- •Мазмұны
- •І Мәліметтер базасына теориялық негіздеу
- •1.1 Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік
- •1.2Мәліметтер базасын жіктеу
- •1.3Мәліметтер базасы обьектілері.
- •Іі Мәліметтер базасын құру алгоритмі
- •2.1Мәліметтер базасын құру туралы жалпы түсінік
- •2.2 Кестелерді байланыстыру
- •2.3 Пішіндерді дайындау
- •2.4. Сұрауларды ұйымдастыру
- •2.5 Есеп беру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Іі Мәліметтер базасын құру алгоритмі
2.1Мәліметтер базасын құру туралы жалпы түсінік
Mіcrosoft Access-те деректер базасын құру және жұмыс жасаудың басты принциптерін оқып-үйрену, сол сияқты «Кітаптар әлемі» ақпараттық жүйесін құру. Сонымен қатар ақпараттық жүйені ұйымдастыру барысында MS Ассess ортасында мәліметтер базасын құру.
Жалпы мағлұматтар
Мәліметтер базасы дегеніміз-деректерді сақтау үшін арнайы жасалған жүйе.
Мәліметтер Базасын Басқару Жүйесі(МББЖ) - бұл жаңадан деректер базасының кұрылымын дайындауға, оны түзетуге арналған программалық құралдар кешені.
MS Access-те менің ақпараттық жүйемді ұйымдастыру кезінде келесідей объектілер құрылды:
Кесте - бұл кез келген деректер базасының негізгі объектісі. Менің ақпараттық жүйемде төрт кесте құрылды. Мысалы, кітаптар атауларын тіркеу үшін «Кітаптар атауы» кеттесін құрдым
Сұраныс - бұл қолданушыға кестенің кез келген жерінен керекті мәліметті керекті түрде шығару. Менің жүйемде кітаптар туралы жалпы мәлімет сұранысын, категория бойынша сұраныс және шыққан жылдары бойынша сұраныстары құрылған.
Пішін - бұл арнайы құралдарды пайдаланып деректерді енгізуге және шығаруға арналған объект. Менің жүйемде автор, баспа, категория және кітаптар туралы пішін құрылған
Отчет - берілген мәліметті басып шығаруға арналған объект. Менің жүйемде жалпы деректер қорындағы ақпарат бойынша есеп беру.
Беттер - деректер базасының арнайы жасалған объектісі. Ол Web-беттерінде орналастыру үшін HTML кодында жасалады және де бұл қолданушы мен серверге деректер базасы арасындағы байланыс.
Макрос және модуль - ДББЖ-гі қайталанып отыратын амалдарды автоматтандыру үшін және Vіsual Basіc тілінде программалау арқылы жаңа функцияларды енгізу категорияларының объектілері. Access-те деректер базасын құру үшін, қолданушы алдымен жұмыс жоспарын құрып алуы қажет. Сол жоспарда кесте қандай мәліметтерден құрылуы, қандай мәліметтерді автоматты түрде, кестенің қай жеріне орналастырылуы, кестелердің арасындағы байланыстарды қалай ұйымдастыру қажет екендігі анықталу қажет.
Мәліметтер базасын құру алдында, ең алғаш бос мәліметтер базасының файлын құру керек.
Mіcrosoft Access-ті іске қосқаннан кейін, деректер базасын құру туралы сұхбат терезе пайда болады. Ол терезеде, біз жаңадан деректер базасын құра аламыз немесе сақталған деректер базасын ашып, жұмыс істей аламыз.
«Кәсіпорын қоймасы» мәліметтер базасын құру алгоритімі
Сұхбат терезесінен Новая база данных түймесін басамыз.
Егер ондай бұйрық жоқ болса, Файл-Создать бұйрығын орындасақ, Access-те Создание терезесі пайда болады.
Общие-база данных бұйрығын таңдаймыз.
Файл новой базы данных терезесінде файылды орналастыратын Папка бұйрығын таңдау қажет.
Имя файла деген өріске жаңа деректер базасын Склад атымен енгіздім.
