
- •21.Білім алушылардың оқу-өндірістік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары.
- •Өндірістік оқытудың сабақтан тыс формалары.
- •22. Өндірістік оқыту әдістері. Өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі.
- •Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі.
- •Жаттығулардың жіктелуі
- •23.Кәсіптік оқыту әдістері мен тәсілдері.
- •24.Кәсіптік оқыту жүйесінде оқыту әдістерінің проблемалық оқыту әдісі негізінде жіктелуі.
- •25.Кәсіптік мектептерде оқытудың ұйымдастырылу формалары.
- •26.Сабақтың логикалық-психологиялық, мотивациялық және әдістемелік құрылымы.
- •27.Дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтың түрлерге жіктелуі.
- •29.Сабақ және оның түрлері, сабақтың дидактикалық құрылымы.
- •28.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
- •30. Кәсіптік оқыту мұғаламінің сабаққа дайындығы.Сабақты жоспарлау.
- •31.Қашықтан білім берудің принциптері.
- •32.Модульдік оқыту технологиялары.
- •33.Рейтинг- тестік бақылау түрлері.
- •34. Дидактикалық тестілеу кәсіби білімнің сапасын объективті диагностикалау әдісі
- •35. Кәсіптік мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- •36.Кәсіптік мектептердегі тәрбие принциптерінің жүйесі.
- •37.Кәсіптік мектептегі оқушылар ұжымы және олардың ерекшеліктері.
- •38. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жүйесі.
- •39.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
- •40. Кәсіптік мектеп оқытушысының арнайы және әдістемелік дайындығына қойылатын талаптар.
36.Кәсіптік мектептердегі тәрбие принциптерінің жүйесі.
Кәсіптік мектептердегі тәрбиелеу принциптерінің ерекшеліктері
Еліміздегі әрбір еңбеккер өз кәсібінің иесі, ол өмір сүру, жанұя
берекесінің көзі болып, өзінің кәсіби біліктілігін, шеберлігін шыңдап, жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен меңгеріп, кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді ұйымдастыра білуі қажет. Әрбір тәжірибеші педагог өз тәрбиеленушілері мен біртұтас педагогикалық мақсатқа лайықтылық принципін жүзеге асыруға әрекеттенуі керек. Осы принциппен мазмұндас – жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу принципі бүгінгі таңда алдыңғы орынға шығып отыр. Өйткені, қазіргі қоғамда түрлі топтардың жіктеліп, әртүрлі партиялар мен саяси қозғалыстардың белсенділік танытып отырғаны белгілі.
Саясатқа араласу – әрбір азаматтың жеке ісі, мемлекет те кеңес дәуіріндегідей жеке жеткіншектердің саяси белсенділігіне тосқауыл болмауы керек. Бұл жерде адамдарды жікке бөліп, алауыздық туғызатын іріткі саясат емес, қайта оларды біріктіретін, ұлттық идеологияларға жататын, соған бағытталған кешенді тәрбие жүйесі қажет-ақ. Қоғамды ізгілендіру принципінде тәрбиелеу жеке тұлғаның қызығушылығы мен ұжым арасындағы бірліктің ұйытқысы, одан барып адамның жеке қызметінің дамуы мен ұжымның тәрбиелік қызметіне ұштастыру идеясы басты орынға шығады. Қазіргі таңда педагогтар ғылымды игеруді өз бетінше дамыту, үйрену принципіне аса назар аударуда. Оқыту процесі кезінде алған білімдері негізінде жеке тұлғаның өз бетінше қызмет етіп, шешім шығара білу еркіндігі, шығармашылыққа жол ашады, өз бастамаларын аяғына дейін қандай тосқауыл болса да, өз ұжымы арқылы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі туады. Бұл үшін ұлағатты ұстаздар, тәлімгерлер, жаңашыл педагогтар бастамасымен арнайы жүргізілген ұжымдық тәрбиелеу принципін негіз ұстаным ретінде мақсат етіп қою керек.
Қорыта келе, қазіргі кәсіби педагогикада тәрбие принципінің негізгі бағыттары етіп мыналарды ұсынуға болады:
1. Тәрбиенің кәсіби бағытта жүргізілуі. Тәрбиенің барлық түрі, жүргізілетін іс-шаралар мазмұны жеке тұлғаның бойында болашақ кәсіп иесінің біліктілігі мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
2. Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттерді жинақтау (адамдық, тәртіптілік, кеңпейілділік, жауапкершілік).
3. Тәрбиені өмірмен және еңбекке байланыстыра беру принципі – оқушыны өмірге бейімдеу, шығармашылық қызметке дайындау сияқты негізгі міндетті қамтиды.
4. Жеке тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу.
5. Оқушының жеке тұлғалық қасиетін бағалай отырып, оны талап ете білушілікке тәрбиелеу.
6 Оқушының бойындағы жағымды қасиеттеріне негіздеп тәрбиелеу (сенім арту, өз бетінше шешім шығару, жақсы қасиеттерін дәріптеу).
7 Жас ерекшеліктері мен жеке қасиеттерін есепке ала отырып тәрбиелеу.
8. Тәрбие жұмысының үйлесімді, тұрақты және жоспарлы түрде жүргізілуі.