестициялық стратегияның мәні және оның дамуындағы ролі. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының принциптері мен кезеңдері. Инвестициялық стратегияның жоспарлы әдістері.

Инвестициялық стратегияның жоспары. Стратегиялық бағыттардың негіздемесі және инвестициялық қимылдың нысандары.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің жоспарлы мониторингі.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының мәні мен принциптері.

Қандай да бір мақсатқа жету үшін, инвестициялық процесс те басқаруды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты инвестициялық процесс инвестициялық процестің негізінде құрылады және әртүрлі қаржы экономикалық әдістерді қолдануды жоспарлайды.

Инвестициялық стратегияның институционалды аспекті өзі үшін келесі негізгі бөлімдерден құралады: инвестициялардың түрлері, инвестициялық портфель және тәуекел.

Экономикалық аспект бұл инвестициялық стратегиялардағы экономикалық бөлімдердің жиынтығы, оларға жататындар: инвестициялық стратегия жүйесінің экономикалық жүйесін бағалау, басқару, инвестициялық процесті қаржыландыру.

Инвестициялық стратегияның ақпаратты аналитикалық аспектісі ақпаратты жөндеу жүйесін (АЖЖ) құрайды, ол келесі элементтерден тұрады: ақпаратты сұрыптау мен жүйелілік жиынтығы, ақпаратты сақтау жүйесінен, іздеу жүйесінен, ақпараттық анализ жүйесінен тұрады. АЖЖ инвестициялық корпорация стратегиясы ішіндегі ақпаратты оперативті базисі болады, ол заңды негіздерге және фискалды орталарда болып жатқан өзгерістерге оперативті түрде көңіл бөлінеді, нарықтағы экономикалық перспективті болжауды институционалдық аспектегі шекті өзгерістерді жоспарлау және инвестициялық стратегияның негізгі экономикалық аспектісін түзетеді.

Осылайша, инвестициялық стратегия бұл жоғары интеграцияланған тұтас, түрлі аспектерден құралатын, корпорацияның негізгі мақсатына жеткізетін жүйе болып табылады.

[kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]