Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_siptik_pedpgogika_21-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.22 Кб
Скачать

28.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.

Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануға әсер етеді.  Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс.

 Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: •    білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау; •    оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру; •    оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру; •    оқыту принциптерін қолдану; •    оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.

 Білімділік мақсаттың құрамдық элементтері, олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын толық және анық нақтылау. Сабақтың жалпы құрылымында орнын анықтау.

- оқушылардың дайындығын ескерумен қатар, сабақ мазмұнының оқу бағдарламасы мен сабақ мақсатының талаптарына сәйкестігін анықтау.

- Оқушылардың ғылыми білімді меңгеруі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасуын сабақта және оның жеке кезеңдерінде бақылау.

- Тиімді методтар, әдістер мен оқу құралдарын таңдау, сабақтың әрбір кезеңінде сенімді әсер ету, оларды қызықтыру және бақылау.Танымдық белсенділікті қамтамасыз ететін таңдау.

- Дидактикалық принциптерді жүзеге асыру

- Оқушылардың ойдағыдай оқуына жағдай жасау т.б.

30. Кәсіптік оқыту мұғаламінің сабаққа дайындығы.Сабақты жоспарлау.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық. Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.

Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:

  1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.

  2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.

  3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.

4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.

5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.

6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.

7. Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.

8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.

9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.

10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).

11. Өзіңнен сұра:

– Сен сабаққа дайынсың ба?

Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі    Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу

• Сынып деңгейі.Оқушылардың пәнге қызығушылығы.Сыныптың жұмыс қарқыны. Білім, білік, дағдының қалыптасуы, әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынас, оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы, оқушылардың жалпы тәртібі

2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу:

жүйке жүйесінің типі, тіл табысушылығы,  көңіл- күйінің өзгеруі, эмоционалдығы,  оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы, көңіл- күйдің төмендеуін жеңе білуі; өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі,.   

3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.

1) Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

2) Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі:ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;

 

Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты,сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:

  • тақырып

  • сабақтың міндеттері

  • сабақ кезендері

  • оқушыларға арналған тапсырмалар

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің  оны дайындау кезеңдері

1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;

6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;

9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;

11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;

15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;

Әр түрлі үлгіде көрсетілген сабақ талаптары

 Аралас сабақ

   Үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық және тәжірибеде оларды қолдану, жаңа сабақты бірінші бекіту, жаңа материалды баяндау,үй тапсырмасының орындалуы және ертерек оқылған материалдармен білімдерін тексеру,ұйымдастыру бөлімі: өзіне келесі элементтерді қосу, күрделі құрылымдағы сабақтар осы үлгіде болады.

 Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау,үй тапсырмаларының орындалуын;оқушылардың дағдыларын және іскерлігін; өткен материалдармен білім деңгейін сұрау жолымен бағалау және әшкереленген білім нәтижесін тексеру. Тексеруде және білім бағасына қабылданады:

•  Жеке ауызша жауап алу;

•карточкамен жауап алу;

• жазбаша жауап алу;

• тақтада жауап алу;

•  басқа да жауап алу жолдары және тапсырма шешімі

•Алынған білімді жинақтау және қайталау сабақ.

 •Пәнді бөлу немесе  осындай сабақ түрі тақырыпты оқығаннан кейін өткізіледі.

•Оның белгілері болып табылады:

- тапсырманың берілуі және проблема құрылымы;

- жұмыс қортындысының бағасы және жауап қортындысы ;

- қортынды өткізу;қатені түзету;

- үй тапсырмасының нұсқаулық бойынша орындалуы

Сабақта білім,  дағды,  шеберлік  қолдану

Сабақтың осы түріне кіргізіледі:

- Ұйымдастыру бөлім;

- білім мақсатын түсіндіру және анықтау;

- алдыда оқылған материалдармен байланысты айқындау; - орындалған жұмыс бойынша нұсқаулық;

- оқушылардың өздік жұмысы;

- оның қортынды бағасы;

- үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық.

Оқушының өздік жұмысы- сабақты оқытуда негізгі әдіс. Сабақта білімділік,іскерлік және дағды пайдалану пән бөлімі немесе тақырыпты оқып білудің аяқталуында қолданылады. Бұл өткен білім бойынша тәжірибелік  дағды және теориялық материал  біліміне  ереже сияқты тексеру өткізілмейді.

Дағды және шеберлік өндіру, білімді бекіту сабағы

- үйымдастыру бөлім;

- сабақ мақсатына түсінік және анықтама;

- оқушы білімін жаңғырту;

- алдыңғы жұмыстың мазмұнымен байланысты;

- оның орындалуы туралы нұсқаулық және тапсырма мазмұнын хабарлау;

- оқушыға оқытушылардың жетекшілігімен өздік жұмыс;

- орындалған жұмысқа баға және жинақтау;

- үй тапсырмасының орындалуы бойынша нұсқаулық.

Еңбек, оқушылардың өздік жұмысы осындай сабақта оқытудың негізгі әдісі болып табылады. Оқушы тапсырма шешеді,есептеулерді орындайды, басқа материалдармен және кітаппен өзі жұмыс істейді.

Ұйымдастыру бөлiмi

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты меңгеру алдындағы бiлiм мен бiлiгiн тексеру

Оқушылар алдында сабақ мақсатын қою

Жаңа ақпаратты қабылдау мен тұжырымдауды ұйымдастыру

Түсiнiктi алғаш тексеру

Ақпаратты қайта айту және оның қолданылатын жаттығулары арқылы iс-әрекеттің түрлерiн меңгертудi ұйымдастыру

Алдында алған бiлiм мен бiлiкке сәйкес бiлiмнiң шығармашылық түрде қолданылуы мен меңгерiлуiн проблемалық  тақырыптарды шешу арқылы ұйымдастыру

Сабақта алғанды меңгеру және оны алдында алған бiлiм жүйесiне қосу

Оқушы мен мұғалiмнiң оқу әрекетiнiң нәтижесiн бақылау.

Келесi сабаққа үй тапсырмасын беру

Сабақты қорытындылау

   

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]