- •21.Білім алушылардың оқу-өндірістік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары.
- •Өндірістік оқытудың сабақтан тыс формалары.
- •22. Өндірістік оқыту әдістері. Өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі.
- •Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі.
- •Жаттығулардың жіктелуі
- •23.Кәсіптік оқыту әдістері мен тәсілдері.
- •24.Кәсіптік оқыту жүйесінде оқыту әдістерінің проблемалық оқыту әдісі негізінде жіктелуі.
- •25.Кәсіптік мектептерде оқытудың ұйымдастырылу формалары.
- •26.Сабақтың логикалық-психологиялық, мотивациялық және әдістемелік құрылымы.
- •27.Дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтың түрлерге жіктелуі.
- •29.Сабақ және оның түрлері, сабақтың дидактикалық құрылымы.
- •28.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
- •30. Кәсіптік оқыту мұғаламінің сабаққа дайындығы.Сабақты жоспарлау.
- •31.Қашықтан білім берудің принциптері.
- •32.Модульдік оқыту технологиялары.
- •33.Рейтинг- тестік бақылау түрлері.
- •34. Дидактикалық тестілеу кәсіби білімнің сапасын объективті диагностикалау әдісі
- •35. Кәсіптік мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- •36.Кәсіптік мектептердегі тәрбие принциптерінің жүйесі.
- •37.Кәсіптік мектептегі оқушылар ұжымы және олардың ерекшеліктері.
- •38. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жүйесі.
- •39.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
- •40. Кәсіптік мектеп оқытушысының арнайы және әдістемелік дайындығына қойылатын талаптар.
38. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жүйесі.
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқада қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуымен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс. Мамандық туралы жеткіліксіз білу – мамандық таңдауда кездей соқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат – орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызымен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Олар бір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігімен оныңдаму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастырумен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жасерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр – түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б. Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған т үрлерінің бірі – өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушыларымен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен біріккен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты – балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтармен мамандықтарды ұсыну.
Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады.
Теориялық талдау материалистiк iлiмдегi адам iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; практика таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi. Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейнжәнет.б.) еңбектерiнде практика адамзат iс-әрекетiнiң маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады. Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко ұсынған және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; педагогикалық практиканың болашақ кәсіптік оқыту педагогын даярлау жүйесiндегi орны; педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн талдадық. Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу құралдары.
Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтармен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары – оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігімен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауыбойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əр қилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі. Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарларыда əрқилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өзішіне:1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды; 3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын; 4) пəн курсы бойынша білімдермен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін; 5) пəнге орай оқу жабдықтарымен көрнекі құралдар тізімін; 6) қажетті əдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын, 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖООда)-қамтиды. Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады.
Қазіргі таңда оқыту тәсілдерінің бірнеще тәсілдері бар. Олар кесте №2 Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады. Оқу – жұмыс бағдарламалары түбір жоспарын негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖООдажетекшікафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады. Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстармен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстармен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті. Концентрлі əдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде жəне оқылады. Бұл əдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды. Тізбекті əдіспен түзілген оқу бағдарламаларында əр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді. Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтармен оқу құралдарында ашылады. Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі əрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттарымен мазмұнын айқындайды. . Бақылау сұрақтары?