Деректер базасының кестелерін құру
Деректер базасының кестелерін құру 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кестенің құрылымы анықталады: өріс құрамы, олардың атаулары, әрбір өріске арналған мәліметтер түрлері, өріс көлемі, кілттер, кестелер индекстері мен тағы да басқа қасиеттері. Екінші кезең кестенің құрылымы мен олардағы мәліметтерді толтырумен еркшеленеді.
Кесте құрылымын дайындау
Access-те кестені құрудың бірнеше мүмкіндіктері бар:
Кесте режимі - берілген кестені Кесте режимінде құру;
Конструктор - кестелерді Конструктор көмегі арқылы құру;
Кестелер шебері - кестені Кестелер шебері арқылы орындау;
Кестелерді импорттау - басқа деректер базасынан мәліметтерді көшіру немесе импорттау арқылы орындау.
Кестелермен байланыс - сыртқы файлдың немесе кестенің басқа деректер базасымен қосылу әрекеттері.
Жоғарыдағы аталған кесте құрылымдарының ең тиімдісі ол Конструктор таблиц режимі. Бұл режим қолданушыға кесте параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Кестелер констукторын пайдаланып Склад атты кесте құрамыз.
Кітаптар әлемі атты деректер базасының терезесінен Таблицы-Создать объектісін таңдаймыз.
Новая таблица атты терезеде Конструктор жолын таңдап, Конструктор таблиц терезесінде өріс атауларын, олардың құрылымын төменгі кесте бойынша өзгертеміз.
Мәліметтерді енгізу
Мәліметтерді енгізу біріншіден кестені ашудан басталады.Ол үшін саймандар тақтасындағы Режим таблицы пернесін пайдалану немесе керекті кестені белгілеп алып, Открыть пернесін басу арқылы ашып аламыз. Ал енді біз өрістерге байланысты кесте мәліметтерін енгіземіз.
Бірінші реттегі кілтті орнату
Бірінші реттегі кілті анықтау үшін Тауар атауы деген өрісті таңдап, конструктор панелінде Кілттің суретін басу керек немесе Ключевое поле бұйрығын таңдаймыз. Ол Правка менюіде орналасқан.
Mіcrosoft Access-те кілттің 3 түрін анықтауға болады.. Олар: санағыш, жай кілт және құрылымды кілт.
Егер бірінші реттік кілт қолданушымен қойылмаған болса, онда Mіcrosoft Access міндетті түрде ол кілтті автоматты түрде қосуды сұрайды. Егер сұрақ қанағаттандырылған болса, Mіcrosoft Access санағыш типтес кілттік өрісті Код атымен енгізеді.
Жай кілттік өріс- бұл өріс тек арнаулы жазулары бар өрістермен анықталады. Кілттік өріс кестеге қайталанатын немесе бос мағыналы мәндерді енгізуге жол бермейді. Кілттік өріс Mіcrosoft Access-те іздестірудің ең тиімді түрде, тез ұйымдастыру мүмкіндігін береді. Өйткені осы кілтте әр бір жазуға арналған арнайы орын беріледі.
Егер арнайы жазулардың өрісте бар екендігін анықтау мүмкін болмаса, онда біз құрылымды кілтті пайдаланамыз. Ол міндетті түрде бірнеше өрістен құралуы керек. Бұндай кілттер көбінесе 2 кестені байланыстыру арқылы қолданған жағдайда жасалады.
Ал біздің қарастырып отырған жағдайымызда Кітапты алу/беру уақыты кестесін Конструктор режимінде Номер пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ түймесін басып, одан кейін саймандар тақтасында Ключевое поле пернесін басамыз.
Мәліметтерді сақтау
Mіcrosoft Access-те барлық өзгертулер автоматты түрде мынадай жағдайларда орындалады:
Келесі жазуға өту кезінде
Кесте режимін жабу немесе келесі пішінге ауысу
Жазуларды қосу және алып тастау әдістері
Мәліметтерді жаңа жазуға қосу:
Жаңадан енгізген жазудың бос өрісіне келеміз.
Мәліметтерді немесе жазуларды жою үшін:
Жойылатын жазуды ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып керекті жазуларға апарамыз.
Del пернесін басамыз
Сурет 1 – Конструктор режимінде кесте құру
