Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.инвистиция .rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481.84 Кб
Скачать

[Gl] 13-тақырып. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру[:]

Жобаны қаржыландыру жобаны жүзеге асыру процесінде қаржылық ресурстарды шоғырландыру және тиімді пайдалану процесін білдіреді.

Жобаны қаржыландыру кезінде келесі негізгі міндеттер орындалады:

  • жобаның әрбір қатысушысы үшін қажетті тиімділік деңгейінде жобаның қаржылық жүзеге асырылуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін инвестициялардың құрылымын құру және қаржыландыру көздерін анықтау;

  • инвестицияларды бөлу, ол қаржыландырудың жалпы көлемін төмендетуге және жобаға кеш қаражатарды салудың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қаржыландырудың келесі тәсілдерін көрсетуге болады:

  • ақша қаражаттарын салу, құрал-жабдықтарды, технологияларды жеткізуді білдіретін акционерлік қаржыландыру;

  • несиелер (соның ішінде жеңілдетілген) нысанында инвестициялық бағдарламалар және тікелей субсидиялау есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік көздерден қаржыландыру;

  • банктердің несиелері, заңды және жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері есебінен өндірілетін қарыздық қаржыландыру;

  • құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүлікті пайдалануға берумен байланысты ұзақ мерзімді жалға беруді білдіретін лизингтік қаржыландыру;

  • жобаны жүзеге асыруға қаржылық қаражаттарды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, консалтингтік қызметтерді көрсетуде қорытындыланатын жобаны жүзеге асыруда мүдделі болашақтағы пайдалануышылардың аванстық төлемдері есебінен қаржыландыру. Осы кезде жобаға қаражат салған тұтынушыларға бірқатар жеңілдіктер беріледі, бірақ олар жобаның иелері болып табылмайды.

Жалпы жағдайда жобаны қаржыландыру көздері келесілер болуы мүмкін:

1. Инвестицияларды қаржыландырудың меншікті көздері. Меншікті қаржыландыру көздерінің ішінде маңызды рөлді салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда атқарады. Пайданы өндірістік дамуға, тұрғын үйлерді, бала-бақшаларды және өндірістік емес мақсаттағы басқа объектілерді салуға, егер ол акционерлік қоғам болса, дивидендтерді төлеуге, қайырымдылық мақсаттарға және т.б. бағыттауға болады.

2. Инвестицияларды қаржыландырудың сыртқы көздері. Қаржыландырудың сыртқы көздерінің ішінен маңызды рөлді банктердің несиелері атқарады. Басқа көздерге компаниялардың облигациялар эмиссиясы, мемлекет бюджетінен және инвестициялық қолдау бюджеттен тыс қорлардан берілетін несиелер (отандық инвестициялық, венчурлық, зейнетақы, сақтандыру қорлары мен компаниялары, даму және экспорттық несиелеу агенттіктері және т.б.), сонымен қатар жабдықтаушылардың сатып алушылардың және мердігерлердің несиелері жатады.

[kgl]

[Gl] 14-тақырып. Халықаралық инвестициялар мәні[:]

Халықаралық инвестициялардың артықшылықтары мен ерекшеліктері. Халықаралық инвестицияның тәуекелділіктері. Халықаралық инвестициялық принциптері. Тікелей шетел инвестициялары және трансұлттық компаниялардың саясаты. Шетел инвестицияларын реттеудің халықаралық тәжірибесін меңгеру. Мемлекеттік инвестициялардың бағдарламаларын ұлттық экономика салаларындағы сыртқы қаржы ресурстарына бағытталуы.

Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:

  • шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады;

  • елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация;

  • жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;

  • пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.

Әртүрлі елдерде жұмыс істейтін фирмалар, корпоративті деңгейдегі халықаралық әртараптандыруды қамтамсыз етеді. Осындай трансұлттық компаниялардың инвестициялық акциялары шетелдің ұлттық компанияларының инвестициялық акцияларына жақсы ауыстыруға болады.

Бірнеше зерттеулер көрсеткендей, бұл әрқашан олай болмайды. Зерттеулердің біреуіндегідей табысты портфелдің трансұлттық компаниялардың акциялары, тоғыз елдің әрбірінде тоғыз штаб пәтерді иемденіп, 1996 жылдың сәуірінен 1974 жылдың маусымы аралығында есептелген. Кейін әр портфелдің табысы елдегі нарықтың индексіндегі табысымен салыстырылып, компанияның штаб пәтерінің қайда орналасқандығын 1 кестедегі ортаңғы бөлігіндегі портфелдің дисперсиясы көрсетіліп, отандық нарықтағы өзгерістермен байланысты болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, әрбір портфелдің табысы әр тоғыз елдегі нарықтық индекстің табысымен салыстырылады.

Халықаралық тәжірибені реттеудегі шетел инвестицияларының ролі

Экономикалық нарықтық экономикасы дамыған елдердегі ұлттық режимді принциптері шетел инвесторларға негізгі қатынаста әсер етеді? Ол халықаралық сауда палатасының « халықаралық инвестицияларға басшылық принципі» құжатында тіркелген.

Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:

  • шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады;

  • елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация;

  • жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;

  • пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.

Батыстағы шетел инвесторларының іс қимылы негізгі ұлттық заңында, барлық жергілікті және шетел кәсіпкерлерінде де реттеледі. Шаруашылық аспекттердің ісінде ұлттық заңнамада шетел компаниялары мен ұлттық компаниялар арасында шек қоймайды. Сондықтан, батыс елдерінің көбінде шетел инвесторларына әдейі заңнамалар мен кодекстер жоқ, тек кей әкімшілік нұсқаулар ғана бар.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік кепілдемелерінің құқығын үш дәрежеде көрсетеді:

- осы елдің конституциясы негізінде;

- екі елдің халықаралық келісімге келуі;

- инвестициялық бәсекелестікті реттеу.

Барлық елдерде салалар бар, оларда шетел капитал салымдары шектелген немесе мүлдем оған рұқсат етілмейді. Әр елдерде осы салалардың шеңбері бірдей емес, бірақ көбінесе олар өндірушілер, әсіресе, банктік, сақтандыру істерімен және транстпортпен айналысатындар. Осы кейбір салалар шетел компанияларынан мүлдем жабық. Кейбіреулеріне рұқсатты тек алдын алу қажет болады.

Көптеген дамыған елдерде ұлттық компаниялардың қатысуымен өзінің бағалы қағаздарын нарыққа шығаруға еш қарсылықсыз шығаруға бөгет етпейді, олар жергілікті компаниялар сияқты несиені де ала алады. Бірақ кей елдерде осындай шектеулер бар. Осыған орай соңғы үш онжылдықта евро валюталық активті нарықтың ең басты шетел инвестициясының қаржылық арнасы болып табылады.

[kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]