Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
k_1241_siptik_pedpgogika_21-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.22 Кб
Скачать

21.Білім алушылардың оқу-өндірістік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары.

Аталған тақырыпты оқығанда өндірістік оқытудың формаларының анықтамасынан бастаған дұрыс. Өндірістік оқытудың формасы деп сабақ барысында оқыту шеберімен (оқытушымен) оқушылардың өзара қарым-қатынасын айтады, сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетінің ұйымдастыру жолы болып табылады, және оған өндірістік оқыту режимі мен өткізілетін жерін жатқызуға болады.

Сондықтан да оқыту формалары мынандай құбылыстарды қамтиды:

- сабақтың дидактикалық мақсатын;

- сабақтың өтетін жерін, оның режимін және оқушылардың құрамын;

- сабақтың құрылымын былайша айтқанда оның өту кезеңдерін;

- оқушылардың өзіндік жұмысы деңгейін.

Кәсіптік мектепте өндірістік оқытудың мынадай формалары бар екенін ескертіп өту қажет;

- шеберханасында өткізілетін сабақтар;

- оқу шаруашылығында немесе өндірісте өткізілетін сабақ;

- өндірістік практика (өндірістегі жұмыс орнында ұйымдастырылған);

- диплом алды практикасы.

Өндірістік оқытуды жалпы үш топқа бөлуге болады:

- белгілі бір операцияның немесе тәсілдің алғашқы дағдыларын үйрететін сабақ;

- сол алғашқы дағдыларды жетілдіруге арналған сабақ;

- кешенді жұмыстарды үйретуге арналған сабақ.

Өндірістік оқыту сабағын ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстарының ерекше орын алатынын ескере отырып оның мынадай түрлері: кіріспе, нұсқау, негізгі нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.

Осы айтылғандарды қорытындылап, оқушылар өз дәптерлеріне мына таблицаны толтырып алса, олардың осы тақырыпты жақсы меңгеретініне күмән жоқ.

Сабақтың құрылымы

Оқыту шеберінің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе нұсқау

Оқушылардың еңбек ететін іс-әрекетін бағдарлау

Өндірістік шебердің нұсқауын қабылдау арқылы іс-әрекетінің мазмұнын түсіну. Технологиялық іс-әрекетті өз бетінше жасауға дағдылану және орындау.

Негізгі бөлім (нұсқау)

Оқушылардың жұмысына басшылық жасау, олардың іс-әрекетінің дұрыстығын бақылау және дұрыстау

Өндірістік жұмысты өздігінше орындау. Өзіндік бақылауды ұйымдастыру

Қорытынды

Нұсқау

Сабақты қорытындылау

Сабақтың қорытындысын өздігінше талдау.

Енді өндірістік оқытудың сабақтан тыс формаларына тоқталып кетейік.

Өндірістік оқытудың сабақтан тыс формалары.

Өндірістік оқыту процесі негізінде оқу шеберханалары мен өнеркәсіптің оқу учаскелері, цехтарында жүргізіледі де, шебер барлық топтармен бір мезгілде жұмыс атқарады. Мұнда сабақтан тыс өндірістік оқытудың мына түрлері жүзеге асырылады:

  • Оқушыларды оқу бригадалары құрамында жасақтап оқыту;

  • Оқушыларды білікті жұмысшылар бригадасы құрамында жасақтап оқыту,

  • Білікті жұмысшыларға оқушыларды жекелеп, даралап бекіту,

  • Өндірістік экскурсия,

  • Үй тапсырмасын орындау.

Өндірістік оқытуды ұйымдастыру формалары.

Мұнда мәселенің басын ашып айтатын 2 нәрсе бар: өндірістік оқытудың оқу процесі екендігі және оқу-өндірістік қызметті атқаруда шебердің оқыту әдістері мен тәсілдері мен оқушылар ұжымына оқу-өндірістік қызметті ұйымдастыру тәсілдері екендігі.

Енді өндірістік оқытуды ұйымдастырудың мына негізгі формаларына тоқталайық:

Топтық –фронтальды - шебер бір мезгілде барлық оқушылармен жұмыс істейді, барлық топтарда сабақ мақсаты бірдей.

Бригадалық оқыту түрі - шебер не білікті жұмысшы бір мезгілде жекелеген оқушылар бригадасымен жұмыс істейді, әрбір бригада өз алдына ерекшелігі бар оқу-өндірістік мақсат қояды

Даралап оқыту - әрбір оқу оқушымен жеке жүргізіледі.

Қорыта келе, білікті жұмысшыларды дайындауда кәсіптік білім беру жүйесінде өндірістік оқытудың негізгі формасы – сабақ болып қала береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]